«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік» АҚ «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыруы

Кезінде үлескерлердің мәселесін шешу үшін дағдарысқа қарсы институт ретінде құрылған «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры бүгінгі күні «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша баспана мәселесін шешумен айналысуда, осы бағдарлама аясында адамдарға шын мәнінде баспана алу және тұрғын үй жағдайын жақсарту мүмкіндігі туды.

Аталған бағдарламаны іске асыру шеңберінде Жылжымайтын мүлік қоры құрылыс салушылармен Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз қалаларында және Алматы облысында – Алматы қаламаңы аймағында тұрғын үй құрылысы жобалары бойынша қаржыландыру шарттарын жасасты,  ғимараттардың жалпы ауданы 410 мың ш.м., оның ішінде Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлері – 315,57 мың ш.м.

Бүгінде осы жобалардан үш тұрғын үй объектісі пайдалануға берілді, ол Ақтөбе, Тараз қалалары мен Алматы облысындағы тұрғын үйлер, жалпы тұрғын ауданы 150 мың шаршы метрден астам, соның ішінде Жылжымайтын мүлік қорының тұрғынжайлары 118,87 мың шаршы метр. Соның ішінде 2150 пәтер пәтер бойынша сатып алу құқығымен жалдауға келісімшарт жасау үшін құжаттар жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы жылы Жылжымайтын мүлік қоры Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ақтау, Қызылорда, Өскемен және басқа қалаларда тұрғын үй құрылысының жаңа жобаларын іске асыруды бастауды жоспарлап отыр.  2016 жылдың аяғына дейін Жылжымайтын мүлік қорының бағыты бойынша қосымша 600 мың ш.метрден астам Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлері пайдалануға берілетін болады.

Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үйлерді жеке меншік компаниялармен бірлесіп салады. Бұл ретте, жеке компаниялардың ең аз үлесі 20 пайыз, демек, тұрғын үй құрылысына жеке меншік инвестициялар тартылады.

Құрылыс аяқталып, объект пайдалануға берілген соң, үй-жайлар жобадағы қатысу үлестеріне сәйкес бөлінеді. Жылжымайтын мүлік қоры объектілердің құрылысын салу барысына ұдайы мониторинг жүргізіп отырады.

Атап өтетін жайт, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында пәтерлерді жалдау мен сатып алуға интернет арқылы өтінімдер қабылдай бастаған алғашқы оператор «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ болды.

Бүгінде www.fnsk.kz сайтына 12 000-нан астам адам тіркелген, бұл электрондық өтінім беру тетігінің көпшіліктің көңілінен шыққанын растайды десек болады.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика