ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!

«Самұрық-Қазына» АҚ «Халық IPO» Бағдарламасының іске асырылуы барысында үздік дайындалған материалдарға республикалық конкурс жариялайды.

Конкурстың негізгі мақсаты - «Халық IPO» Бағдарламасының іске асырылу мақсаттары, міндеттері мен тетіктері туралы тұрғындардың хабардар болуын арттыру.

Конкурс:

- бұқара халыққа «Халық IPO» Бағдарламасы екінші кезеңінің барысы туралы хабардар етуге;

- тұрғындарды қазақстандың қор нарығына қатысу процесіне белсенді түрде тартуға;

- БАҚ материалдарының көмегімен тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасы БАҚ журналистері шақырылады. Жеңімпаздар үш жүлделі орын бойынша анықталады және бағалы сайлықтарға ие болады:

I орын – 1 жеңімпаз (заманауи ультра жұқа ноутбук);

II орын – 1 жеңімпаз (соңғы үлгідегі смартфон);

III орын – 2 жеңімпаз (соңғы үлгідегі мини-планшет).

Материалдар түрлі жанрларда қабылданады: ағымдағы жылдың 1 қазанынан 7 желтоқсанына дейінгі аралықта жарияланған және эфирге шығарылған талдау материалдары, сұхбаттар, мақалалар, телеарна және радио бағдарламалары, зерттеу және т.б., сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдары.

Көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған құжаттар мен жұмыстардың конкурсқа қатысуына рұқсат етілмейді. Мерзім конкурс қазылар алқасының материалды алуы фактісі бойынша анықталады.

Конкурс туралы ереже

Конкурсты өткізу мәселері бойынша кеңестер мен анықтамаларды «Кемел Медиа» ЖШС-нен алуға болады: +77172508324, +77017211117, электронды пошта мекенжайы info@kemelmedia.kz.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика