«KEGOC» АҚ-та корпоративтік басқару жоғары деңгейде екені расталды

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ (бұдан әрі – «KEGOC» немесе «Компания») KEGOC корпоративтік басқару деңгейіне жүргізілген тәуелсіз диагностиканың нәтижесі жайында хабарлайды.

2014 ж. жүргізілген диагностика қорытындысы бойынша, KEGOC корпоративтік басқару деңгейі 78,1%-ға жетті. Аталмыш баға «Құрылым», «Процестер», «Жариялылық» сынды үш компоненттің өзара ықпалдастығы есебінде беріліп отыр, олардың сапалық мәні ескерілді: «құрылым» – 68,3%, «процестер» – 77,4%, «жариялылық» – 86,0%.

«Самұрық-Қазына» АҚ Әдістемесіне сәйкес, KEGOC корпоративтік бақаруын диагностикалауды «Pricewaterhouse Coopers» ЖШС (бұдан әрі - «PwC») жүргізді. PwC мамандары Акционердің зор қолдауы, Директорлар кеңесінің жеткілікті деңгейде үйлестірілген және білікті құрамы, корпоративтік басқару жүйесін реттейтін негізгі құжаттардың болуы, Компания Акционері, Директорлар кеңесі, Басқармасы өкілеттіктерінің нақты жіктелуі сынды корпоративтік басқарудың мықты жақтарын бағалады.

KEGOC Басқарма төрағасының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Жаңабай Бексарының айтуынша, «Компания диагностикалау қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді, бұл «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде KEGOC акцияларын қор биржасына орналастыру тұрғысынан келгенде де өзекті болып отыр. Корпоративтік басқарудың мықты жүйесі Компания акционерлерінің мүдделерін қорғау үшін маңызды. KEGOC Акционер мен Директорлар кеңесі алға қойған стратегиялық тапсырмаларды жүзеге асыру үшін корпоративтік басқару жүйесін одан әрі қарай дамытатын болады». 

 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика