«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Сингапурде трансформация бағдарламасының алғашқы нәтижелері туралы әңгімелеп, малайзиялық Khazanah қорының басшысымен кездесу өткізді

Астана, 2016 жылғы 19 тамыз. «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Сингапурде өтіп жатқан «Stewardship Asia 2016» дөңгелек үстелде сөз сөйледі. Шара барысында сингапурлік Temasek холдингінің басқарма төрағасы Лим Бун Хэнг «Трипартизм (ұлттық үш жақты әлеуметтік диалог): іс жүзінде басқару» тақырыбында баяндама жасап, Stewardship Asia Centre бас директоры Онг Бун Хви, Корея Республикасының бұрынғы премьер-министрі Хан Сын Су, Форбс басылымын шығарушы Рич Карлгаард және т.б. сөз сөйледі. Сингапур Премьер-Министрінің орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік министрі Тео Чи Хин дөңгелек үстелге үйлестіруші болып, «Болашаққа бағытталған басқару» тақырыбында баяндама жасады.  

«Қор трансформациясы бағдарламасының жүзеге аса бастағанына екі жылға толмай жатып біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік, - деді Ө.Шөкеев. – ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендірілген жаңа Корпоративтік басқару кодексі бекітілді. Қордың қоржын компанияларда Директорлар кеңестерінің өкілеттігі бар стратегиялық холдинг ретіндегі бизнес-үлгісі енгізіліп жатыр. Біз өз активтерімізді қайта құрылымдадық, үкіметтік жекешелендіру бағдарламасына белсене қатысып, мемлекеттің экономикадағы қатысын төмендетуге күш салып отырмыз. Енді бірнеше жылдан кейін Қор жоғары сапада жұмыс жасай бастайтынына сенімдімін. Біз Қазақстан экономикасының одан әрі табысты дамуының мығым іргетасын қалап жатырмыз».

Сондай-ақ, Ө.Шөкеев Куала-Лумпурде Малайзия үкіметінің стратегиялық инвестициялық қоры болап табылатын Khazanah Nasional Berhad қорының басшысы Шри Дато Азман Бин Мохтармен кездесті. Кездесу кезінде тараптар азық-түлік, денсаулық, инновациялар мен технологиялар және тұрақты даму бағыттарында ынтымақтастық жасау мәселелерін талқылады. 

Анықтама: 
Stewardship Asia Centre – Temasek Holdings компаниясы қаржыландыратын озық тәжірибелер орталығы. Орталық дүние жүзіндегі мемлекеттік холдингтермен, корпорациялармен, инвесторлармен ынтымақтастық орнатып, тығыз байланыс жасайды, Азия елдерінің ұзақмерзімді дамуы үшін стратегия, корпоративтік басқару, тұрақты даму тәжірибесін зерделеп, озық бастамаларды бірігіп іске асырады.  

«Stewardship Asia RoundTable» – өңірдің ықпалды жетекшілерінің басын біріктіріп, корпоративтік басқару мен тұрақты даму бойынша Stewardship қағидаларын өз ұйымдарында насихаттап, жүзеге асыратын платформа. Бұл шараға арнайы шақыртумен ғана қатысуға болады.  

Temasek Holdings – Сингапур үкіметіне қарасты инвестициялық компания, коммерциялық қағидалар бойынша жұмыс істейді және тәуелсіз Директорлар кеңесі арқылы басқарылады. Белсенді акционер және инвестор, оның қоржынында қаржы қызметі, телекоммуникация, медиа мен технология, көлік пен өнеркәсіп, жанды табиғат туралы ғылым, жылжымайтын мүлік, энергетика мен түрлі қорлар жинақталған. 

Khazanah Nasional Berhad – Малайзия үкіметінің стратегиялық инвестициялық қоры. KNB малайзиялық компаниялардағы стратегиялық маңызы бар авиация, қаржы қызметі, энергетика мен телекоммуникация салааларындағы акцияларға иелік етеді. Сондай-ақ, ол жаңа секторларға инвестиция салып, Малайзия экономикасын трансформациялауға, соның ішінде азық-түлік, шығармашылық пен ақпарат құралдары, денсаулық, иноовациялар мен технологиялар, жанды табиғат ғылымы мен тұрақты даму салаларына жан-жақты қолдау көрсетеді

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика