«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы арасындағы IV Спартакиада Астанада өтті

9-11 қырқүйек күндері «Самұрық-Қазына» АҚ Спартакиадасы аясында ел экономикасының жетекші салаларының өкілдері төртінші рет елордада жыл сайынғы спорттық іс-шараға қатысу үшін жиналды. Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Бұл – тек спорт жарыстары ғана емес, ұйым ретіндегі ұжымдық рухымызды күшейтуге мүмкіндік тудыратын іс-шара, сонымен қатар әріптестерімізді тек жұмыста ғана емес, басқа қырынан танудың тамаша мүмкіндігі. Осындай кездесулер жақындастырып, достық қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Баршаларыңызды осы спорт мерекесімен құттықтап, жеңіске жетуді тілеймін!», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Биыл 19 команданы құраған жалпы саны шамамен 400 адам бес спорт түрі бойынша сынға түсті: шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, қол күресі және шахмат ойыны. Жанкүйерлер арасындағы «Ең үздік ұран» және «Ең үздік бейне» байқауларының қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ және «КОРЭМ» АҚ көшбасшы орындарда. «Қазпочта» АҚ қызметкерлері ұйымдастыру комитетінің пікірі бойынша ең белсенді жанкүйерлер деп атаңды.

Іс-шараға Рио Олимпиадасының жүлдегерлері – алтын медаль иегері суда жүзуші Дмитрий Баландин, күміс медаль иегері боксшы Василий Левит, күміс медаль олжалаған ауыр атлет Жазира Жаппарқұл, күміс медаль иегері балуан Гюзель Манюрова, сонымен қатар Олимпиада жүлдегерлері Юрий Мельниченко мен Серік Сәпиев келді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрамасы екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанды, екінші орынға «KEGOC» АҚ көтерілді, былтырғы жарыстың күміс жүлдегерлері «Самұрық-Энерго» АҚ биыл үшінші орында.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика