ҚАЗАҚСТАНДА «ТУҒАН ЕЛГЕ САЯХАТ» БАЛАЛАР ТУРИСТІК ПОЙЫЗЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Жоба «Samruk-Kazyna Trust» қоры және «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамымен ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналады.

Жоба ұраны – «Тәуелсіз Қазақстан балаларының армандарын орындаймыз!».

«Туған елге саяхат» – Қазақстанның барлық түкпірлерінен жиналған балалардың күзгі демалыс кезінде еліміз бойынша 9 күндік турға аттануын қамтитын туристік пойыз. 120 баладан тұратын топ Қазақстанның көрікті жерлері мен көруге тұратын орындарына барып қайтады.

Топ құрамына 12 мен 15 жас аралығындағы балалар кіреді. «Жұлдыз FM» радиосында пойызға 30 жолдама ойнатылады. Ол 30 қазан күні өз сапарын Астанадан бастап, Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Астана бағдары бойынша жүріп, саяхатын 7 қараша күні Астанада аяқтайды. Қалған 90 жолдама «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компанияларында Қазақстанның алыстағы өңірлеріндегі өндірістерде еңбек ететін өнеркәсіп қызметкерлерінің балаларына беріледі.

«Конкурстық іріктеуге қатысу үшін «Менің Қазақстаным – менің Отаным» тақырыбында шығарма жазып, онда сен үшін Отан нені білдіретінін көрсету қажет: сенің аулаң, сенің отбасың, сенің мектебің, әлде басқасы болуы мүмкін.

Шығармаларды Poezd25@list.ruмекенжайына жолдап, өз АЖТ, жасыңызды, тұрып жатқан қалаңызды және байланысу ақпаратын көрсету қажет. Үздік шығармалар «Жұлдыз FM» тікелей эфирінде оқылып, олардың авторлары жолдама иелері атанады».

Конкурс, оның мерзімі мен сапар жағдайлары туралы толық ақпарат www.sk-trust.kz сайтында.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика