«ҚазМұнайГаз Өнімдері»: талондар қолданыстан шығуы тиіс

Пластикалық карталар – бұл түрлі салалардағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеудің қазіргі заманғы және ыңғайлы тәсілі. Оның ішінде жанармай құю станцияларында бензин мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу де бар. Алайда, Қазақстанда қағаз талондары әлі де пайдаланылып келеді.

Бүгін біз төлем жүргізудің пластикалық, қолма-қол және «қағаз» нұсқасының артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырып көреміз. 

Талондық кемшіліктер 

Қағаз талондарының айқын кемшіліктері оны мақсатсыз пайдалану ықтималдығы, шығыстарға бақылаудың жоқтығы және бухгалтерлік есептілікті қиындатуы болып табылады. Яғни, компанияда отынның айтарлықтай қатаң есепке алынуы болмаса, жүргізушілердің «үнемделген» талондарын қайта сатуынан ешкім сақтандырылмаған. 

Бұдан басқа, қағаз талонын оңай жоғалтып алуға болады немесе оны ұрлап кетуі мүмкін. Осы талондарға «бекітілген» отынды жоғалтып алмау үшін компания өнім берушіге жазбаша жүгініп, талондарды блоктауды сұрайды. Бұл рәсім бірнеше күнге созылатынын айта кеткен жөн, сол мезетте теріс пиғылды адамдар барлық отынды өздеріне «құйып алуы» мүмкін, яғни талондардың иесі қосымша тәуекелдерге, оның ішінде қаржы тәуекелдеріне ұшырайды. Ал талондарды қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ғана жаңадан алуға болады. 

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу – бұл ашықтық 

Бұрын отын сатып алуға ақша бөлген көптеген ірі компаниялар отын картасын сатып алғанды жөн көреді. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бүкіл операциялардың ашықтығын барынша қамтамасыз етеді, өйткені бухгалтерияда карта бойынша барлық операциялар үнемі көрініп тұрады. Бұл ретте жүргізушілерде отын сапасын «үнемдеу» қызығушылығы енді туындамайды. 

Компания, керісінше, қаражат үнемдейді: ірі көлемдегі отын белгіленген баға бойынша бір рет сатып алынады, одан кейін ұзақ мерзім бойы жұмсалады, бұл ретте жанар-жағармай материалдары құнының өзгерістері «сатып алынған» көлемге әсер етпейді. 

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, электрондық төлем жүйесін пайдалану корпоративтік клиенттер үшін отынға шығындарды 30 %-ға төмендетуге мүмкіндік береді. 

Айтпақшы, бұл жеке тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер үшін өте ыңғайлы: олар үшін отын картасы өзіндік бір «виртуалды» отын қоймасына айналады. Онда алдын ала сатып алынған жанар-жағармай материалдарының көлемі туралы ақпарат сақталады және әрбір бензин құйып алу кезінде жұмсалған литрлер автоматты түрде есептен шығарылады.

Контактісіз инновациялар 

Шетелдерде NFC технологияларын пайдалана отырып, жанармай құю станцияларында отынға ақы төлеудің контактісіз жүйелерінің ауқымдылығы кеңеюде. NFC-антеннасы орнатылған арнайы SIM картасы бар телефонды жанармай құю бағанындағы есептеу қондырғысына жақындатсаңыз болғаны, жүйе резервке қойылған сома шеңберінде отынның қажетті көлемін автоматты түрде береді. Бұл шынымен де жылдам әрі ыңғайлы – әуесқой автомобильшілер кезек күтпейді, төлем автономды жүргізіледі және жүйе оны бірден есептейді. 

Трендтік болып табылады 

Қазақстан нарығының ең ірі қатысушыларының бірі «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісі отын карталары бойынша клиенттерге қызмет көрсетудің жүйесін бұрыннан бері табысты пайдаланып келеді. Карталарда мұнай өнімдерін сақтау ақша баламасында, сондай-ақ отындық әмияндарда жүзеге асырылады. Картаның ең басты артықшылығы – оны Қазақстан Республикасының барлық аумағында пайдалану мүмкіндігі. 

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясының мұнай өнімдерін өткізу департаментінің директоры Юлия Жернакованың айтуы бойынша, «ҚазМұнайГаз» отын картасының ерекшелігі қызмет көрсетудің қарапайымдылығы, қауіпсідігі мен жылдамдығы ғана емес, сондай-ақ отынға шығындарды азайту мүмкіндігі болып табылады. «Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясы карталық жүйенің және талондардан бірте-бірте бас тартудың артықшылықтарын түсіндіру бойынша мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізіп жатыр», - деп қосты Юлия Жернакова.






пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика