Өмірзақ Шөкеев Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі Го Чок Тонгпен кездесті

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Сингапурдың құрметті аға министрі, Парламент мүшесі, бұрынғы премьер-министрі Го Чок Тонпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қор басшысы трансформация, жекешелендіру бағдарламалары туралы, сондай-ақ адам ресурстарына инвестиция салу туралы ойларымен бөлісті.


«Трансформация – күрделі үдеріс, алайда біз корпоративтік орталықта бұл үдерісті сәтті жүзеге асырып жатырмыз, қызметкерлер құрамын жаңартып, топ-менеджерлердің жартысына жуығын ауыстырдық. Біз өзіміздің HR саясатымызда халықаралық тәжірибеге арқа сүйеп, қоржын компанияларда да бизнес-үрдістердің халықаралық стандарттарын енгізіп жатырмыз. Ауқымды жекешелендіру бағдарламасын бастадық, алайда ірі стратегиялық активтердегі үлесімізді сақтап, корпоративтік басқару мен директорлар кеңесі ролін арттыруды, қызметтің басты көрсеткіштері бойынша жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз.  Мұны қалай жүзеге асыруды біз жақсы білеміз»,- деді Ө.Шөкеев.

Сингапурлық қонақ Қордың трансформация және активтерді жекешелендіру бағдарламаларына қызығушылығын білдіріп, Сингапурде инвестиция мәселелері бойынша бизнес-форум ұйымдастыру идеясын ұсынды. Ол сингапурлық Temasek холдингіндегі трансформация, мемлекеттік активтер мен инвестицияларды тиімді пайдалану туралы ойларымен ортаға салды.

«Біз мемлекеттік компанияларды толықтай және ішінара IPO-ға шығарып, көгілдір фишкаларға, сондай-ақ дамушы нарықтардағы шетелдік жаңа жобаларға инвестиция салдық. Әрине, мұндай жағдайда тәуекелге де баруға тура келеді, сонымен қатар бұл зор мүмкіндіктерге жол ашады», - деді Го Чок Тонг.

Анықтама: Го Чок Тонг Сингапурдың мемлекеттік иерархиясында түрлі жауапты қызметтер атқарған, сауда және өнеркәсіп, қорғаныс, денсаулық сақтау министрліктерін басқарған. 1990-2011 жылдары елдің Премьер-Министрі, 2004 жылдан бастап аға министр және Орталық банк төрағасы болған. 2011 жылдан бері құрметті аға министр және Сингапур Орталық банкінің аға кеңесшісі. 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика