Еңбек қауіпсіздігінің кез келген бұзушылығы назардан тыс қалмайды

Атырау мұнай өңдеу зауытында «АМАН» жобасы (еңбекті қорғаудың біріктірілген жүйесі) шеңберінде дабыл картасы әзірленді. Бұл кәсіпорынның қызметкерлері үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша анықталған бұзушылықтар/сәйкессіздіктер туралы хабарлама берудің арнайы нысаны. Дабыл картасының негізгі мақсаты апаттарға, қақтығыстарға, жазатайым оқиларға және т.б. әкелуі мүмкін жағдайларды анықтау мен алдын алу болып табылады.


Осы карталар зауыт бөлімшелерінің қолжетімді жерлерінде (операторлық үй-жайлар, техникалық қауіпсіздік жөніндегі бұрыштамалар, ақпараттық стендтер) орналастырылады. Қандай да бір бұзушылық/сәйкессіздік табылған кезде қызметкер дабыл картасын толтырады, онда бұзушылықтың анықталған орны, сипаттамасы көрсетіледі және қажет болса, осы бұзушылықты жою жөнінде ұсыным беріледі. Толтырылған нысан «Дабыл карталары үшін» деген жазуы бар арнайы жабық боксқа салынады. Нысандарды техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бөлімдерінің инженерлері тұрақты түрде көріп отырады. 

Едәуір сапалы мазмұны бар карталарды ұсынған, өндірісте проблемалық орындарды анықтаған, техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жағдайын жақсартуға белгілі бір үлес қосқан зауыттың қызметкерлеріне орталық комитеттің шешімі бойынша қауіпсіздіктің жоғары көрсеткіштеріне сәйкес біржолғы сыйлықақы немесе бағалы сыйлық берілуі мүмкін. 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика