«ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ қызметкерлері «Lean 6 Sigma жасыл белдеулері курсы» бағдарламасы бойынша оқудың бірінші сессиясынан өтті

26-30 қыркүйек аралығында «ҚазМұнайГаз – ӨМ» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС мен  «CASPI BITUM» БК» ЖШС қызметкерлері Алматыда «Lean 6 Sigma жасыл белдеулері» атты оқудың бірінші сессиясынан өтті.

Қазіргі уақытта Lean 6 Sigma бағдарламасы өндірістің шығындарын болдырмау, шығыстарды оңтайландыру және өнім сапасын арттыру мақсатында «ҚазМұнайГаз – ӨМ» АҚ компаниялары тобының қызметіне енгізіліп жатқанын естеріңізге саламыз.

Lean 6 Sigma («Лин 6 сигм») – бұл фактілерге статистикалық бағалау жүргізуге, процестің деректеріне, дайын өнімнің сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүйелі іздестіру мен әзірлеуге, клиенттердің қанағаттандырылуын ұлғайту үшін оларды жүйелі енгізуге және кейіннен процестердің қатесіздігіне талдау жүргізуге  негізделген процестерді басқару тәсілі.

Оқу бағдарламасы компания қызметкерлерінің теориялық білім алуын ғана емес, сонымен қатар өндірісте процестің және/немесе өнімнің сапасын жақсарту бойынша нақты жобаларды ендіруді көздейді. Ол үшін қызметкер кәсіпорындағы проблемалық мәселелерді таңдайды, DMAIC қағидаты бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, оларды жоба демеушісімен (кәсіпорын басшысымен) бекітеді және өндірісте Lean 6 Sigma жобасын енгізеді. Қызметкер жобаны қорғаған соң ғана «Lean 6 Sigma жасыл белдеулері» біліктілігін алады.  

«Lean 6 Sigma жасыл белдеулері» оқуы аяқталғаннан кейін осы тұжырымдалардың көмегімен өндіріс саласындағы жобаларды әзірлеуге болады. Бұл қысқа мерзім ішінде шығыны аз өнім өндірісін ұйымдастыруға және сапаның жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Lean 6 Sigma компанияның экономикалық және қаржылық жағдайын нығайтуға жәрдемдесетін болады, бұл МӨЗ, ЖМҚС-тың өндірістік базасына қаражат инвестициялауға, еңбек жағдайларын жақсартуға және  «ҚазМұнайГаз – ӨМ» АҚ компаниялары тобы қызметкерлерінің уәждемесін арттыруға мүмкіндік туғызады. 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика