Қазақстан Дүниежүзілік пошта одағының Әкімшілік кеңесінің құрамына кірді

Дүниежүзілік пошта одағының 26 Конгресінде дауыс беру нәтижелері бойынша Қазақстан төрт жылға Әкімшілік кеңестің мүшесі болып тағайындалды. Бұл мүшелік қазақстандық мамандарға әлемдік пошта саласын өзгерту үшін инновациялық шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Саланың жұмыс істеуінің жаңа механизмдерін ұсыну және енгізу құқығы Дүниежүзілік пошта одағының құрамындағы 192 мемлекеттің ішінде тек 40 мемлекетте ғана бар.


ДПО Конгрессі көптеген әлем елдері арасындағы реттеуіштері, ұлттық пошта байланысы операторлары және іскерлік қоғамдастық өкілдері үшін пошта байланысын дамыту перспективалық мәселелері бойынша талқылауға және шешімдерді қабылдауға арналған басты алаңы болып табылады.

Біздің еліміздің атынан делегация құрамын «Қазпочта» АҚ топ-менеджменті және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері құрады.


«Біздің компания әкімшілік кеңестің құрамына енді, бұдан былай мамандарымыздың идеяларды жылжытудағы белсенділігінің арқасында, қысқа мерзім ішінде бізге компаниямыздың имиджін ғана емес, сонымен қатар ақшалай түсімдерімізге оң ықпал ететін процестерді өзгертуді болжаймыз.

Қазірдің өзінде де көптеген елдердің пошталық әкімшіліктері біздің инновациялық соның ішінде сәлемдемелер супермаркеті және т.б. секілді жобаларымызға қызығушылық танытып отыр. Конгрес аясында біз Түркияның пошталық әкімшілігімен меморандумға қол қойдық. Аталған меморандум қазақстандық кәсіпкерлері үшін Түркияның нарығына шығуына, түрік тұтынушыларына отандық тауарларды іске асыруға жаңа перспективалық мүмкіндіктер ашады.  Бұл «Қазпочта» АҚ-ның  postmarket.kz  және Түркияның пошталық онлайн-сервистері инфокоммуникациялық жүйелерін бірігуінің арқасында мүмкін болады»,- деп баяндайды «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

Сондай-ақ, меморандумға қол қою шеңберінде тараптар е-коммерцияны дамыту, тәжірибе мен ақпарат алмасу, қызмет көрсету сапасы, пошта-төлем қызметтері, филателия, жедел аударым жүйесі және т.б. жөнінде ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Қазақстан бүгінгі таңда 192 мемлекетті біріктіретін, Дүниежүзілік пошта одағының толық құқылы мүшесі болып табылады.

Конгресс барысында, қатысушылар пошта қызметтерінің  жұмыс сапасын жақсартуға, әлемдік пошта инфрақұрылымын дамытуға, қызметтердің ассортиментін кеңейтуге, соның ішінде, заманауи ақпараттық технологияларды ескере отырып пошталық әкімшіліктерімен ұсынылатын қаржылық қызметтерге бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.

*****

«Қазпочта»  АҚ – почталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық почта операторы. Дүниежүзілік почта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады. 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика