ҚҚС өтеу бойынша оң шешім қабылданды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ»БӨ», «Компания») «ҚазМұнайГаз»Ұлттық Компаниясы» АҚ («ҚМГ»ҰК»), Қазақстан Республикасының  Энергетика және Қаржы министрліктерінің   қолдауымен жүргізілген Компания жұмысының  нәтижесі бойынша, Компанияның қосымша құн салығын (ҚҚС) өтеуге жуырдағы өтінімі бойынша оң шешім қабылданғаны туралы хабарлайды. 

Компания ҚҚС өтеуге 57,4 млрд теңге мөлшерінде (174 млн. АҚШ доллары[1]) өтінім түсірді, оның ҚҚС өтеуге расталған сомасы 24,5 млрд. теңгені (74 млн.АҚШ доллары) құрады және оны Компания алды.  ҚҚС қайтару 2012-2015 жылдары жиналған арттырумен, оның ішінде 2012 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Ембімұнайгаз»АҚ құрылуымен байланысты.  ҚМГ БӨ қалған соманың өтелуі үшін мүдделі тараптармен жұмысты жалғастыруға ниетті.

Бұдан бұрын хабарланғандай,  2014 жылы салық органдары ҚҚС төленген соммаларды өтелуге жатпайды деп анықтаған болатын. 2015 жылдың 4 тоқсанында  Компания  түсімдер және шығындар есебінде 46,7 млрд.теңге сомасында  бағалау резервін  жасады.

2016 жылдың 1 қаңтарында іске қосылған заңнамалардағы өзгерістерді есепке ала отырып, сондай-ақ ҚМГ ҰК жан-жақты көмектесуімен, Компания ҚҚС-ты қайтару бойынша мәселені қарауға қайталап арыз түсіру және жоғарыда аталған нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігін иеленді. 

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ 2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 193 млн. тоннаны (1 409 млн баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.


[1]Суммы переведены в доллары США исключительно для удобства читателей по курсу 330 KZT/US$.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика