Мұнай-газ нарығына шолу: өндіру көлемінің қысқару мүмкіндігіне байланысты баға көтерілді

10 қазанда, Бүкіләлемдік энергетикалық конгрессте РФ Президенті ОПЕК-ке қатысушы елдердің мұнайды өндіруді қысқартуды қолдайтынын жеткізді. 10 қазанда Brent мұнайының бағасы 3%-ға өсіп, барреліне $53.73 болды. WTI сортына фьючерстер 3,33%-ға өсіп,  барреліне $ 51.47  болды. ОПЕК-ке қатысушы елдер 0,7%-ден 2,2%-ге дейін, яғни күніне 32.5-33.0 млн. баррельге қысқартты. ОПЕК-ке қатысушы елдердің мұнай өндірісі күніне рекордтық 33.6 млн. баррелді құрап отыр.

ОПЕК-тің кейбір елдері мен картельге жатпайтын мемлекеттер, атап айтқанда Ресей, Әзірбайжан, Мексика 12 қазандағы Дүниежүзілік энергетикалық форумның дөңгелек үстіелінде кездесуі мүмкін.  Кез келген келісім алты ай ішінде қолданыста болады. 14 қатысушыдан тұратын картель әр елге қатысты нақты лимиттер жоқ екенін мәлімдеп отыр. Нақты шешім Венада, 30 қарашада өтетін ұйымның ресми кездесуінде қабылданатын болды.

Сонымен қоса, Ливиядағы, Нигерия мен Ирактағы үлкен өндіріс көлемі 2017 жылғы мұнай нарығын тұрақтандыратын келісімге қол қою мүмкіндігін азайтады.  Иран, өз кен орындарындағы шетелдік инвесторлардан пайда болмайынша,  күніне 4 млн. баррель өндіргісі келеді. Сауд Арабиясының өнім көлемі  күніне 10.2 млн. баррельден  10.7 млн. баррельге өсіп отыр.  ОПЕК-тегілер, Тегеран күніне 3.6-3.7 млн. баррельге дейін шектейтін болса,  Сауд Арабиясы 10.7 млн. баррельге шектейтінін айтып отыр. Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак та, өзге елдер осы келісімге қосылатын болса, Ресей ірі мұнай өндіруші ел ретінде мұнай өндіруді шектейтінін айтып отыр. Ресейдің қыркүйектегі мұнай өндіру көлемі күніне 11.2 млн. баррель болды.

ОПЕК-ке қатысушы-мемлекеттердің Brent мұнай сортына өндірісінің көлемі, барреліне $ (2015 – қыркүйек 2016)








Қайнаркөз: «Блумберг», «Самұрық-Қазына»

АҚШ өндірісті ұлғайтуы мүмкін

Нарық қатысушылары АҚШ-тағы бұрғылау жұмысына қарап отыр, 7 қазанда «Бейкер-Хьюз» қызмет көрсету компаниясы АҚШ-тағы бұрғылау қондырғылары 3 есеге өсіп, 428  болғанын және соңғы 15 аптада 14 есеге өскенін хабарлады. Кейбір сарапшылар қазіргі баға өсімінің кері әсері болатынын, АҚШ-тағы тақтатас кен орындарының әлемдік нарықтағы сұранысының артуы да баға нарығына кері әсерін тигізетінін айтады. АҚШ-тағы тақтатас мұнайын өндірушілер мұнай бағасы барреліне $ 50- $ 60 болуына мүдделі болуы тиіс.

Әлемдегі бұрғылау қондырғылары 2,39% есеге өсіп, тамыздағымен салыстырғанда 1584 болса, оның басым көпшілігі Канада мен АҚШ-қа тиесілі болды. Сонымен қатар, әлемдегі бұрғылау қондырғылары биылғы жылғы 1561 бұрғыдан әлдеқайда көп.

АҚШ-тағы қолданыстағы бұрғылардың мұнай бағасына қатысты саны








Қайнаркөз: «Томсон Рейтер», «Бейкер-Хьюз»

Баға барреліне $ 50 көтерілмесе де, шикізат қорына баға төмендеуі мүмкін емес. Бұл соңғы бірнеше тоқсанда байқалған мұнайға деген сұранысқа байланысты Сұраныс артып келеді, ол басында ұсынысқа жауап бере алмаса да, қазіргі уақытта тұрақты түрде өсіп отыр.

Мұнайға әлемдік сұраныс







Қайнаркөз: ЭЫДҰ, МАЭ

Мұнайға болжам

Мұнайдың әлемдік бағасы қысқа мерзімде тұрақсыз болады деп болжаймыз. Өйткені, ОПЕК-ке қатысушы-мемлекеттер өндіру көлемін қысқартуы мүмкін. Өндіру көлемі азайған жағдайда да, баррелі $ 50 болатын АҚШ-тағы тақтатас өндіру көлемінің артуы рентабелді болып қала бермек. , Тиісінше, біз 2016 жылғы мұнайдың баррелі орташа $ 43 болады деген ішкі болжамымызды сақтап қалатын боламыз.

2016 жылға мұнайдың болжамды бағасы, барреліне $

Баға

2016 ж. 1 тоқсанына орташа баға 

2016 ж. 2 тоқсанына орташа баға

2016 ж. 1 қазанына, жыл басындағы орташа баға

2016 ж. орташа болжам баға

2016 қалған айға орташа баға

Brent

39.33

48.01

45.94

35*

43^

Қайнаркөз: Bloomberg, «Самұрық-Қазына»

* ресми болжам (Ұлттық экономика министрлігі),2016 жылға орташа күтілетін баға

^ внутренний прогноз «Самұрық-Қазына» ішкі болжамы,2016 жылға орташа күтілетін болжам.

Болжамдар 2016 жылғы 30 қыркүйектегі мәліметтерге негізделеді..

 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика