Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына олар туралы ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

1) директорлар кеңесін өткізу күні – 2016 жылғы 21 қазан;

2) директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселенің (мәселелердің) мазмұны, ол туралы ақпарат акционерлердің және инвесторларға акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жіберіледі  - «Вокзал кешенін салуды қоса алғанда, Астана теміржол торабын дамыту», «Жезқазған-Бейнеу теміржол желісін салу» және «Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушы паромдарын пайдалану» жобаларын іске асыруға бюджет қаражатын бөлуге байланысты «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жарияланған акцияларының шегінде акцияларды орналастыру туралы, оның ішінде орналастырылатын акциялардың саны, оларды орналастыру тәсілі және бағасы туралы;

3) директорлар кеңесінің осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша қабылдаған шешімі (шешімдері) –Қордың Жалғыз акционерінің акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын  іске асыру жолымен бір жай акция үшін 81 523 000 (сексен бір миллион бес жүз жиырма үш мың) теңгедегі баға бойынша  Қордың 1 000 (бір мың) дана жай акцияларын Қордың жарияланған акциялары санының шегінде орналастыру; 

4) акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге мәліметтер – жоқ.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика