2016 жылғы 24 қазанда, Facebook әлеуметтік желісінде «Самұрық-Қазына» АҚ мен SAP SE (Германия) компаниясы арасында жасалған келісімнің шарттарына қатысты бейне-мәлімдеме шықты

«Самұрық-Қазына» АҚ өз қызметінде үнемі ашық ынтымақтастық саясатынбасшылыққа алып келеді. Осы орайда, соңғы үш жылдың ішінде ғана Қазақстандағы, соның ішінде Қор компаниялары тобындағы ақпараттық технологиялардың дамуын талқылауға қатысты 15 іс-шара, түрлі форматтағы форумдар мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Корпоративтік қосымшалар нарығында әлемдік көшбасшыларының бірі болып табылатын SAP көлемі мен бағыты әр түрлі компанияларға бизнес-үрдістерін тиімді басқаруға, салалық және ғаламдық трендтерді терең түсіну негізінде бизнесті дамытуға көмектеседі. SAP қызметтерін әлемнің 190 мемлекетінде 300 мыңға жуық компания қолданады, олардың қатарында Shell, Exxon, Nestle, BMW сынды трансұлттық корпорациялар бар. Қазақстанда SAP тұтынушылары – мұнай-газ, қаржылық, көліктік, мемлекеттік секторлардың 165 компаниясы. SAP ақпараттық технологиялар саласындағы қазақстандық кадрларды дамытуға белсене қатысып,  еліміздің жоғары оқу орындарымен серіктестікте жұмыс істейді.

SAP технологияларын, 1997 жылдан бері, сонымен қатар 15 ірі ұлттық компания қолданып отыр, олардың ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазмұнайгаз» Барлау және өндіру» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Интергаз-Орталық Азия» АҚ, «Локомотив» АҚ және т.б. бар. Осы технологиялармен жұмыс істеудің алдағы уақыттағы мүмкіндіктері және SAP-пен тікелей келісімге отыру туралы келіссөздер мәселесі 2012 жылдан бері талқыланып, зерделенген.

Трансформация бағдарламасы аясында, Қор мен ұлттық компаниялардың мүдделерін ескеру және иеліктің жиынтық құнын оңтайландыру ісінде SAP технологиясындағы артықша тәсілдер мүмкіндігі мен қолдану шарттары болғаны да басшылыққа алынды.  

2015 жылғы желтоқсанда SAP компаниясымен тікелей жасалған келісім ҚР заңнамасы мен «Самұрық-Қазына» АҚ Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу тәртібіне (140-тармақтың 2-тармақшасы) толықтай сәйкес іске асырылды. Аталған келісім Қор компаниялары тобында бағдарламалық жасақтаманы кеңінен қолдануға жағдай жасайды және алдағы бес жыл ішінде 200 млрд. теңге пайда табуға мүмкіндік береді.

Атап өтетіні, халықаралық инвесторлар үшін ұлттық компаниялардың нарықтық құндылығы және тартымдылығы халықаралық деңгейдегі есеп және бақылау жүйелерінің болуына тікелей тәуелді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, халықаралық инвесторлар мұндай компанияларды 15-20 пайызға жоғары бағалайды.

SAP-пен келісім жасаудың тағы бір ерекшелігі Қазақстанда 2017 жылдың өзінде қазақстандық мамандар қызмет ететін Сараптама орталықтарын құру болып табылады. Сараптама орталықтарының басты міндеті SAP алаңдарында құрылған ақпараттық жүйелерді техникалық қолдау болмақ. Бұл ақпараттық технологиялар саласында деңгейі жоғары отандық кадрларды өсіруге, қазақстандық ақпараттық технологиялар нарығын дамытуға және алдағы уақытта SAP-ты техникалық қолдаудың құнын азайтуға мүмкіндік береді.

Өзара серіктестік және ашықтық саясатын ұстана отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ, Трансформация бағдарламасы жобаларын жүзеге асыру ісіне ақпараттық технологиялар саласындағы қазақстандық компанияларды тарту мәселесін бұдан әрі де сараптамалық талқылаудан өткізе беретін болады. 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика