«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары туралы

2016 жылғы 28 қазанда «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) өтті, онда бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, «KEGOC» АҚ-ның 2016 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза кірісін үлестіру тәртібі туралы, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және бір жай акцияға шаққандағы дивидендтер мөлшері туралы мәселелер қаралды.

«KEGOC» АҚ-ның 2016 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған аралық қаржылық есептемесіне сәйкес компанияның таза табысы 16,2 млрд. теңгені құрады.

Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен 2016 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза кірістің 6,48 млрд. теңге мөлшеріндегі 40% «KEGOC» АҚ-ның жай акцияларын ұстаушыларының барлығына үлестірілетін болады, ол «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына шаққанда 24, 93 теңгені (жиырма төрт теңге тоқсан үші тиын) құрайды.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығының нәтижелері бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2016 жылғы 13 қарашадағы жай-күй бойынша тіркелетін болады. Дивидендтер төлеудің басталу күні – 2016 жылғы 14 қараша. 

Сонымен қатар, Акционерлердің жалпы жиналысы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын өзгерту және 8 (сегіз) адамнан тұратын құрамды белгілеу туралы шешімдер қабылдады. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесіне қосымша мына мүшелер сайланды, олардың өкілеттік мерзімі тұтастай алғанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі біткенге дейін:

1) Тиесов С.А. – «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;

2) Егімбаева Ж.Д. – «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.


Тиесов С.А. – ТМД мен Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген энергетигі, Энергетика ардагері, 2 және 3-дәрежелі Барыс ордендерімен, Қазақстан Республикасының медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталған. Жалпы жұмыс тәжірибесі және басшылық лауазымдардағы, директорлар кеңесінің мүшесі ретінде жұмыс тәжірибесі мол, мінсіз іскерлік беделге ие. Стратегияны, Инвестицияны қалыптастыру саласындағы білімі жоғары, іскерлік дағдысы мен құзыретінің аясы кең, сондай-ақ адами ресурстарды басқаруда теориялық және практикалық дағдыларды терең меңгерген.

Сонымен бірге, С.А. Тиесовтің басшылығымен Теңіз мұнай-газ кен орнын электрмен жабдықтаудың барлық сыртқы схемасы енгізілді: қуаты 240 Мвт газтурбиналық электр станциясы, Маңғыстау электр комбинатынан Орал ҚС-ға дейін 220 кВ 1500 км желісі, 110-220 кВ 8 қосалқы станция салынды. Гурьев ЖЭО-ға қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика және көмір өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған кезде Электр энергетика саласын қайта құрылымдау, жекешелендіру және реформалаудың алғашқы бағдарламасын әзірлеу, Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті электр энергиясы нарығын құру жөніндегі топқа жетекшілік етті, Республиканың экономикасы құлдыраған ауыр кезеңдерде Қазақстанның электр энергетикасына дағдарысқа қарсы басшылық етуді жүзеге асырды.

Егімбаева Ж.Д. құқықтану саласында, басшы лауазымдарында, Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинетінің заң бөлімі секторының меңгерушісі; Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің, Үкімет Аппаратының Құқықтық қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары; Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары ретінде жұмыс тәжірибесі мол, мінсіз іскерлік беделге ие. Құқықтану саласындағы білімі терең, іскерлік дағды мол мен құзыретке ие. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болып табылады (02.06.2016ж. бастап).

«KEGOC» АҚ қазіргі кездегі Директорлар кеңесінің мүшелері:

1)    Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы – «Самұрақ-Қазына» АҚ өкілі;

2)    Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы – «Самұрақ-Қазына» АҚ өкілі;

3)    Егімбаева Жанна Дачерқызы – «Самұрақ-Қазына» АҚ өкілі;

4)    Спицын Анатолий Тихонович – тәуелсіз директор;

5)    Лука Сутера – тәуелсіз директор;

6)    Януш Биалек – тәуелсіз директор;

7)    Доминик Фаш – тәуелсіз директор;

8)    Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы. 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика