Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады

Кездесуде А.Жұмағалиев Мемлекет басшысына ұлттық атом компаниясының 2016 жылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті бұл сала өнімінің әлемдік нарықтағы үлесі жоғары екенін атап өтті.  

– Біздің міндетіміз – толық ядролық отын циклінің барлық үдерісіне қатысуға мүмкіндік алу. Бұл салада басқа елдермен өзара ынтымақтастықтың деңгейін арттыру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы профильді емес активтерден арылу және трансформациялау бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.

Ұлттық атом компаниясы басқармасының төрағасы Елбасыға Үлбі металлургия зауытының аумағында зауыт салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінің аяқталғаны және қажетті жабдық өндірудің басталғаны туралы баяндады.

Бұған қоса, А.Жұмағалиев шетелдік серіктестермен арада биыл жасалған келісімдер және бекітілген келісімшарттар туралы, сондай-ақ  компания құрамынан профильді емес 26 активтің шығарылатыны туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_and_receptions/elbas...

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика