«Самұрық-Қазына» АҚ жапондық инвесторларды Қордың жекешелендіру бағдарламасына қатысуға шақырады

Бүгін Жапония мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік және жеке меншік секторларының біріккен комиссиясының отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов баяндама жасады.

Жапонияның бизнес қауымдастығы алдында Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асырудың ұстанымдары туралы айтқанда, ол «Самұрық-Қазына» АҚ үшін инвесторлардың тең құқықтары және үрдістің жариялығы басты назарда екенін баса атап өтті.

«Жеке инвесторлардың компаниялардың капиталына қатысуы ҚР үшін әр тараптан тиімді болмақ. Соның ішінде, компаниялардың жариялығы мен тиімділігі деңгейінің көтерілуіне, жаңалықтардың қолжетімді болуына, басқару технологияларының және компанияларды дамытуға қажетті капиталдың трансфертіне, Қор активтері құрылымын оңтайландыруға, шағын және орта бизнесті, жалпы қаржы институттарын да дамытуға септігін тигізеді», - деді Қор өкілі.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) енетін елдердің көбі жекешелендіруді жүзеге асырып үлгерді. Осының арқасында мемлекеттің экономикаға аралсуын азайтып, жеке меншік капитал нарығына жол ашты. Мәселен, бүгінше Польша және Германияда жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) қалыптастыруда мемлекеттің үлесі 13-14%-дан  аспайды. Ал Канада және АҚШ сынды елдерде, бұл көрсеткіш небәрі 3-6% деңгейінде. Қазақстан экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін ағымдағы 70%-дан ЭЫДҰ елдеріндегі орташа мөлшерге ЖІӨ 15%-ға дейін төмендетуді көздейді.

ҚР Президентінің жарлығына сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ 2016-2020 жылдарға есептелген мемлекеттің жекешелендіру бағдарламасы аясында 200-ден астам активін сатуға шығарады. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – мемлекеттің экономикаға араласу үлесін азайту арқылы Қазақстан экономикасының тиімділігін көтеру. Бағдарламаға сәйкес, 6-дан кем емес Қордың ірі қоржындық компаниясы («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Қазпочта» АҚ) 2020 жылға дейін IPO-ға шығарылады. 

«Самұрық-Қазына» АҚ жекешелендіру шеңберінде күнделікті жұмыс жүргізеді. ҚР Экономиканы жаңғырту мемлекеттік комиссиясы 2016 жылы шағын және орта көлемді 154 активті сату тәсілі жөнінде шешім шығарды, ірі ұлттық компанияларды жекешелендірудің жол картасы да мақұлданған. ҚР Қаржы министрлігінің алаңында тұрақты түрде №2 тізімдегі шағын активтерді сату бойынша аукциондар өткізіледі, оған қызығушылық білдіргендердің барлығы қатыса алады. Қоржындық компаниялар №1 тізімдегі активтерді сатуға қатысты байқау рәсімдерін қолға алған. Қазіргі таңда құны 7,4 млрд. теңгені құрайтын 39 актив сатылды.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика