QAZAQ AIR әуекомпаниясы жаңа бағыттарды орындайды

Қысқы навигацияға ауысу қарсаңында, QAZAQ AIR әуекомпаниясы, Атырау қаласынан Орал мен Ақтауға тұрақты рейстерді орындайтынын мәлім етеді.

2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап аталмыш қалаларың арасы қысқарып, жолаушылар аптасына екі рет – жұма және жексенбі күндері заманауи аймақтық Bombardier Q400 NextGen бортында сапар шегуге мүмкіндік алады.

Атырау – Орал бағыты бойынша қатынайтын рейс билеттерінің құны, жолаушы мен әуежай терімдерін қоса есептегенде, 14 707 теңгеден басталып, жол жүру уақыты не бары 50 минутты құрайды. Ал Атырау – Актау бағытында 40 минутта жетуге болады. Жолаушы мен әуежай терімдерін қоса есептегенде, бір бағытты билеттің құны 11 007 теңгеден басталады.

Орал қаласыБатыс-Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығығана емес, сонымен қатар экономикалық әлеуеті жоғары аймақ болып келеді. QAZAQ AIR-дің жаңа бағыттары Орал қаласының тұрғындары мен жергілікті мұнай-газ саласының мамандарын Атырау қаласына тез әрі ыңғайлы апаруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге QAZAQ AIR әуекемелері Атыраудан Каспий теңізінің жағалауында орналасқан Ақтауға тікелей қатынайды. Осылайша, жаңа маршрут желісі Батыс Қазақстан өңірінің ірі қалаларын өзара байланыстырып, Ақтау мен Орал тұрғындарын Атырау қаласымен қатар, түйіспелі рейстер арқылы Ақтөбе мен Шымкентке де жеткізе алады.

 «Халыққа қажетті маршрут кескесі мен қолайлы ұшу күндерін ұсына отырып, аталмыш аймақ тұрғындарының аралары одан сайын жақындай түсіп, жиі көрісе алады деген нық сенімдеміз» - деп атап кетті «QAZAQ AIR» АҚ Басқарма Төрайымы Блэр Поллок мырза.

Осылайша, жаңа бағытта жүзеге асырылатын Атырау – Орал, Атырау – Ақтау бағдарлары маршрут жүйесін кеңейте түседі. Бүгінгі күні QAZAQ AIR  әуекомпаниясының ұшақтары Алматы, Ақтөбе, Астана, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған мен Шымкент қалаларына тұрақты рейстерді орындауда.

QAZAQ AIR әуә компаниясының билеттерін flyqazaq.com сайтында немесе +7 727 356 1414 телефоны арқылы компанияның сату офистерінде брондауға және сатып алуға болады.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика