Астанада Орталық Азияның Үйлестіруші Электр энергетикалық кеңесінің мерейтойлық отырысы өтті

2016 жылы 16 қарашада Астанада «KEGOC» АҚ-ның төрағалық етуімен электр энергетика саласындағы маңызды шаралардың бірі – Орталық Азия мен Қазақстанның бірінші басшыларының қатысуымен Орталық Азияның Үйлестіруші Электр энергетикалық кеңесі (Орталық Азияның ҮЭК) өтті. 

«KEGOC» АҚ атқаратын маңызды қызметтердің бірі шекаралас елдердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысын басқару және тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның энергия жүйесі Орталық Азия Біріккен энергетикалық жүйесінің (ОА БЭЖ) және Ресей Федерациясының энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс режимінде бірлесіп жұмыс істейді.

Бұл Орталық-азиялық өңірлердің су және отын-энергетикалық әлеуетін кешенді және ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, тараптардың әрқайсысы үшін техникалық және экономикалық пайда береді.   

Қазақстан БЭЖ-нің Орталық Азиядағы шекаралас елдердің энергия жүйесімен қарым-қатынасы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Үкіметтері арасындағы Келісіммен реттеледі (Бішкек қ., 17.06.1999ж). Осы құжатқа сәйкес Тараптар мемлекетаралық электр энергиясын жеткізеді және өзара тасымалдау, қуатты реттеу бойынша қызмет көрсетеді. 

 Келісімді басшылыққа ала отырып, қатарлас жұмыстарды үйлестіру және келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету мақсатында 2003 жылы төрт елдің энергия жүйелерінің операторлары кеңесу органын – Орталық Азияның ҮЭК құрған болатын. Қазіргі таңда аталған кеңес сындарлы сұхбат жүргізетін бірегей «алаңға» айналды.

Өткен жылдары Орталық Азияның ҮЭК-ге қатысушы мемлекеттер энергия жүйелерінің қатарлас жұмысының сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі ортақ мәселелерді оңтайлы шешкен болатын.

Республикамызда қуат өндіру артуда және артып келеді, электртораптық инфрақұрылым дами түсуде. Мысалы, «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің 500 кВ ӘЖ - әуе желілерін салу» жобасының бірінші кезеңі - «500 кВ Екібастұз - Шүлбі ГЭС (Семей) - Өскемен» жоғары вольтты желілерін салу мерзімнен бұрын аяқталады деп жоспарлап отыр. Биыл қыркүйекте  Өзбекстанда жалпы қуаты 600 МВт болатын Тәлімарджан АЭТ-те және Ангрен АЭС-те жаңа энергия нысандары іске қосылды. Су-энергетикалық ресурстарға бай Тәжікстанның энергетикасында айтарлықтай оң өзгерістер бар. 

Нәтижесінде Қазақстан мен Орталық Азияның энергия жүйелері биылғы жылы 2016-2017 жж. күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа толық дайын.

Астана қаласында өткен Орталық Азияның ҮЭК 25-ші кеңесі шеңберінде бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Қатарлас жұмыс режимдерінің сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, энергия жүйелерінің қысқы кезеңнен өтуге дайындығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, энергия жүйелеріндегі схемалық-режимдік түрленулерді (жаңа желілер, электр станциялары) есепке ала отырып, әдістемелік базаны жетілдіру мәселелері, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде отын-энергетикалық және су ресурстарын кешенді пайдалану мәселелері қаралды. 

Кеңестің қорытындысы бойынша қатарлас жұмыстың техникалық және экономикалық пайдасын басым түрде тиімді пайдалану мақсатында келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз етуді және энергия жүйелерінің өзара пайдалы қызмет етуін дамытуды көздейтін бірқатар шешімдер қабылданды.

Аталмыш кеңестің 25-ші отырысы – Қазақстан Республикасының және Орталық Азия мемлекеттерінің 25 жылдық Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс өтіп отырғанын атап өткен жөн.     

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика