KEGOC «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитінің 500 кВ ӘЖ бірінші кезеңін мерзімінен бұрын аяқтады

«KEGOC» АҚ « 500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен» жоғарывольттық электр жеткізетін желілердің құрылысын мерзімінен бұрын аяқтады. 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өңірлермен болған республикалық телекөпір аясында «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиевке жаңа жоғарывольттық желілерді іске қосуға бұйрық берді.

«KEGOC» АҚ жаңа желілерді «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік 500 кВ ӘЖ салу» (шығыс транзиті) ірі ауқымды инвестициялық жобасының бірінші кезеңі шеңберінде салып шықты. 500 кВ және 220 кВ электр жеткізетін ұзындығы 700 км. желілер, сондай-ақ 500 кВ «Семей» қосалқы станциясы (ҚС), 500 кВ «Өскемен» ҚС және 1150 кВ «Екібастұз» ҚС Қазақстанның шығыс өңірлеріне солтүстік электр көздерінен электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз ететін болады. 

Желілердің құрылысы 2014 жылы басталған болатын, яғни «Жаңа индустриализация: 2014 жылдың І жартыжылдығының нәтижелері» ҮИИД МБ жүзеге асыру бойынша жұмыстар жөніндегі Үкіметтің есебі шеңберінде өткен республикалық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев құрылысты бастауға рұқсатын берген еді.

Аталмыш жоба ел экономикасының дамуы үшін маңызы зор. Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылары осы уақытқа дейін қолданылып келген Ресей БЭЖ желілері арқылы өтетін және өңірді энергия жүйесімен жалғайтын желілерге қарамастан жаңа желілер арқылы электр энергиясымен қамтамасыз ететілетін болады. Бұл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағынан келгенде өте маңызды.  

Құрылыстың екінші кезеңі – 500-220 кВ желілерінің құрылысын қарастыратын «500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма салу» жобасы кестеге сәйкес жүргізілуде.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика