«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Самұрық-Қазына» АҚ өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Бүгін, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрып, ұзақ мерзімді дамыту туралы ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 мамырдағы №393 қаулысымен бекітілген (2016 жылғы 8 қыркүйектегі №530 қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен қоса) Бірлескен іс-қимыл жоспары аясында, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен «Самұрық-Қазына» АҚ (Қор) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум, 2016-2020 жылдардағы жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыруға сәйкес, Қор компанияларын IPO-ға шығару бойынша Жол картасын келісуді көздейді.

Қордың инвестициялық жағынан неғұрлым тартымды компанияларын IPO-ға шығару жоспарланып отырғаны атап өтілді.

АХҚО басқарушысы Қ.Келімбетовтің айтуынша, АХҚО жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруда дамыған қаржылық инфрақұрылым жасап, реттеушілік базамен қамтамасыз етуде және шетелдік инвесторларды тартуда маңызды рөл атқаратын болады.   

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Шөкеев «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықтың маңызды екенін, бұл өз кезегінде Қазақстанның капитал нарығын дамытып, мемлекеттік сыңайлы сектордағы компаниялар үшін инвестиция тартуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. 

Тараптар қол қойылған құжат аясындағы АХҚО мен Қор арасындағы ынтымақтастық жаңа биржалық инфрақұрылым базасында өтімділікті арттырып, жаңа капитал нарығын жасайтынын, сондай-ақ, жекелеген капитал нарықтарын дамытуға ықпал етіп, Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тараптар туралы ақпарат

АХҚО 2015 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО)құру туралы ҚР Конституциялық заңына қол қойды. АХҚО-ның мақсаты халықаралық дәрежедегі қаржылық қызметтер көрсететін халықаралық дәрежедегі жетекші орталық жасау болып табылады. Тұңғыш рет посткеңестік кеңістікте ағылшын құқы қағидалары енгізіліп, қаржы орталығының ресми тілі ағылшын тілі болады.

АХҚО міндеттері қаржы қызметтерін көрсету саласында тартымды орта жасау арқылы ел экономикасына инвестиция тарту, Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарығымен кірігуін қамтамасыз ету болып табылады.

АХҚО елде сақтандыру, банк қызметтері және ислам қаржыландыру нарығын дамытуға ниетті. 

«Самұрық-Қазына» АҚбірегей акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын Қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен құрылған және коммерциялық құрылым –  Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру мен ұлттық экономиканы жаңғыртуды көздейтін инвестициялық холдинг. «Самұрық-Қазына» қоры өз қызметін қоржын компанияларды тиімді басқару арқылы,соның ішінде олардың ұзақмерзімді құнын арттыру, тұрақты дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларына каталитикалық инвестициялар тарту арқылы жүзеге асырады. Қор активі $61,5 млрд құрайды. Қазақстандағы инвестицияның ширегіне жуығы Қордың компаниялар тобының үлесінде. Қор тобына мұнай-газ және көліктік-логистикалық секторлардағы, химия және атом өнеркәсібіндегі, тау-кен кешені, энергетика, машина жасау мен жылжымайтын мүліккәсіпорындары кіреді. ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, «Самұрық-Казына» АҚ 2016-2020 жылдары ауқымды жекешелендіру бағдарламасын іске асырып жатыр. Аталған бағдарламаның басты мақсаты мемлекеттік активтерді бәсекелестік ортаға беру арқылы Қазақстан экономикасының тиімділігін арттыру болып табылады.  

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика