Корпоративтік басқару

Басқарушы компания ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан ары - Қор) корпоративтік басқару жүйесінің заман талабына сай қағидаларын негізге алып, соған сүйене отырып, жұмыс істейді. Қор корпоративтік басқаруды негізгі 3 құрамдас бөлік: құрылым, процестер мен айқындық қағидалары бойынша бағалайды.

Қордың бекітілген құрылымына сәйкес, Директорлар Кеңесі компаниялар жұмысына жалпы басшылық жасайды. Әрі Төраға жетекшілік ететін компания Басқармасына әрекеттің ағымдағы тапсырмаларын шешуді жүктейді. Қор Стратегиясының ережелеріне сай келетін, Қордың тұрақты дамуын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес компания дамуының негізгі мәселелерін қамтитын шешімдерді әзірлеу мен қабылдау Қордың Директорлар Кеңесінің міндеті мен құзырына кіреді.

Қор құрамындағы ірі компаниялардың тәуелсіз директорларымен Қордың Басқарма Төрағасының кездесулері 2011 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Атап айтқанда 2011 жылдың қазан айында, 2012 жылдың мамыр мен қараша айларында өткізілді. Ең соңғы кездесу ағымдағы жылы мамыр айының соңында өтті. Бұл тұрақты кездесулерде топтың тәуелсіз директорлары Қордың тың бастамаларын талқылайды. Қор акционер ретінде компаниялардан не күтетінін ашып айтып, Компания жұмысындағы ең өзекті мәселелерге қатысты ой бөліседі. Тәуелсіз директорлармен өтетін келесі кездесу күзде ұйымдастырылмақ.

2009 жылдың қазан айынан бері Қорда корпоративтік хатшылар Кеңесі жұмыс істейді. Кеңестің негізгі мақсаты Қор компанияларында еңбек ететін корпоративтік хатшылар жұмысының тиімділігін арттыру арқылы  «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы саясат пен корпоративтік басқару тәжірибелерін жетілдіру.

Қорда компаниялардың құндылықтарын айқындайтын, оның жұмысы және сыртқы коммуникация негіздерін белгілеп берген Корпоративтік басқару Кодексі мен іскерлік этика Кодекстері бар.

Еншілес және тәуелді компанияларды корпоративтік басқару жүйесінің тиіміділігін анықтау үшін Қор корпоративтік басқарудың өзіндік жеке диагностика әдісін пайдаланады. Бұл әдістеме әлемдік корпоративтік басқару тәжірибесінің үздік стандарттары негізінде әзірленген. Диагностикадағы басты мақсат озық тәжірибеге негізделе отырып, Қор компаниялары тобындағы корпоративтік басқару деңгейін жоғарылату. Оны корпоративтік басқару жүйесін бағалау мен дамытуда бірізділік пен құрылымдық көзқарас жолын ұстану. Қазір қолданылатын әдістеме корпоративтік басқарудың озық тәжірибелеріне сәйкестік рейтингін анықтауға мүмкіндік береді. Әрі Қор компанияларындағы корпоративтік басқару үрдісін тұрақты дамытып, мониторинг жүргізу құралы болып табылады.

2009 жылдан бері KPMG халықаралық компаниясымен бірлесіп, тұрақты негізде Қор компанияларындағы корпоративтік басқаруға тәуелсіз сараптама жасалып тұрады. Төрт жыл мерзімде Қордағы төмендегі компанияларда диагностика жүргізілді: «KEGOC» АҚ, «Қазмұнайгаз» АҚ, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ, «Казатомпром»ҰАК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық--Энерго» АҚ, «Даму» КҚҚ» АҚ, «Қазақстан инжиниринг»ҰК» АҚ,  «Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Тау-Кен-Самұрық» АҚ, «Қазэкспогарант» АҚ мен «Ақтөбе Халықаралық әуежайы» АҚ. Диагностика нәтижелері Қор компаниялары тобында корпоративтік басқарудың дамуында ілгерілеу барын көрсетті.

Диагностика нәтижесінде басқару жүйесінің кемшіліктері анықталады. Компаниялардағы басқару сапасын жақсарту жолындағы қадамдар анықталады. Сондай-ақ, диагностика нәтижелері негізінде тиісті компаниялар корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі Жоспарды жүзеге асырады.

Корпоративтік басқарудың жоғары деңгейде болуы тек компания жұмысының экономикалық көрсеткіштеріне әсер етіп қоймай, жұмыстың ашық-айқындығын арттырады. Шешім қабылдау процесінің толымдылығы мен компанияны инвесторлардың оң қабылдауына септігін тигізеді.

 

 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика