«Самұрық-Қазына» АҚ инновациялық жобаларының тізімі

Қазіргі кезде «Самұрық-Қазына» АҚ 8 ірі ұлттық компаниялардың 19 инновациялық жобаларын бақылауда:

 «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

Жобаның атауы

Жобаның қысқаша сипаттамасы

1

Деароматизациялау катализаторлары және реактивті отындарды алу технологиясы

Деароматизациялау катализаторларды жасау және РЕ, Т6 маркалы реактивті отындарды алу технологиясы

2

Конденсаттарды фенол, күкіртті сутегі мен мұнай өнімдерінен жергілікті тазарту жүйесі

Зарарсыздандыру және шыныққан бетті ұнтақ не кесек электродтарды пайдалану арқылы Е-200 қондырғылған технологиялық қонденсатты фенол, күкіртті сутегі мен мұнай өнімдерінен тазартудың жаңа электрохимиялық технологиясын әзірлеу

3

Табиғи/ілеспе газдарды қайта өңдеу арқылы қозғалтқыш отынын өндіру технологиясы

Ілеспе газды қайта өңдеу арқылы жаңа катализаторлар мен мұнай-химиялық синтез өнімдерін өндіру. Жоба шеңберінде ілеспе мұнай газдар технологиясын бағалы өнімдерге айналдыру көзделуде

4

Қабаттардағы мұнай беруді көтеру, тасымалды оңтайландыру және мұнайды қайта өңдеу әдістерінің  3D гидродинамикалық модельдерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету 

Қабаттардағы мұнай беруді көтеру, тасымалды оңтайландыру және мұнайды қайта өңдеу әдістерінің экономикалық тиімділігін көтеру үшін 3D гидродинамикалық моделін және түпкі бағдарламалық өнімдерді жасау
 

5

 «Өзенмұнайгаз» ӨБ мазутталған топырақты утилизациялау 

Мазутталған топырақты  бейтараптандыру мен тарихи ластанған топырақтар құнарлылығын қалпына келтіру үшін құрамында гумат бар қиысты материалдарды қолдану технологиясын әзірлеу 

6

Қозғалтқыш отынына арналған жоғары октанды қосымшалар

Ауырланған мұнай фракцияларынан (олардың антидетонациялық тұрақтылығын көтері мен оның толық жануын көбейту үшін) жанаржағармай үшін жоғары октанды қосымша жасау технологиясын әзірлеу және енгізу

 «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ 

Жобаның атауы

Жобаның қысқаша сипаттамасы

7

 «Келісімді және саудалық жұмыс» БЖА

Тасымал құжаттарын дайындау, көрсетілген қызметтерді есепке алу және тариф белгілеу үрдісі барысында жүк тасымалын жоспарлау үрдісінің жариялылығын қамтамасыз ету және құжат айналымын автоматизациялау  үшін жүк тасымалы жөніндегі рәсімдеу, есептеу, жоспарлау үрдістерін автоматизациялау

8

 «Alstom Transport» бірлесіп, атқыш жетектердің өндірісін ұйымдастыру

Жаңа кезеңдегі атқыш жетектерді өндіру. Электрожетектерді өндірудің алғашқы сатыдағы қуаты – жылына 1500 бірлік, кейін жылына 3000 бірлікке дейін көбейтілмек

9

Эксплуатациялық инфроқұрылым нысандарын басқарудың машықтанған жүйесі. Эксплуатациялық инфроқұрылым нысандарын басқаруда жол шаруашылығын, электрлендіру мен қуатпен жабдықтау, байланыс пен СЦБ қызметтерін автоматизациялау

Жолаушылар тасымалы мен орындарды сақтық қорда ұстаудың ашық ұлттық машықтандырылған жүйесін әзірлеу және енгізу. Бұл жоба тұтынушыларға теміржол билеттерін онлайн және өзіне-өзі қызмет көрсететін транзакциялық терминал, ұялы телефон және call-орталығы көмегімен сатып алуға мүмкіндік береді.

10

 «Арғымақ» ЖТ БЖА

Жолаушылар тасымалы мен орындарды сақтық қорда ұстаудың ашық ұлттық машықтандырылған жүйесін әзірлеу және енгізу. Бұл жоба тұтынушыларға теміржол билеттерін онлайн және өзіне-өзі қызмет көрсететін транзакциялық терминал, ұялы телефон және call-орталығы көмегімен сатып алуға мүмкіндік береді.

11

 «Локомотив» АҚ тепловоздарында дизельді отын үшін БЖА

Жұмыстың барлық тәртіптерінде қолдану мен жабдықтану барысында тепловоздағы дизельді отынды есептеу үрдісін автоматизациялау

12

Стансаның машықтандырылған жұмысы

Станса жұмысын басқарудың машықтандырылған жүйесін құру және енгізу, соның ішінде вагондардың дағды бойынша шығынға жазу, вагондарды саудалық қарау, жергілікті вагондармен жұмыс, вагондар мен локомотивтердің стансалық пен кіріс жолдарында алмасуын бақылау, стансада қозғалмалы құрамды қорғау, электронды құжат айналымын жүргізу.

 «Казатомпром» ҰАК» АҚ 

Жобаның атауы

Жобаның қысқаша сипаттамасы

13

 «Қазатомпром» ҰАК» АҚ уран өндіруші кәсіпорындарында уранның пероксидті тұндырмасын енгізу

ASTM стандартына сәйкес уранның химиялық концентраттарын шығару әдістерін жетілдіру және қайта бөлудің санын азайту арқылы өзіндік құнды азайту

14

Нанокатолизаторды пайдалану арқылы күкірт қышқылын алу

Ангидридті күкірт ангидридтіне тотықтырудың тиімдірек тәсілін табу. Тотығу катализаторы ретінде темір оксидінің наноұнтағын пайдаланып, күкірт қышқылын алудың қысқартылған технологиясы әзірленді

15

Жылу сорғы қондырғыларын (ЖСҚ) өндіру мен енгізуді ұйымдастыру

Жылу сорғы қондырғыларының өндірісін жолға қою мен қызмет көрсету орталығын ашу. Қуат пен қорларды үнемдеу

16

Нанокатолизаторды пайдалану арқылы күкірт қышқылын алу

Ангидридті күкірт ангидридтіне тотықтырудың тиімдірек тәсілін табу. Тотығу катализаторы ретінде темір оксидінің наноұнтағын пайдаланып, күкірт қышқылын алудың қысқартылған технологиясы әзірленді

 «Қазпошта» АҚ

Жобаның атауы

Жобаның қысқаша сипаттамасы

17

Мобильді Postman

Пошталық, қаржылық агенттік қызметтерді көрсету үшін курьерлерді мобильді жабдықтармен қамтамасыз ету.

Мобильді жабдықтар арқылы курьер келесі шарттарды орындайды:

- Зейнетақы мен жәрдемақыны үйден төлеу;

- Коммуналдық төлемдерді үйден қабылдау және т.б.

 «KEGOC» АҚ

Жобаның атауы

Жобаның қысқаша сипаттамасы

18

Қазақстанның зияткерлік энергожүйесі

Белсенді бейімделген НЭЖ (ББ НЭЖ) электр қуатын беретін желілердің өткізу қабілеттігін жоғарлатуды, ең жоғарғы деңгейдегі өзіндік тексеруді, жүйелік апаттардың алдын алуды, желілерне бақылау күшейтуді, нақты уақыт тәртібінде мәліметтерді өңдеуді, бақылаудың жаңа сапасын және желілерді сыртқы әсерден қорғауды қамтамасыз етеді.

ББ НЭЖ құру мақсатында бірқатар басымдыққа ие инновациялық технологияларды қолдану жоспарда бар, соның ішінде:

-       Өтпелі тәртіптердіі бақылау жүйесі

-       Ауыспалы ток берудің икемді жүйелері (FACTS)

-       МЭК 61850 протоколдары негізінде сандық қосалқы стансалар

 «Қазақтелеком» АҚ

Жобаның атауы

Жобаның қысқаша сипаттамасы

19

FTTH желілерін құру

Астана мен Алматы қалаларында және облыс орталықтарында көп пәтерлі үйлер мен VIP коттедждерді 100 % қамтитын FTTH мүмкіндігі бар әмбебап тал жіпті- оптикалық желісін құру.

2015 жылдың басына қарай желінің жалпы енгізілетін сыйымдылығы – 576488 порт

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика