Қор тарихы



ҚОР ТАРИХЫ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қоры» акционерлік қоғамы «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және « Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингін біріктіру жолымен құрылды.

Сонымен ұлттық даму институттарына бөлінген «Қазына» қордың қаржы активтері мен «Самұрық» мемлекеттік холдингтің мемлекеттік акция пакеттерінде жинақталған акционерлік капиталы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қорының басқаруына біріктірілді.

Қор қызметінің негізгі мақсаты – меншігіндегі біріктірілген активтерді басқару, олардың ұзақ мерзімді құндылығын арттыру және дүниежүзілік нарықта бәсекелестігін көтеру. Сәйкесінше, Қор қызметінің бірінші дәрежелі ұстанымдары – жалғыз акционер ретінде мемлекеттің мүдделеріне сай тиімді, икемді әрі таза жұмыс жүргізу. 

Ұлттық жобалардың операторы

Қор активтерін басқарудың тиімділігі жалпы экономиканы басқару тиімділігімен тығыз байланысты. Бұл орайда Қор ұлттық экономиканы дамытуда маңызды мәселелерді қолма-қол және сапалы шешу үшін Қазақстан Үкіметіне қолғабыс етеді.

Қор – ұлттық көлемді мәселелерді шешуге қатысатын мемлекеттік саясаттың жолбасшысы. Министрліктермен бірлесе отырып, Қор ұлттық экономиканы диверсификациялау мен жаңартуға, ал экономикалық қиыншылықтар кезінде – оның тұрақтандыруға ықпалын тигізуде.

2009-2010 жылдары экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру үшін бірлескен әрекеттер жоспарын жасауда Қор негізгі оператор рөлін атқарды. Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында Қор қаржы секторын тұрақтандыруға, тұрғын үй саласын дамытуға, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға, инновациялық, индустриялық және ішкі құрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған 7 млрд. АҚШ долларды игерді. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстан ұлттық экономикасының дағдарыс кезінде өсуіне септігін тигізді. 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қоры Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайынғы халыққа Жолдауында көрсеткен тапсырмаларын және мемлекеттік бағдарламаларды, яғни индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, тұрғын үй құрылысының стратегиясы, қазақстандық мазмұнын даму стратегиясын орындауда негізгі серіктес болып табылады.

Инвестициялық серіктес

Қор Қазақстан және одан тыс жерлерде белсенді түрде инвестициялық қызмет атқаруда. Міндеттерінің қатарында аймақтық, ұлттық және халықаралық көлемдегі жобаларда, соның ішінде жарғылық қапиталынына қатынасу мен қарыз беру арқылы экономиканың нақты секторында инвестициялық қатысу бар.

Экономиканың мұнай-газ секторы, электроэнергетика, металлургия, химия және мұнай-химия, инфрақұрылым сынды салалар Қор инвестициялары үшін басымдыққа ие. 

Қордың инвестициялық қызметі ең алдымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қорының еншілес компаниялардың активтерін қолдау және жаңартуға бағытталған. Қордың көптеген инвестициялық жобалары еліміздің аймақтарында жүзеге асуда, осының арқасында шалғай жатқан аудандарды әлеуметтік-экономикалық дамытуға мультипликативті әсер етеді.

Қор отандық тауар өндірушілерге, қазақстандық өндіріс тауарлары мен қызметтерін жергілікті және шетел нарықтарда таратуға ерекше назар аударады.

«Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық қызметке көп жоспарлы қатысушы. Оның міндеттері:

  1. Компаниялар тобының шеңберінде қаржы-инвестициялық құралдардың кешенді әрі тиімді жүйесін құру;
  2. Қазақстанда және шетелде экономиканың жаңа салаларын игеру, экономикалық тұрғыдан тартымды активтерді сатып алу; 
  3. Компаниялар инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асырғанда үйлестірілген әрі белсенді инвестициялық саясатты қамтамасыз ету, соның ішінде Қазақстан аумағында жүргізілетін жобалар басымдыққа ие; 
  4. Отандық және шетелдік, мемлекеттік және жеке меншіктегі инвестицияларды тарту, экономиканың әр түрлі салаларына инновацияларды енгізу; 
  5. Шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру; 
  6. Аймақаралық экономикалық байланыстарды дамыту, соның ішінде Қазақстан аумағында жобаларды іске асыру арқылы.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика