Нормативтік құқықтық база

Ұлттық әл-ауқат қорының қызметі «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және басқа да бірқатар заңнамалық және заңға тәуелді актілермен реттеледі.

Заңға сәйкес Қор қызметінің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
2) экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға жәрдемдесу;
3) компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру.

Заң Қордың алдына мынадай міндеттер қояды:
1) қазақстандық экономиканы әртараптандыру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) ұлттық, салааралық және өңірлік ауқымдағы инвестициялық стратегиялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының экономикасына инвести­цияларды тартуға жәрдемдесу;
4) кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы жағдайларды мемлекеттік және жекеше мүдделерді шоғырландыру арқылы қамтамасыз етуге қатысу, сондай-ақ тиісті өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыру есебінен халықтың өмір сүру деңгейін өсіруге жәрдемдесу және өңірлердегі іскерлік және инвестициялық белсенділікті өсіруге жәрдемдесу;
5) бәсекелестікке қабілетті қазақстандық тауар өндірушілерді құруға және дамытуға жәрдемдесу;
6) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау арқылы қазақстандық үлесті қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
7) компаниялардың бәсекелестікке қабілеттілігін оларды кор­поративтік басқаруды жетілдіру арқылы арттыру.

Қордың қызметі мынадай принциптерге:
1) Қордың жалғыз акционері ретіндегі мемлекеттің мүдделерін сақтауға;
2) Қор мен компаниялар қызметінің ашықтығына, тиімділігіне және икемділігіне;
3) шешімдерді қабылдау мен оларды іске асырудағы жүйелілік пен жеделдікке;
4) жауапкершілік пен есеп берушілікке;
5) заңдылыққа негізделеді.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика