Әлеуметтік жауапкершілік

«Самұрық – Қазына» АҚ және «Самұрық – Қазына» АҚ тобының құрамына кіретін мекемелер қызметінің ауқымы, еліміздің барлық экономикасын дамыту үшін стартегиялық манызы бар және көптеген адамдардың мүдделерін қозғайды.

Осыдан «Самұрық – Қазына» АҚ тобы қызметінің бірқатар маңызды принциптері, ұстанымдары туындайды: қоғам мудделеріне ықыласпен қарау, облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша себептесу, оларда қолайлы іскерлік климат құру, лайықты еңбек ақы төлеу шарттарын, адамдардың әлеуметтік және рухани игілігін қолдау.

Осыған орай, компания экономикалық құрамдас бөлігіне ғана емес әлеуметтік жағына көңіл бөле отыра, өз бизнесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады.

Самұрық – Қазына» АҚ компаниялар тобы келесі әлеуметтік жауапкершілік принциптерін бұлжытмай ұстанады: жаңа жұмыс орындарын құру, қызметкерлер үшін әлеуметтік бағдарламалар іске асыру, демеушілік және қайырымдылық, экологиялық және білім беру акцияларын жүргізу.   

Самұрық – Қазына» АҚ демеушілік және қайырымдылықтағы қызметі ұлттық және рухани құндылықтарды жандандыруға, мәдениет, ғылым және білімді қолдауға, ғылыми-техникалық прогреске себептесуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, қорғансыз қалған тұрғындар топтарына, халықтың тұрмысы төмен жіктеріне көмек көрсетуге, спортты қолдауға бағытталған.

«Самұрық – Қазына» АҚ және «Самұрық – Қазына» АҚ тобының құрамына кіретін мекемелердің демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету бойынша бірыңғай саясатын іске асыруды «СК-Астана» Корпоративті Қоры жүзеге асырады (сайтқа сілтеме).

Көмек алушылар демеушілік және қайырымдық көмегін көрсету принциптеріне сай келетін өтінімдерін «Самұрық – Қазына» АҚ тобының құрамына кіретін мекемелерге немесе «СК-Астана» Корпоративті Қорына беруге құқылы.

Алушылар өтінімдері ішкі құжаттар талаптарына (құжаттарға және үлгілерге сілтеме) сай келетін толық құжаттар пакеті болған жағдайда ғана Демеушіге берілуі тиіс. Саяси, діни, коммерциялық ұйымдарын, тұтынушылар кооперативтерін қолдау (демеушілік жасау) мүмкіндігі жоқ.


«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ДЕМЕУШІЛІК ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ 


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. «Самұрық-Қазына» АҚ демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына және «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы «17» наурыздағы шешімімен (№ 40 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және ұлттық даму институттарының, ұлттық компанияларының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елуден астам пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі басқа заңды тұлғалардың демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету саясатына (бұдан әрі – Саясат) сәйкес әзірленді.

2. Тәртіп демеушілік және/немесе қайрымдылық саласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ мақсаты мен қағидаттарын сипаттайды, сондай-ақ өтінімдерді беру, бағалау және қарау рәсімін регламенттейді.

3. Тәртіпте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

Қор – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;

қайырымдылық көмек – Қордың атқарушы органының шешімі бойынша көрсетілетін көмекті алушы тарапынан қандай да бір қаржылық немесе өзге міндеттемелерді болжамайтын заңды (коммерциялық емес) және жеке тұлғаларға өтеусіз негізде Қордың қаржылық, ұйымдастыру және өзге материалдық көмегі;

өтініш – заңды (коммерциялық емес) немесе жеке тұлғаның демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсету туралы жазбаша өтініші;

жоба – заңды (коммерциялық емес) тұлғаны демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек шеңберінде қолдауға Қорға ұсынылған қауым үшін өзектіліктің жоғары дәрежесі бар іс-шара; 

алушы – белгіленген тәртіппен демеушілік немесе қайырымдылық көмекті алатын заңды (коммерциялық емес) немесе жеке тұлға);

жария есеп – демеушілік көмекті алушының қызмет нәтижелері туралы жұртшылықты хабарландыру үшін демеушілік көмекті алушының жазбаша және өзге нысанда жасаған есебі.

демеушілік көмек – жобаны іске асыру мақсатында заңды (коммерциялық емес) тұлғаларға ерікті өтеусіз негізде Қордың атқарушы органының шешімі бойынша көрсетілетін Қордың қаржылық, ұйымдастыру және өзге көмегі;

ақпараттық сүйемелдеу – жұртшылықты жобаны бұқаралық ақпарат құралдары, event іс-шаралар және таратудың өзге нысандары арқылы іске асыру туралы хабардар ету жөніндегі жоспары және/немесе бағдарламасы;

уәкілетті комиссия – түскен өтініштер бойынша демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету орындылығы туралы шешімдерді қарау, бағалау және шығару үшін Қор Басқармасы төрағасының бұйрығымен құрылатын комиссия;

уәкілетті комиссияның хатшысы – функциясына Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі шығыстардың жылдық жоспары, Іс-шаралар жоспары, демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсетуді мониторингілеу және бақылауды жүзеге асыру кіретін Қордың құрылымдық бөлімшесінің қызметкері.

2. ДЕМЕУШІЛІК ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ МАҚСАТТАРЫ

4. Қайырымдылық көмек халықтың барынша мұқтаж санаттарына (балалар, 1-2-топтағы мүгедектер, қарт адамдар), сондай-ақ дүлей апаттар, жұқпалы аурулар, эпидемиялар мен басқа да төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен тұлғаларға атаулы (тікелей) қолдау көрсету мақсатында беріледі. 

5. Демеушілік көмек мыналарға жәрдем көрсету мақсатында беріледі.

1) ғылым, білім, мәдениет, өнер, әдебиет, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кинематорграфия және БАҚ салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау арқылы зияткерлік әлеуетті дамыту және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

2) кәсіптік, әуесқойлық және жаппай спортты, сондай-ақ спорт бойынша халықаралық жобаларды қолдау арқылы ұлттың дені сау тектік қорын қалыптастыру;

3) Қор қызметінің бейінді түрімен байланысты ұйымдастыру-тәжірибелік іс-шараларды іске асыру.

6. Әлеуметтік-жауапты компанияның саясатын ұстана отырып Қор Саясатта айқындалған демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету бағытының қағидаттарына және басымдықтарына сәйкес жобаларды қарастырады. 

3. ДЕМЕУШІЛІК ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚАҒИДАТТАРЫ 

7. Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету қағидаттары:

1) демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсетудің объективті қажеттілілігінің (орындылығының) болуы;

2) демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралардың тәжірибелік тиімділігі;

3) шешімдер қабылдау кезіндегі ашықтығы және жауапкершілігі;

4. ҚОРДЫҢ ДЕМЕУШІЛІК ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ НЫСАНДАРЫ 

8. Қор заңды (коммерциялық емес), жеке тұлғаларға ақша қаражатын өтеусіз аудару нысанында қайырымдылық көмек көрсетеді. 

9. Қор заңды (коммерциялық емес) тұлғаларға ақша қаражатын аудару нысанында демеушілік көмек көрсетеді.

5. ӨТІНІШТЕРДІ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАРАУ РӘСІМІ

10. Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету туралы өтініш осы Тәртіпке 1 және/немесе 2-қосымшаға сәйкес Қор Басқармасы төрағасының атына жіберіледі. 

1 (бір) жылдан 3 (үш) жылға дейінгі кезеңге есептелген жобалары бар өтініштер әр жылдың 15 қазанына дейін ұсынылады және жылына 1 (бір) рет қаралады, бір жылдан кем жобалары бар өтініштер жобаны іске асыруды бастағанға дейін 90 күн ішінде беріледі. 

11. Демеушілік көмек көрсету туралы өтінішпен бірге Қорға мынадай құжаттарды ұсынады: 

- осы Тәртіптің 22-тармағына сәйкес ұйымның құжаттары;

- өзектілігі, іске асыру барысы, күтілетін нәтижелер сипатталуы тиіс жобаның тұсаукесері;

- ұсынылып отырған жоба бойынша мемлекеттік пен жергілікті органдардың және өзге ұйымдардың ұсыныстары, сараптамалық қорытындылары;

- ақпараттық сүйемелдеу жоспары және/немесе бағдарламасы;

- 3-қосымшаға сәйкес шығыстардың нақты баптарының сипаттамасы және баға саясатының негіздемесі бар смета.

Қор өтініш авторы ұсынған құжаттарды қайтармайды. 

12. Қор өзінің қалауы бойынша қажеттілігіне байланысты өзге құжаттарды сұратуға құқығы бар. 

13. Тиісті құжаттары бар өтініштер қағаз пішімде мына мекенжай бойынша жіберіледі: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, С 604-кабинет.

14. Қор Басқармасының төрағасы өтінішті қарап, оны уәкілетті комиссияға қарауға жібереді. 

15. Өтінішті уәкілетті комиссияның хатшысына береді, ол ақпараттық, әкімшілік және экономикалық блоктардың құрылымдарымен бірлесіпп ұсынылған мәліметтердің сәйкестігі мен толықтығын тексеруді жүргізеді, сондай-ақ жобаның өзектілігі (мазмұны), оның құқықтық мәртебесі және экономикалық дәйектілігі туралы қорытындыны дайындайды. 

Өтініштер бойынша шешімдерді қарау үдерісінде уәкілетті комиссияның бастамасы бойынша жоба басшыларымен және/немесе қатысушылармен жеке кездесу жүргізілуі мүмкін. Өтініштің авторы уәкілетті комиссия үшін жобаның тұсаукесерін жасауға дайын болуы тиіс. 

16. Жобаны қарағаннан кейін уәкілетті комиссия оң шешім қабылдаған кезде уәкілетті комиссияның хатшысы Қордың атқарушы органынның қарауына тиісті құжаттары бар уәеілетті комиссияның хаттамасын жібереді. 

17. Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі қорытынды шешімді уәкілетті комиссияның ұсыныстары (ұсынымдары) негізінде Қордың атқарушы органы қабылдайды. 

18. Өтініш уәкілетті комиссияның хатшысына өтініш түскен сәттен 30 жұмыс күні ішінде уәкілетті комиссия қарайды. 

19. Оң шешім болған жағдайда демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек осы Тәртіпке 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жазбаша шарт негізінде көрсетіледі, онда қаржылық қаражаты пайдалану мақсаты, тәртібі айқындалады, сондай-ақ жобаны іске асыру және қаржылық қаражатты мақсатты пайдалану туралы есепті және жауапкершіліктің басқа да мәселелерін ұсынатын алушының міндеттерін көздейді.

21. Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету туралы шарт ұзарту мүмкіндігімен бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады. 

22. Қайырымдылық және/немесе демеушілік көмек көрсетуге арналған шарттарды жасау үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынады: 

1) заңды тұлғалар үшін:
- құрылтайшылық құжаттардың көшірмелері;
- банктік деректемелер;
- соңғы есепті кезең ішіндегі ұйымның қаржылық есептілігі бойынша құжаттарының көшірмелері;
- ұйым басшысының өкілеттігін растайтын құжаттар.

2) Жеке тұлғалар үшін:
- жеке басын куәландыратын құжат (ҚР азаматының паспорты/жеке куәлігі, СТН, ӘЖК).

23. Қор қайырымдылық және/немесе демеушілік көмек көрсетуге арналған шарттарды жасау үшін талап етілетін өзге құжаттарды сұратуға құқығы бар. 

24. Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмекті көрсетуден бас тартқан жағдайда уәкілетті комиссияның хатшысы уәкілетті комиссияның хаттамасына қол қойылған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде авторға демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден бас тарту өтінішін жібереді. 

Қор өзіне демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек беру көрсету туралы бас тартуды дәлелдейтін міндеттемелерді қабылдамайды.

6. УӘКІЛЕТТІ КОМИССИЯНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ 

25. Уәкілетті комиссияның құрамына аппарат басшысы, Қордың басқарушы директорлары, жетекшілік жасайтын қаржылық-экономикалық блок және жұртшылықпен байланыс бойынша блогы және операциялық қызмет департаментінің басшысы кіреді. Құрам Қор Басқармасы төрағасының бұйрығымен бекітіледі. 

26. Уәкілетті комиссияның міндеттеріне мыналар кіреді: 

1) кезекті жылға жылдық бюджетті/Даму жоспарын әзірлеудің жалпы тәртібіне сәйкес Қордың демеушілік және/немесе қайырымдылық қызметті қаржыландыру көлемдері бойынша ұсыныстарды дайындау;

2) Қорда демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау;

3) Қордың атқарушы органына демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету бойынша ұсыныстарды (ұсынымдарды) енгізу;

4) қаржыландыру алған жобалар нәтижелерінің іске асырылуы мен бағалауын мониторингілеу, оның ішінде қаржылық қаражатты мақсатты пайдаланылуын бақылау;

5) Қордың демеушілік және/немесе қайырымдылық саясатын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

27. Комиссияның шешімі бойынша жекелеген жұмыстарды (демеушілік және/қайырымдылық көмек алған жобаның тиімділігіне тәуелсіз бағалау жүргізу, (конкурстарды) іріктеуді ұйымдастыру және т.с.с.) іске асыру үшін «СҚ-Астана» корпоративтік қоры және өзге ұйымдар тартылуы мүмкін.

7. ӨТІНІШТЕРДІ ІРІКТЕУ ӨЛШЕМДЕРІ 

28. Қор Саясатта және осы Тәртіпте айқындалған демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету мақсаттары мен қағидаттарына сәйкес келетін демеушілік және/немесе қайырымдылық жобаларды ғана қолдайды. 

29. Өтініштерді қарау кезінде уәкілетті комиссия мемлекеттік қолдау алмаған жобаларға жоғары баға береді. 

30. Қаржыландыру үшін ұсынылатын жобаларды бағалау кезінде уәкілетті комиссия кем дегенде екі құрамдауыш бөлікті ескереді: 

1) күтілетін әлеуметтік және өзге тиімділік;

2) Қордың негізгі қызметіне ықпал ету (қаржылық емес тәуекелдерді оңтайландыру, корпоративтік құндылықтарды қолдау, беделді арттыру және т.с.с.).

8. ҚАРАЖАТТЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАУДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГІЛЕУ 

31. Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек Қор бюджетінде осы мақсаттарға жоспарланған қаржылық қаражат шегінде көрсетіледі. 

32. Уәкілетті комиссияның хатшысы қаржылық жыл ішінде демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған жұмсалған қаржылық қаражаттың есепке алынуын жүргізеді. Қаржылық жылдың қорытындылары бойынша алушылар туралы мәлімет, көмектің мөлшерлері мен нысандары, сондай-ақ қаржылық қаражатты тиісінше пайдалану және шарттық міндеттемелерді орындау туралы ақпарат көрсетілуге тиіс қаражаттың жұмсалуы туралы есепті жасайды. 

33. Алушы демеушілік және/немесе қайырымдылық көмектің қаражатын мақсатты емес пайдаланғаны фактісін айқындаған кезде олармен Қордың атына қайта жіберілетін өтініштер қарауға қабылданбайды, олардың мақсатты пайдаланбау көлемінде бөлінген ақша немесе берілген мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және/немесе шартпен қайтаруға жатады. 

34. Алушының Қордың демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек қаражатын мақсатты пайдаланбағаны фактілері туралы ақпаратты комиссия хатшысы демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету мәселелерін қарау кезінде олармен тиімді шешімдер қабылдау мақсатында Қор тобына кіретін басқа компанияларға жібереді.

35. Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек мақсаттарына және Қор басшылығының тапсырмаларына сәйкес уәкілетті комиссияның хатшысы Қор бюджетін қалыптастыратын құрылымдық бөлімшеге уәкілетті комиссияның мүшелерімен шығыстарға арналған өтінімді және кезекті қаржылық жылға демеушілік және қайырымдылық көмекті көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспарын келіскеннен кейін қалыптастырады және ұсынады. 

36. Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету туралы шешімдерді орындауға арналған шығыстар белгіленген тәртіппен Қордың даму жоспарында және бюджетінде қарастырылады. 

37. Қаражат жеткіліксіз болған кезде уәкілетті комиссияның басшысы Қор басшылығына Қордың даму жоспары мен бюджетін түзету туралы ұсыныспен өтініш білдіреді.

9. ЕСЕПТІЛІК

38. Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмекті алушылар тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қорға мыналарды ұсынады: 

1) осы тәртіпке 6-қосымшаға сәйкес демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек қаражатын мақсатты пайдалану туралы егжей-тегжейлі есепті;

2) осы тәртіпке 7-қосымшаға сәйкес жарнаманың түрлері, саны (ұзақтығы) және орналастыру орындары туралы (демеушілік көмек бойынша) есепті;

3) осы тәртіпке 8-қосымшаға сәйкес көрсетілген демеушілік көмектің тиімділігі туралы (демеушілік көмек бойынша) есепті;

39. Әрбір жобаның іске асырылу шарасы/қорытындылары бойынша демеушілік көмекті алушылар алынған қаражат шеңберінде өз қызметінің нәтижелерін көрсете отырып кең жұртшылық үшін Жария есепті жариялайды және көрсетеді.

10. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

40. Осы Тәртіп Қордың атқарушы органының шешімімен бекітіледі. 

41. Осы Тәртіпке енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Қордың атқарушы органының шешімімен бекітілуі тиіс.

Қосымшалар:

Қосымша №1. Демеушілік көмек алуға өтінім

Қосымша №2. Қайырымдылық көмек алуға өтінім

Қосымша №3. Шығыстардың сметасы

Қосымша №4. Демеушілік көмек көрсету туралы шарт

Қосымша №5. Қайырымдылық көмек көрсету туралы шарт

Қосымша №6. Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек мақсатты пайдаланылуы туралы есеп


пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика