Стратегиясы

Қордың миссиясы – ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын ұлғайту және Қор тобына кіретін активтерді тиімді  басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру. 

Қордың 2022 жылға қарай пайымы  – таңдаулы әлемдік практикаларға қол жеткізген, шикізаттық емес компаниялардың дамуының катализаторы  және ел экономикасының орнықты жұмыс істеуін қолдауға негіз болып табылатын компанияларды біріктіретін стратегиялық холдинг.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» ҚР Заңына сәйкес Қор өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

 - Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекет мүдделерін сақтау;

-  Қордың және Қор тобына кіретін басқа да ұйымдардың қызметінің кірістілігі, тиімділігі, ашықтығы және есептілігі;

- Шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы жүйелілік және жеделділік;

- Қордың әлеуметтік жауапкершілігі;

- Заңдылық.

Бұл ретте Қор мынадай құндылықтарды өз қызметінде ең бастылары ретінде санайды:

- Меритократия: әрқайсысының үлесі мен жетістіктерін бағалаудағы әділдік пен шынайылық.

- Құрмет: команданың басқа мүшелеріне құрметпен қарау.

- Адалдық: Қор ішінде және өз әріптестеріне деген адалдық.

- Ашықтық: байланыстар мен әріптестерге деген ашықтық.

- Командалық рух: бірлескен қызметтен барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін ынтымақтастық.

- Сенім: өзара көмек  және сенім мәдениетіне бейімділігі.

Өзінің пайымына қол жеткізу және миссиясын іске асыру үшін Қор үш стратегиялық бағыт бойынша іс-қимыл жасайды: 

1.Компаниялардың  ұзақ мерзімді құнын арттыру;

2.Ұлттық экономиканың әртараптандырылуына және жаңғыртылуына қатысу;

3.Әлеуметтік жауапкершілік.

2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Стратегиялық даму департаментімен әзірленді.

Стратегияның жобасы 26 мамыр 2012 жылы Қордың Директорлар Кеңесімен, 28 маусым 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өткенҰлттық әл-ауқат қорын басқару кеңесімен мақұлданды.  «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «14» қыркүйек №1202 қаулысымен бекітілді.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика