ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢҒЫРУ МЫҢДАҒАН КІШКЕНТАЙ ӨЗГЕРІСТЕРДЕН БАСТАЛАДЫ. «2050 Стратегиясы» Қазақстанның алдына, экономикаға құйылатын инвестициялар көлемін ұлғайтып, еңбек өнімділігін арттыру арқылы, 2050 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін қойып отыр.
Қордың компаниялар тобы бірқатар ірі активтерге иелік етеді және Стратегияның мақсаттарына қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.
2014 жылдың қыркүйегінде «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі Трансформация бағдарламасын мақұлдады. Бағдарлама қарқынды жүргізілуде, трансформаңияға Қордан өзге 6 ұлттық компания тартылып отыр.

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ РЕСМИ ТҮРДЕ 2014 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

ТРАНСФОРМАЦИЯ ФОРУМЫ
Астана
6 қазан, 2014
«Самұрық-Қазына» қорының алдында ұлттық ауқымдағы міндеттер тұр. Трансформация аясындағы күш-жігер бірінші кезекте Қор компанияларының жаңа құнын қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұған өнімділікті арттыру, тиімділігі жоғары, табысты жобаларды инвестициялау жолымен қол жеткізуге болады». Н.Назарбаев, «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформациялау
бағдарламасын іске қосуға арналған форумда сөйлеген сөзі

ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ МӘНІ - МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІҢ ӘКІМШІСІНЕН БЕЛСЕНДІ ИНВЕСТОРҒА АЙНАЛУ.
Стратегия Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруіне жағдай жасау.
Тактика Қор компанияларының құнын арттыру.
Тәсілдеме Ірі квази-мемлекеттік машинадан технологиялық, жоғары табысты және тиімді бизнес-құрылымға айналу.
EVA - экономикалық қосымша құн трансформация үдерісінің басты және негізгі индикаторы болып табылады. EVA-ның оң мөлшері капиталдың тиімді пайдаланылғанын және компания құнының артқандығын көрсетеді.
ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ МАҚСАТТАРЫ
- холдинг компанияларының құнын ұлғайту
- қоржынды басқару тиімділігін арттыру
- Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) стандарттарына сай келетін корпоративтік басқарудың жаңа қағидаттарын енгізу
ҚОРДЫҢ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ ҚҰНЫН АРТТЫРУ
  • Бизнес-үдерістердің реинжинирингін жүзеге асыру.
  • Қор және Қордың Компаниялар тобы қызметінің стратегиялық негізгі көрсеткіштерінің жиынтығы мен мақсатты мағынасын қайта қарастыру. 2015 ЖЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН
  • Қордың Компаниялар тобының стратегиясын стратегиялық мақсаттардың жаңартылған жиынтығымен сәйкестендіру. 2015 ЖЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН
ҚОРЖЫН ҚҰРЫЛЫМЫН ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ТӘСІЛДЕМЕНІ ӨЗГЕРТУ
  • Қордың Компаниялар тобында басқарушылық құрылымды жеңілдету.
  • Сыртқы инвесторларды тарта отырып, қоржыннан бейінді емес активтерді шығару.
  • Инвестициялаудың белсенді тәсілдемесі мен жаңа стратегиясын енгізу.
ӨКІЛЕТТІЛІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК БӨЛІНІСІН ӨЗГЕРТУ
  • Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру.
  • Қордың салалық командаларын нығайту.
  • Қор және Қор компаниялары Директорлар кеңесінің рөлін, өкілеттіліктері мен құрылымын өзгерту.
ТРАНСФОРМАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЯСЫ
  • «Самұрық-Қазына» АҚ
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
  • «Қазпошта» АҚ
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
  • «KEGOC» АҚ
  • «Самұрық-Энерго» АҚ
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
  • «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ трансформация қорытындысы бойынша Қазақстанда көмірсутегін барлау мен өндіруге баса назар аударатын, тиімділігі жоғары ұлттық мұнай-газ компаниясына айналуы тиіс. «Өңдеу және маркетинг» бағыты аясында МӨЗ-ді жетілдіруді аяқтауға, сонымен бірге операциялық тиімділікті әлемдік үздік МӨЗ деңгейіне дейін жоғарлатуға ерекше көңіл бөлінбек.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Трансформация бағдарламасының жүзеге асырылуы нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бәсекеге қабілеттілігін сақтай отырып, транзиттік тасымал нарығында сенімді тұрақтап қалуы тиіс. Талдаушылардың болжамдары бойынша 2020 жылға қарай «ҚТЖ» ҰК» АҚ транзиттік жүк тасымалы 1,7 млн ТЕU өсіп, компанияға кем дегенде жалпы пайданың 50%-ын беретін болады.
«KEGOC» АҚ Трансформация бағдарламасы аяқталған соң компания жетекші техникалық және жүйелік операторлардың деңгейіне жеткізіледі. Корпоративтік басқарудың ең жоғары деңгейі іске асырылып, қаржылық және операциялық тиімділігі жоғарлап, компанияның негізгі бизнес-үдерістерінің егжей-тегжейлі талдамасы мен реинжинирингі жүргізілетін болады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Трансформация бағдарламасы аясындағы шығындары 2016 жылы 3,237 млрд теңге көлемінде жоспарланған. Бұл ретте жалпы табыстар 5, 983 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 3 млрд теңге — EVA арттыру. 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш жыл сайын +32 млрд теңгені құрауы тиіс, ал Қазатомөнеркәсіптің өзі нарықтағы көшбасшылардың біріне және маркетингі дамыған толық өндірістік циклі мен бүкіл әлемде сату нарықтары бар жоғары тиімді холдингке айналады.
«Қазпошта» АҚ Трансформация бағдарламасының алғашқы нәтижелері: 2015 жылы компанияның жиынтық кірісі 2014 жылғы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 12%-ға жоғарлап, 36 465 млн теңгені құрады. Технологиялық жаңалықтарды енгізу бөлімшілердің жұмысын жеңілдетіп, кезектерді айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. Болашақта «Қазпошта» АҚ пошталық және қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынатын ірі инновациялық және жоғары технологиялы компанияға айналуы тиіс
«Самұрық-Энерго» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ операциялық шығындарды төмендетуді және қоршаған ортаны қорғауды, сондай-ақ экспорттық өткізу нарығын кеңейтуді басты міндет етіп қойып отыр. Бұл орайда қолданыстағы генерацияларды жетілдіру және жаңа қуаттарды енгізу аса маңызды болып табылады. Трансформация бағдарламасын жүзеге асыруда энергетикалық холдинг баламалы энергия көздерінің үлесін ұлғайтуға ниетті.
ТРАНСФОРМАЦИЯ: ВИДЕО
2015 жылдың 3 желтоқсаны TOWN HALL MEETING-те өткен «Самұрық-Казына» АҚ жаңа ұйымдық моделінің тұсаукесері
«Қазпошта» АҚ-дағы трансформация. Компания online қызметтерді дамытуға, smart-технологияларды автоматтандыруға және интеграциялауға бағытталған жобаларды жүзеге асыра отырып, жоспарлы түрде өз қызметін жетілдіре түсуде.
«Қазақстан темір жолы» АҚ-дағы трансформация. Компания Қазақстанның түпкір-түпкірін байланыстырады. Трансформацияның мақсаты – барлық клиенттерге арналған қызметтер сапасын арттырып, ҚТЖ-ны стратегияық холдингке айналдыру болып табылады.
ТРАНСФОРМАЦИЯ НЕ БЕРЕДІ?
Қорға Қордың Компаниялар тобы ресурстарын құн жасау әлеуеті жоғары бизнес бағыттарда шоғырландырып, еңбек өнімділігін арттырады, сондай-ақ, компаниялардың құнын төмендететін активтер мен жобалардан шығады. Қордың Компаниялар тобына Қордың компаниялары өздерінің қаржылық және операциялық көрсеткіштерін жақсартып, осы өлшемдер бойынша әлемдік аналогтарының деңгейлеріне жетеді.
Ел тұрғындарына Әлемдік деңгейдегі жаңа өндірістер құрылып, жұмыс орындары ашылады, мемлекет бюджетіне жасалатын аударымдар әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Қордың Компаниялар тобы ұсынатын қызметтер сапасы айтарлықтай жақсарады. Мемлекетке Мемлекет операциялық рентабельділігі, капиталының тиімділігі мен инвистицияланған капиталының рентабелділігі бойынша барынша бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды алады.
2020 жылға қарай EVA нөлдік мәніне 12 ірі компания қол жеткізеді

БАҚ-қа арналған толық ақпарат және байланыс көздері
Жұлдыз Жұмаділова, 7172-55-40-28, Zh.Jumadilova@sk.kz
Жазира Жұмаш, 7172-55-92-70, Zh.Zhumash@sk.kz