Тұрғын үй бағдарламасы

2012 жылдың 21 маусымында Үкіметпен «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

- толыққанды теңгерімді тұрғын үй құрылысы нарығын жасау;

- тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті ынталандыру;

- тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту;

- жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

- авариялық тұрғын үйлерді бұзу мәселесін шешу;

- азаматтардың коммерциялық емес бірлестіктерінің, оның ішінде тұрғын үй құрылыс - кооперативтерінің, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй салуын қолдау;

- Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын дамыту.

Осы Бағдарламаның шеңберінде Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй объектілерін салу жөніндегі жобаларды, оның ішінде пилоттық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыратын болады.

Осы бағыт бойынша тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның меншікті қаражаты және Ұлттық қордың қаражаты болады.

Тұрғын үй объектілерін салу тетіктері:

1. Жеке құрылыс салушылардың (инвесторлардың) инвестициялық өтінімдері бойынша құрылысты ұйымдастыру.

2. Жерерлікті атқарушы АО-ның жер учаскесінде (инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген) Жылжымайтын мүлік қорының жобаларды іске асыруы.

3. Жобаларды нысаналы депозит арқылы іске асыру. Құрылысты қаржыландыру үшін Жылжымайтын мүлік қоры нысаналы жедел банк салымдары туралы шарттар жасау арқылы екінші деңгейдегі банктерге нысаналы депозиттер орналастыруға құқылы, осыған сәйкес ЕДБ нысаналы салымның қаражаты есебінен тұрғын үй объектілерін салу үшін құрылыс салушыларға кредит береді. Бұл ретте нысаналы депозит шартында нысаналы депозит сомасын өтеу есебінен Жылжымайтын мүлік қорының меншігіне объектілерді (үй-жайларды) өткізу көзделетін болады.

4. ЖАО жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін қажетті сыртқы инженерлік желілермен және сыртқы көше-жол инфрақұрылымымен қамтамасыз етеді.

5. Құрылыс аяқталып, объектілер пайдалануға берілгеннен кейін үй-жайлар жобаға қатысу үлесіне сәйкес бөлінеді.

6. Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын және коммерциялық үй-жайларын (машина орындарды) сатып алу құқығымен жалға беру және тікелей сату арқылы өткізуді Жылжымайтын мүлік қоры (Жылжымайтын мүлік қорының аффилиирленген компаниясы) оларға меншік құқығы ресімделгеннен кейін және Жылжымайтын мүлік қорының ішкі ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорының қаражатына 2013 жылы 60 мың.шаршы метр, 2014 жылы– 90 мың шаршы метр, 2015-2020 жылдары - 150 мың. шаршы метр салынбақ.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика