Дэниэл Крюсберг, «Самұрық-Қазына» АҚ Адам ресурстарын басқару жөніндегі бас директор: Қажетті уақытта, қажетті жерде

Бүгінде «Самұрық-Қазына» АҚ-да және еншілес компанияларда HR-саясат қалай іске асырылуда, жақын болашақта ол қандай нәтижелер беретіндігі туралы «Время» газетіне берген сұхбатында Қордың Адам ресурстарын басқару жөніндегі бас директоры  Дэниэл КРЮСБЕРГ әңгімелейді.      

- Мистер Крюсберг, ағымдағы жылы Қор холдинг пен еншілес құрылымдардың топ-менеджментіне шетелдік мамандарды тарту жөніндегі жұмысты жандандырды. Бұл бастаманың мәні неде?   

- Бүгінгі таңда Қор алдыңғы қатардағы ұйым болып қалу және болашақта біздің табыстарымызға  кепілдік беру үшін озық халықаралық практиканы қолдану ниетінде. Тартылатын сарапшылар стратегиялық даму және адам капиталын дамыту саласында біліктілігі жоғары мамандар болуға тиіс. Олар кейіннен өздерінің орнын басатын қазақстандық кадрларды даярлау үшін өте жақсы тәлімгерлер болуға тиіс. Қор шетелдік кадрларды  уақытша тартады ғой, және олардың басшы лауазымдарда болу ұзақтығы жергілікті мамандардың әлемдік компаниялар деңгейінде басқаруға дайын болуына байланысты болады. Қордың тобында жұмыс істеу үшін біліктілігі жоғары мамандар ғана емес, сонымен бірге өмірлік және кәсіптік жақсы тәжірибесі және жеке басының күшті қасиеттері бар адамдар тартылатындығы атап айтамын. Холдингте және оның еншілес ұйымдарында, және  тұтастай Қазақстанда талантты адамдардың көп екендігін айтуға тиіспін. Қазір мәселе қажетті ахуал туғызуда, олардың әлеуетін ашу үшін дұрыс үдерістер мен идеяларды  іске асыруда болып отыр. Әлемдік озық практикаларды қолдану Қазақстанға өзінің негізгі бастамаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Яғни сөз қандай да бір жерде жүріп жатқан  үдерістерді көшіру туралы емес, олардың үздіктерін таңдау және өзіне ғана тән жолды анықтау үшін оларға талдау жүргізу туралы болып отыр.

- Қордың басшылығы Сіздің өзіңіздің алдыңызға қандай міндеттер қойып отыр? Таяу болашақта Қордың және «Самұрық-Қазына» тобының кадр саясатында қандай өзгерістерді күтуге болады?

- Менің жеке міндеттерім жоғарыда белгіленген мақсаттармен үйлеседі. Біріншіден, персоналды басқару саласындағы  әлемдік озық практикаларды тарту және оны Қорда пайдалану, бұл мен үшін үлкен құрмет және баға жетпес тәжірибе болып табылады. Ал екіншіден, бүкіл ұйымның және онда жұмыс істейтін адамдардың әлеуетін ашуға көмектесу. Қорға үнемі әлемдегі күн сайын өзгеріп отырған жайларға бейімделу қажет. Қорда жұмыс істеген айдан кейін бүкіл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты үшін іске асыру қажет болатын бизнес-жоспарларды зерделеп, мен қандай күш-жігер жұмсайтынымды түсіне бастадым. Жеке тиімділігін, өз құзыретінің деңгейін, кеңінен түсіндіру жұмыстарын бір мезгілде арттыру кезінде мінез-құлықтың жаңа дағдылары, стратегиялары талап етіледі. Бұл өзіміздің кадр саясатымызда: таланттарды іріктеу, анықтау және өсіру, көтермелеу жүйелері процестерінде көрініс табатыны сөзсіз.

- HR рөлі қандай? Алдымен заң білімін алған адам ретінде Сізге HR жұмыс істеген ұнай ма?

- Менің өз пайымым мынадай: HR ұйымды дамытуда теңгерім құруға және корпоративтік мәдениетті күшейтуге арналған, сондықтан HR-бөлімше жұмыстың мазмұнды бөлігіне сергек болуы тиіс. Мен атап өткенімдей, HR жұмысында адам ресурстарын ұтымды бөлу  және кепілдендіру үшін қолайлы орта құру маңызды, бұл әділ адамдар керекті уақытта керекті позицияларда жұмысқа тартылатын болады. Менің тәжірибем HR-дегі үздік мамандардың шын мәнінде кім адамдардың қамын ойлайтындығын көрсетеді.

Қорға келетін болсақ, мамандардың пысықталған күшті жақтарын сақтай отырып, бізге превентивті ден қою, стратегиялық жоспарлау бойынша олардың құзыретін дамытуы қажет.

Біз ұйымдағы адамдардың әлеуетін анықтап және ашып көптеген нәрсеге қол жеткізер едік деп ойлаймын.  Мұның жасалуы үшін қолайлы атмосфера, корпоративтік мәдениет құру маңызды.  Бүкіл дүние жүзінде әлеуеті ашылмаған адамдар бар, сондықтан біздің міндет -  холдинг қызметкерлерін кәсіби де, жеке жоспарында да жақсы жағына қарай өзгерту. 

- «Самұрық-Қазына» қорын оның қатарында «ебелектер» мен «пысықайлар» деп аталатындардың - басқаша айтқанда, алып отырған орындары өздерінің кәсіби сапаларына сай емес қызметкерлердің болуына байланысты жиі сынға алады. Шынында да солай ма?

- Мен келгенге дейін Қордағы істің мән-жайы қалай болғанын білмеймін, бірақ та қазір бірыңғай мынаны айта аламын:  компаниялар тобында ешқандай масыл топтар жоқ. Мен мамандардың кәсіби шеберлігіне және олардың орасан зор әлеуетіне өте таң қалдым. Қызметкерлердің бәрі толығымен барлық талаптарға сәйкес келеді. Мен адамдарды іріктеу процесін – тестілеу, әңгімелесу жүйесін зерделедім. Ерте ме, кеш пе жұмысқа қойылатын жоғары талаптар електен өткізіледі, сіз айтқандай «ебелектер» мен «пысықайлар» анықталатын болады.  HR мен желілік менеджмент біздің бүгінгі құбылыс пен жоспарларды ескере отырып, үздік мамандарды тартуымызға кепілдік беруі қажет. Егер кадрларды іріктеу кезінде кеткен қателіктер болса, онда олар жұмыс барысында түзетілетін болады.


- Қор қанша жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ-ның барлық компаниялар тобы бойынша әкімшілік персонал санын қысқартып келеді. Одан әрі қысқарту үшін резервтер бар ма немесе бағдарламаны аяқталған деп санауға бола ма?

- Мемлекет басшысы қойған міндеттерді және кадрлық қамтамасыз етілумен ағымдағы ахуалды ескере отырып, мен болашақта персоналды қысқарту екіталай, қайта керісінше болады деп санаймын. Жаңа міндеттерді ескеретін болсақ, бізге тиісті дағдысы және кәсіби тәжірибесі бар адамдар қажет болады. Бізге жобалау менеджментін, бизнестік аралас саласын дамыту қажет, сондықтан персоналды қысқарту – бұл қара бастың қамы емес.


- Персоналды басқаруда кеңістікті басқаруға дейін барлық ұсақ-түйек дүниелер да маңызды. Қор офистерінде ол дұрыс жоспарланған ба? 
- Біздің ғимаратымыз өте әдемі, аса тамаша жерге орналасқан, жақсы жабдықталған, бірақ оның жоспарына менің көңілім толмайды. Мен біздің офисіміз бір-екі қабатта орналасқанын қалар едім. Таза ауа қажет, яғни адамдармен кездескенде формальсіз әңгіме кезінде бір шыныаяқ кофені ашық аспан астында ішкенге не жетсін. Шынын айтсам, маған осы жетіспейді. Мен ашық есік саясатын қолдаушымын, адамдар кездесуге алдын ала уақыт белгілемей, бір біріне кіріп-шығып ой бөліскен жақсы. Мұнда бұлай қабылданбаған. Қандай жағдай болғанда да, бұл әзірше осылай. Бұл өкінішті, біз бір-бірімізден сабақ алудың бағалы мүмкіндігін осылай жіберіп аламыз.    

Лэйла БАСАРОВА, сурет автордікі, Астана

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика