Дархан Қалетаев, «Самұрық-Қазына» АҚ жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас директор: Отандық спортшылар Паралимпиадалық Азия ойындарына 65 жолдама алуды көздеп отыр

Қазақстандықтар 2014 жылғы Паралимпиадалық Азия ойындарына 60-тан астам жолдама ұтып алуды көздеп отыр. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметi брифингi барысында Ұлттық Паралимпиялық комитеттің президенті Дархан Қалетаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 

«Азия ойындары туралы айтатын болсақ, жоспар бойынша бiздiң паралимпиадалық құрама 60-65 адамға толады деген ойдамыз. Әлi лицензия алуға алда 3 ай уақыт бар. Қазiргi кезде 51 лецензияны алдық. Тағы 10-15-ке жуық лицензия аламыз деген ойымыз бар. Жеңiл атлетика мен жүзу спорт түрлерi бойынша лицензияларды көп ұтып алдық», - дедi Д.Қалетаев. 

Жүзу спорты бойынша Паралимпиадалық Азия ойындарына лицензия ұтып алған спортшы Зульфия Габидуллинаның айтуынша, жолдама алу оңайға түспеген.

«Бiз әрдайым жақсы нәтиже көрсететiнiмiзге үмiттенемiз. Барлығымыз 100 пайыз спорттық даярлыққа көңiл бөлiп отырмыз. Әрбiр паралимпиадалық өз алдына мiндет қойып отыр және оған жету жолында қолынан келгенiнiң барлығын жасайды. Бiздерге үлкен үмiт артылып отырғанын жақсы түсiнемiз. Осы жылы жолдаманы иелену қиынға соқты деуге болады. Менiң бойымда тiптi қорқыныш сезiмi де пайда болды. Себебi, бiздердi сыныпқа бөлмей, барлығымызды бiрiктiрiп тастады. Жүре алатын спортшылармен бәсекелесу оңайға түспедi. Жекелеген санаттар бойынша, әрине, бiрiншi орындамыз. Дегенмен, айтарлықтай қиын болды», - дедi ол BNews.kz тiлшiсiне берген сұхбатында.

Естерiңiзге сала кетейiк, 2014 жылғы Паралимпиадалық Азия ойындары Корея Республикасының Инчхон қаласында өтедi. 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика