«Самұрық-Қазына» элиталы клубтың мүшесі атанды

«Самұрық-Қазына» Егеменді әл-ауқат қорларының халықаралық форумының ресми мүшесі атанды. Арнайы құжатқа Катар астанасы Дохада өткен басқосу кезінде басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен форум басшысы Бадер Мохаммад әл-Саад қол қойды.

Форумға бұған дейін әлемдегі 25 бірдей егеменді әл-ауқат қоры мүше болған. «Самұрық-Қазына» ұйым құрамына 26-шы мүше болып енді. Және ол Қазақстанның атынан қатысып отырған алғашқы қор. 

Ауқымды шара қонақтарын Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни қабылдады. 

Тақырып бойынша бейне:

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика