РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Есімов Ахметжан Смағұлұлы

Есімов Ахметжан Смағұлұлы

Басқарма төрағасы

1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген
1974 ж. – «Ауыл шаруашылығы өндірісінің процестер механизациясы» мамандығы бойынша Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген
1991 ж. – «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін тәмамдады. Экономика ғылымдарының докторы (1999)
1990 жылдан ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары, ал 1991 жылы ҚазКСР Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің бірінші орынбасары
1991–1992 жж. – Алматы облыстық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы
1992–1994 жж. - Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы
1994-1996  жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
1996–1998 жж.  – Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы
1998–2001 жж.  - ҚР Бенилюкс мемлекеттеріндегі (Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі және Люксембург Ұлы Герцогтігі) Төтенше және Өкілетті Елшісі. ЕО-да және НАТО-да Қазақстан Республикасының Өкілділігін басқарды
2001–2006 жылдары – Қазақстан Республикасының  Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
2006 жылдың қаңтарынан бастап 2008 жылдың сәуір айына дейін – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
2008 жылдың  сәуірінен бастап 2015 жылдың тамыз айына дейін  - Алматы қаласының әкімі,  «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы
2015 жылдың  тамызынан бастап 2017 жылдың желтоқсанына дейін  – «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы
2017 жылдың желтоқсанында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
«Қазақстанның Еңбек Ері», «Құрмет белгісі», «Достық», «Парасат», «Отан» ордендерімен марапатталған.

Ұйымдастыру құрылымы туралы көбірек біліңіз

Қоржын компаниялар
© 2009-2020 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего