РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ


Өзің дамы – елді дамыт!


«Jas Samuryq» жобасы Қорда Жастар жылы аясында іске қосылды және «Самұрық-Қазына» холдингіне кіретін компаниялардың жас мамандарын біріктіретін алаңға айналды.

Жобаның негізгі мақсаттары:

• белсенді жастардың шығармашылық және әлеуметтік бастамаларын қолдау;

• жас мамандардың кәсіби дамуына жағдай жасау, Қор компанияларының мақсат-міндеттеріне қол жеткізуде олардың әлеуетін пайдалану.

«Jas Samuryq» жобасы Қорға қарасты компаниялар мен олардың еншілес кәсіпорындарының жастарын біріктіріп отыр. Ал бұл - 35 жасқа дейінгі 90 мыңға жуық адам.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің бұйрығымен 2019 жылдың 16 қаңтарында Қор компанияларында Жастар жылын өткізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды және жоба аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары жасалды.

Бүгінде «Jas Samuryq» аясында жастарды дамыту және олардың шығармашылық бастамаларын қолдауға арналған игілікті істер жүзеге асырылуда. Мәселен, талантты жас мамандарды қолдауға бағытталған «Цифрлық жаз» жобасы, «Жас өркен» тәлімгерлік бағдарламасы, өндірістік форумдар мен байқаулар, экологиялық, қайырымдылық және еріктілер акциялары, зияткерлік ойындар, КВН, спартакиада мен өзге де көптеген маңызды іс-шаралар легі.

Jas Samuryq жаңалықтары

Қазақстан ЖОО-ның 78 студенті Қор компаниялар тобында тағылымдамадан өтеді
17.06.2019
Баспасөз хабарламалары
Қазақстан ЖОО-ның 78 студенті Қор компаниялар тобында тағылымдамадан өтеді
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  жас IT – мамандарға арналған үш айлық «Цифрлық жаз» тағылымдама бағдарламасының соңғы кезеңінің басталғанын жариялады.  Тағылымдаманың қорытындысы бойынша үздік үміткерлер жұмысқа орналасады. Аталмыш бағдарлама жастар жылы аясында Қазақстан жастарын қолдау...
"Үздік маман" атанған жастарға қосымша ақы тағайындалады
17.04.2019
Баспасөз хабарламалары
"Үздік маман" атанған жастарға қосымша ақы тағайындалады
"ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобында дәстүрлі әрі жыл сайынғы "Үздік маман-2019" жұмысшылардың кәсіби шеберлік байқауы басталды.
Цифрлық жаз: алғашқы кезеңге 1500-ден астам жас маман қатысты
12.04.2019
Баспасөз хабарламалары
Цифрлық жаз: алғашқы кезеңге 1500-ден астам жас маман қатысты
"Самұрық-Қазына" АҚ "Цифрлық жаз" тағылымдама бағдарламасының бірінші іріктеу кезеңін аяқтады. Алғақшы кезеңде бағдарламаға қатысуға 1554 адам өтініш білдірді. АЛ 2018 жылы өтініштер саны 510 болатын деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.
Еуропадағы қазақ жастары Тау-Кен Самұрық жаққа елеңдеп отыр
25.01.2019
Баспасөз хабарламалары
Еуропадағы қазақ жастары Тау-Кен Самұрық жаққа елеңдеп отыр
Бүгінгі таңда шетелдегі қазақстандық ғалым жастар тобы еліміздегі кен орындарынан шығатын қалдықтарды қайта өңдеу мен сирек кездесетін, қымбат металл түрлерін алу мәселелерін зерттеуге кірісті. Бұл ретте Ұлыбританиядағы Қазақстан РһD қауымдастығы "Самұрық-Қазына" қоры мен оның компаниялар тобына арнайы ұсыныспен шығып отыр.


Қоржын компаниялар
© 2009-2019 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего