Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету
Жоғары қаржылық көрсеткіштер мен инвестициялардан түсетін кірісті қамтамасыз етуші, сондай-ақ портфельді алдыңғы қатарлы әл-ауқат қорлары деңгейінде дамытушы инвестициялық холдинг.
Қазақстан Республикасындағы инвестициялар
Қор инвестицияларды Қазақстан экономикасының әртүрлі секторларын дамыту және Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар жобаларды (негізгі мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес) дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген және жекеменшік сектордың дамуына кедергі келтірмейтін, "сары парақтар" қағидатымен белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы шегінде жүзеге асырады.Қазақстан Республикасының шегінен тыс инвестициялар
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада даму стратегиясы әртараптандыру арқылы кірістілікті арттыру, әл-ауқатты сақтау мақсатында ұлттық экономикамен және өнеркәсіппен байланысты емес Қазақстан Республикасынан тыс инвестицияларды бөлуді көздейді. Қор жетекші тәуелсіз қорлармен, сондай-ақ бірлескен тікелей инвестицияларды жүзеге асыру үшін басқа инвестициялық компаниялармен және қорлармен әріптестік қатынастар құрады, нәтижесінде олар Қазақстанның өнеркәсіп салаларыменКорпоративтік басқару
Қор тиімді басқаруды қамтамасыз ету, инвестициялық тартымдылықты арттыру және белсенді инвестор функциясын сәтті орындау мақсатында Қорда және портфельдік компанияларда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) корпоративтік басқару жөніндегі ұсынымдарына сәйкес корпоративтік басқарудың озық тәжірибесін енгізуді жалғастыруы қажет.Адами капиталды дамыту
Тиімді корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, меритократияның негізге алынатын қағидаттарын енгізу, адамдарды трансформациялау және «коммерциялық» ойлау мен өзгерістерге әзір болу үшін жаңа мінез-құлық модельдерін енгізу арқылы Қорда және портфельдік компанияларда персоналды дамыту бойынша үздік тәжірибелерді пайдалануды қамтамасыз етеді.Демеушілік қызмет және әлеуметтік жауапкершілік
Қор демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуді жалғастырады. Көмектің бөлінуі қайта қаралуға және қоғам қажеттілігіне қарай басымдық берілуге тиіс. Ең үздік тәжірибелерге сүйене отырып, Қор денсаулық сақтауға, білім беруге, жастардың кәсіби дамуына, қоғамдастықты, қоршаған ортаны, өнер мен мәдениет мұрасын, білімді дамытуға, зерттеулерге, инновацияларға, ғылым мен технологияларға, бақытсыздыққа ұшыраған тұлғалар мен отбасыларына қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды қаржыландырады.Тұрақты даму бастамалары
Қор қызметтің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін тиімді және сәтті басқару мақсатында жоғары этикалық стандарттарды ендіреді және сенімге негізделген корпоративті мәдениетті қалыптастырады, корпоративті басқаруды жетілдіреді, қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етеді, адами капиталға инвестициялауды, экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайды.