Қайырымдылық қызмет

2024 жылы «Samruk-Kazyna Trust» денсаулық сақтау, білім беру, спорт, инклюзияны дамыту, креативті индустрия саласында жалпы сомасы 36,6 млрд теңгеге жобаларды іске асырды, сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Жобалар халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, Қор компаниялары бар өңірлерде, сондай-ақ мемлекет ресурстары жеткіліксіз бағыттарда коммерциялық емес ұйымдармен серіктестікте жүзеге асырылды.
Қайырымдылық жобаларының тікелей бенефициарларының жалпы саны 700 мыңға жуық адамды, оның ішінде 101 мыңнан астам ауыл халқы және 500 жұмысқа орналастырылған адамды құрады.
Денсаулық сақтау саласында медициналық және оңалту көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, емдеудің инновациялық әдістерін енгізуге және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға көңіл бөлінді.
Мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арналған 10 оңалту орталығы іске қосылды. Астана қаласындағы «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ-да D-WALL роботтандырылған зертханасы сатып алынды. Қазақстанда диагнозы емделмейтін 10 баланы емдеу ақысы төленді. Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын жақсарту үшін стационарлар мен жартылай стационарларда жұмыс істейтін мемлекеттік медициналық- әлеуметтік мекемелер мамандарының пәнаралық тобының 72 мүшесін оқыту және біліктілік деңгейін арттыру ұйымдастырылды.

2024 жылы Қор Ұлттық комиссиямен бірлесіп «Туған елге саяхат» және «Медициналық пойыздар» қайырымдылық жобаларын іске асырды:
- «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының талантты балалары мен өндірісші балаларына арналған жазғы лагерь форматындағы «Туған елге саяхат» жобасы.
- 400 бала, олардың жартысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден лагерьдің 2 турының жұмыс істеуі арқылы экскурсиялық лагерьге қатысуға мүмкіндік алды;
- «Медициналық пойыздар» жобасы еліміздің
шалғайдағы станцияларының
тұрғындарына медициналық поезға бару
арқылы білікті медициналық және құқықтық
көмек көрсетуге бағытталған.
2024 жылы шалғай аудандардың 101 000-нан астам тұрғыны сапалы медициналық және құқықтық көмек алды.
Сондай-ақ, Алматыда Даун синдромы бар балаларға арналған орталық жыл сайын 90 баланы қамтумен жұмысын жалғастыруда.
Инклюзияны қолдау саласында тек 2024 жылы Астана қаласы мен Ақмола облысында 14 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. 21 елді мекенде 890-нан астам тәрбиеленушіні қамти отырып, 78 бейімделген спорт секциялары ұйымдастырылды, 200 балалар мен жасөспірімдерге (10-18 жас) арналған спорттық лагерьдің 4 маусымы өткізілді, балалардың церебральды сал ауруы, психорелевтік дамуы тежелген, аутизм, көру қабілеті бұзылған және олардың ата-аналары, ментальды және моторлы бұзылулары бар 30 бала кәсіби жаттықтырушылармен велоспортпен айналысады. Сондай-ақ, Астана қаласында инклюзивті қалалық және әлеуметтік орта құру үшін ресурстық оқу- әдістемелік орталық ашылды, қолжетімділікті бағалау бойынша сарапшылар оқытылды, сондай-ақ қаланың 15 ірі туристік объектілерінің мүгедек адамдардың қажеттіліктеріне сәйкестігіне бағалау жүргізілді, мүгедек азаматтарды оқыту үшін жағдайлар жасалуда. 2024 жылы мүмкіндігі шектеулі 180 адам бүкіл ел аумағында digital- бағыттар бойынша оқудан өтті.
Білім беру саласында еліміздің түрлі оқу орындарында Жаңаөзен қаласының 133 студентін оқыту жалғасуда. 2024 жылғы IQanat High School of Burabay 50 түлегінің 50-і жоғары оқу орындарына, 80%-ы грантқа түсті. Спорт саласында инфрақұрылымды дамытуға және қолжетімді спорттық ортаны құруға үлес қосылды. 6 ірі спорт кешені, оның ішінде Қызылорда қаласындағы үстел теннисі орталығы және Түркістан қаласындағы бокс орталығы салынды. Шығармашылық индустрияны дамыту аясында дарынды жастар үшін Петропавл қаласында «Qyzylzhar Creative Center» шығармашылық хабы ашылды.
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету мақсатында Қор компанияларының барлық тобы атынан 22 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жалпы сомасы шамамен 8 млрд теңгеге қажетті техника, жанар-жағармай материалдары, гуманитарлық көмек, сондай-ақ адамдарды тегін тасымалдауды қамтамасыз ету түрінде қосымша көмек көрсетілді. Осылайша, Samruk-Kazyna Trust мақұлдаған сомасы 36,6 млрд теңге болған жобаларын, сондай-ақ 8 млрд теңге мөлшеріндегі қосымша көмекті ескере отырып, қайырымдылық қызметі шеңберінде көрсетілген көмектің жалпы бюджеті 44,6 млрд теңгені құрады. «Қазақстан халқына» Қоғамдық Қорымен серіктестік жалғасуда, оның шеңберінде аутизмі бар балаларға арналған 13 ерте қолға алу орталығын және 10 оңалту орталығын ашу бойынша жобалар іске асырылуда. Екі бағыт бойынша балаларды жалпы қамту даму ерекшеліктері бар 2700-ден астам баланы құрайды.
2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР
2025 жылы «Самұрық-Қазына» Қоры негізгі бағыттар: инклюзия, спортты, мәдениетті дамыту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша ауқымды бастамаларды іске асыра отырып, белсенді қайырымдылық және әлеуметтік қызметті жалғастырады. Барлық жобалар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік әділеттілікке және елдің тұрақты өркендеуіне жәрдемдесуге бағытталған.
ИНКЛЮЗИЯ
Инклюзивті ортаны қалыптастыру Қор қызметінің басымдықтарының бірі болып қала береді. Бір жылда Қазақстан өңірлерінде жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар 1 850-ден астам баланы қамтитын он жаңа оңалту орталығын ашу жоспарлануда.
Ерекше балаларға арналған спорттық-инклюзивті жазғы лагерь ұйымдастыру жоспарланған, оның шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсетілетін болады. «Туған елге саяхат» жобасы аясында жыл сайынғы экскурсиялық пойызды іске қосу жоспарлануда.
Барлығы 600 бала қамтылады, оның ішінде Қор тобы кәсіпорындары қызметкерлерінің 200 баласы бар.
Жаңаөзен қаласының әлеуметтік осал отбасыларынан шыққан балаларды еліміздің озық білім беру ұйымдарында оқыту үшін жағдай жасау арқылы қолдауға бағытталған «Жарқын болашақ» жобасын іске асыру жалғастырылады.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қор балалар үйінің 8-9 сынып оқушыларын қажетті жұмысшы мамандықтары бойынша колледждерге түсуге дайындау бойынша арнайы бағдарламаны іске қосады.
Барлығына қолжетімді білім беру жобасын жалғастыру аясында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 15 инклюзияны қолдау кабинетін - Астанада он және Атырау облысында бес кабинетін ашу жоспарлануда. Күтілетін қамту шамамен 400 баланы құрайды.
Қарттардың бос уақытын ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайту және қоғаммен белсенді өзара әрекеттесу үшін Тараз қаласында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» жаңа ғимаратын салу және қайта жаңарту басталады.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, мамандары еліміздің шалғай және ауылдық өңірлерінің 100 мыңға жуық тұрғынына тегін медициналық және құқықтық көмек көрсететін «Саламатты Қазақстан» дәстүрлі медициналық пойызының жүрісі жалғасатын болады.
СПОРТТЫ ДАМЫТУ
Қазақстанның ауылдық өңірлерінде, оның ішінде Ақмола, Ұлытау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында төрт жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады.
Сондай-ақ, Семей қаласында барлық жастағы адамдарға дене шынықтырумен айналысу үшін инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ететін заманауи спорт кешенінің құрылысы жоспарланған.
МӘДЕНИЕТ
Орал қаласында «OzgeEpic Oral» шығармашылық хабы ашылады, ол жастар, шығармашылық қоғамдастықтар мен кәсіпкерлер үшін тарту нүктесіне айналады. Семей қаласында оқу мәдениетін және білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған мамандандырылған кітапхана жұмысын бастайды. Алматы қаласында Қастеев атындағы Өнер мұражайында жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Сондай-ақ, 2025 жылы Астанада 600 оқушыға арналған Қазақстандық-Неміс мектебінің құрылысын бастау жоспарлануда. «Самұрық- Қазына» қоры әлеуметтік тұрақтылықты нығайта отырып және адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге қабілетті бастамаларды қолдай отырып, тұрақты даму идеясын ұстанады.
