Жылдық есеп / 2024

Директорлар кеңесі жанындағы комитеттер

Директорлар кеңесінің шешімдері әр мәселені талқылауға және талдауға жеткілікті уақыт бөлетін тиісті комитеттердің мұқият қарауынан кейін қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Комитеттер Директорлар кеңесінің құзыретіндегі мәселелерді терең талдауды және мұқият зерделеуді қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады, осылайша қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Комитеттер Директорлар кеңесінің отырыстарында қарау алдында неғұрлым маңызды мәселелер бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізу және ұсынымдар әзірлеу үшін құрылады. Комитеттердің болуы Директорлар кеңесінің мүшелерін Директорлар кеңесінің құзыреті шеңберінде қабылданған шешімдер үшін жауапкершіліктен босатпайды. Комитеттер төрағалары жыл сайын комитеттердің қызметі туралы есептер дайындайды, содан кейін олар Директорлар кеңесінің отырыстарында ұсынылады және қаралады.

АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

КОМИТЕТТІҢ РӨЛІ

Аудит жөніндегі комитет Қордың Директорлар кеңесінің консультативтік-кеңесші органы болып табылады және Қордың Директорлар кеңесіне оның қаржылық есептіліктің тұтастығына, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінің тиімділігіне, сондай-ақ корпоративтік басқару қағидаттары мен заңнаманы сақтауға бақылау функцияларын орындауға жәрдемдесу үшін құрылған.

Сонымен қатар, Аудит жөніндегі комитет Қордың Директорлар кеңесіне сыртқы аудиторларды тағайындау немесе қайта тағайындау туралы ұсыныстар береді.

Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес, бухгалтерлік есеп және аудит, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау салаларында терең білімі мен практикалық тәжірибесі бар тәуелсіз директорлар ғана Аудит жөніндегі комитеттің мүшелері бола алады.

АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

2024 жылдың 10 желтоқсанынан бастап тәуелсіз директор Вонг Хэн Файн Қордың аудит комитетінің құрамына кірді (№244 хаттама).

АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТТІҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ

Өткен жылы Аудит жөніндегі комитет сыртқы және ішкі аудит, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесі, қаржылық есептілік, корпоративтік басқару және комплаенс саласындағы 46 мәселені қарады. Қордың Директорлар кеңесіне ұсынылатын материалдардың, сондай-ақ ұсынымдардың сапасын арттыру мақсатында Аудит жөніндегі комитет қатысушылардың санын ескере отырып, күн тәртібінің әрбір тармағын қарауға және талқылауға жеткілікті уақыт бөлу үшін отырыстарды жоспарлауға және дайындауға ерекше назар аударды.

СЫРТҚЫ АУДИТ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША
ІШКІ АУДИТ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША
КОМПЛЕАНС ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША
ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША

2024 жылы Аудит жөніндегі комитет 18 отырыс, оның ішінде 9 бетпе-бет және 9 сырттай отырыстар өткізді. Қорытындылай келе, Аудит жөніндегі комитет өз құзыреті шегінде әртүрлі салаларда 46 мәселені қарастырды, оның ішінде мәселелердің 80%-ы бетпе- бет отырыстар шеңберінде қаралды және мәселелердің 20%-ы сырттай отырыстарда қарастырылды.

Сырттай отырыстар негізінен Қордың саясатына сәйкес сыртқы аудитор ұсынатын аудиторлық емес қызметтерді бекітуге және сыртқы аудиторлық ұйымның тәуелсіздігін сақтауды қамтамасыз етуге арналғанын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, ішкі және сыртқы аудит, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, корпоративтік басқару және комплаенс мәселелерін талқылау үшін Аудит жөніндегі комитет мүшелерінің қатысуымен Ішкі аудит қызметінің Басшысымен, Комплаенс қызметінің басшысымен және Қор басшылығымен Аудит жөніндегі комитет отырыстарының шеңберінен тыс бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.

Комитет мүшелерінің 2024 жылғы отырыстарға қатысуы

Аудит жөніндегі комитеттің мүшесі Лауазымы Комитет отырыстарына қатысу (%)
1. Лука Сутера Тәуелсіз директор, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет төрағасы 100% (18/18)
2. Жәмішев Болат Бидахметұлы Тәуелсіз директор, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі 100% (18/18)
3. Вонг Хэн Файн Тәуелсіз директор, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі 100% (2/2)

СТРАТЕГИЯ КОМИТЕТІ

КОМИТЕТТІҢ РӨЛІ

Қордың Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы шешімімен Стратегия жөніндегі комитет құрылды, оның құзыретіне Қордың Директорлар кеңесіне төмендегі мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу кіреді:

СТРАТЕГИЯ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Комитет кемінде 3 (үш) мүшеден тұрады, олардың біреуі тәуелсіз директор болуға тиіс. Комитет мүшелерінің өкілеттік мерзімі олардың Қордың Директорлар кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттік мерзіміне сәйкес келеді.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес Стратегия жөніндегі комитеттің төрағасы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 6 ақпандағы №464 Жарлығына сәйкес Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Жоғарыда аталған өзгерістерге байланысты Стратегия комитетінің жаңартылған құрамы келесідей болды: Байбазаров Нұрлан Серікұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі - Комитет төрағасы; Жәмішев Болат Бидахметұлы - тәуелсіз директор.

СТРАТЕГИЯ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ

2024 жылы Стратегия жөніндегі комитетінің 4 отырысы, оның ішінде 1 бетпе-бет және 3 сырттай өткізілді. Комитет отырыстары Комитеттің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес тұрақты негізде өтті, оған Комитет қызметінің бірінші кезектегі және маңызды мәселелері кірді. Аталған кезеңде Комитет өз құзыреті шеңберінде 15 мәселені қарады.

Комитет отырыстарында келесі мәселелер қаралып, талқыланды:

Стратегия жөніндегі комитеттің қызметін тоқтату

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қазандағы №872 қаулысының қабылдануына байланысты, нәтижесінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы лауазымы Қордың Директорлар Кеңесінің құрамынан шығарылды, басқару құрылымын қайта қарау қажеттілігі туындады. Аталған шешімнің салдарынан жеке Стратегия жөніндегі комитеттің қызметі өзектілігін жоғалтты, өйткені стратегиялық жоспарлау мәселелері Директорлар кеңесі деңгейінде тиімді қаралуы мүмкін. Бұл өзгеріс шешім қабылдаудың жеделдігі мен икемділігін арттыра отырып, келісудің қосымша деңгейлерін жояды.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 10 желтоқсандағы №244 шешімге сәйкес Қордың Директорлар кеңесі Стратегия жөніндегі комитетінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Комитет мүшелерінің 2024 жылғы отырыстарға қатысуы

Стратегия жөніндегі комитеттің мүшесі Лауазымы Комитет отырыстарына қатысу (%)
1. Қуантыров Әлібек Сәкенұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет төрағасы 100% (1/1)
2. Байбазаров Нұрлан Серікұлы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет төрағасы 100% (3/3)
3. Жәмішев Болат Бидахметұлы Тәуелсіз директор, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі 100% (4/4)

ТРАНСФОРМАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

КОМИТЕТТІҢ РӨЛІ

Трансформация бағдарламасының іске асырылуын бақылау комитеті Қордың Директорлар кеңесінің консультациялық- кеңесші органы болып табылады. Оның құзыретіне Қордың Директорлар кеңесіне Қордың Трансформация бағдарламасының іске асырылуын мониторингілеу және бағалау мәселелері бойынша, сондай-ақ Қор тобының активтерін жекешелендіру және қайта құрылымдау мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу кіреді.

ТРАНСФОРМАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

2024 жылы Трансформация бағдарламасының іске асырылуын бақылау комитетінің құрамында өзгерістер болған жоқ.

2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша комитет құрамы:

КОМИТЕТТІҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ

2024 жылы Трансформация бағдарламасының іске асырылуын бақылау комитетінің 5 сырттай отырысы өткізілді. Комитет отырыстары Комитеттің 2024 жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес тұрақты негізде өткізілді, ол өз кезегінде Комитет қызметінің бірінші кезектегі және аса маңызды мәселелерін қамтыды. Аталған кезеңде Комитет өз құзыреті шеңберінде 10 мәселені қарады.

Комитет отырыстарында келесі мәселелер қаралып, талқыланды:

Трансформация бағдарламасының іске асырылуын Бақылау комитетінің қызметін тоқтату

«Самұрық-Қазына» АҚ тобының портфельдік компанияларын цифрландыруға және жаңғыртуға бағытталған трансформация бағдарламасын іске асырудың аяқталуына, сондай-ақ топтың ағымдағы операциялық қызметі шеңберінде қалған іс-шаралар мен жобалардың ауысуына байланысты Қордың Директорлар кеңесі Трансформация бағдарламасының іске асырылуын Бақылау комитетінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады (2025 жылғы 23 сәуірдегі №251 шешім).

Комитет мүшелерінің 2024 жылғы отырыстарға қатысуы

Член Комитета по контролю за реализацией Программы трансформации Должность Участие в заседаниях Комитета
Должность % посещаемости
1. Бектенов Олжас Абаевич Премьер-Министр Республики Казахстан, Председатель Совета директоров Фонда, Председатель Комитета 5 из 5 100%
2. Жамишев Болат Бидахметович Независимый директор, член Совета директоров Фонда, член Комитета 5 из 5 100%

ТАҒАЙЫНДАУЛАР МЕН СЫЙАҚЫЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

КОМИТЕТТІҢ РӨЛІ

Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі Комитет ұсынымдар беруге және мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар қалыптастыруға жауап береді:

ТАҒАЙЫНДАУЛАР ЖӘНЕ СЫЙАҚЫЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТТІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі Комитет негізінен тәуелсіз директорлардан құрылады. Мұндай құрылым мүдделі тараптардың комитет мүшелерінің пікірлері мен пайымдарына әсер ету мүмкіндігін болдырмай, шешім қабылдауда объективтілік пен тәуелсіздікке арналған.

2024 жылы Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет құрамында өзгерістер болған жоқ.

2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Комитет құрамына келесі тұлғалар кірді:

ТАҒАЙЫНДАУЛАР МЕН СЫЙАҚЫЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТТІҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ

2024 жылы жылы Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің 4 сырттай отырысы өткізілді.

Комитет отырыстары Комитеттің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес тұрақты негізде ұйымдастырылды, оған Комитет қызметінің бірінші кезектегі және маңызды мәселелері кірді. Аталған кезеңде Комитет өз құзыреті шеңберінде 7 мәселені қарады.

Комитет отырыстарында келесі мәселелер қаралып, талқыланды:

Комитет мүшелерінің 2024 жылғы отырыстарға қатысуы

Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі Лауазымы Комитет отырыстарына қатысу
Барлығы Қатысу %
1. Бектенов Олжас Абайұлы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы, Комитет төрағасы 4/4 100%
2. Мұхаммед Джамиль Исмаил Әл Рамахи Тәуелсіз директор, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі 4/4 100%
3. Лука Сутера Тәуелсіз директор, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі 4/4 100%

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КОМИТЕТ

Мамандандырылған комитет Қор тобының құрамына кіретін ұйымдар қызметінің тұтастай немесе нақты саланың экономикалық дамуына әсерін кешенді және объективті талдауды жүзеге асырады. Талдау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, республикалық бюджеттен қаражатты пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктер мен активтерге байланысты мәселелерді қарауды болдырмайды.

2023 жылғы 13 маусымда Қорға Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі - ЖАП) №1-12-16/674/1029 хаты келіп түсті, онда Арнайы комитет құрамына ЖАП-ты енгізу Арнайы комитет құрамындағы ЖАП-тың тұрақты мүшелігі және Қордың ІАҚ болған кезде ішкі тексеру іс-шараларына қатысу Қорға қатысты ЖАП-тың аудиторлық іс-шараларында мүдделер қақтығысына алғышарттар жасауы себебінен мүмкін емес екені көрсетілген.

ЖАП-тың жоғарыда көрсетілген ұстанымын ескере отырып, сондай-ақ ЖАП-тың қатысуынсыз Мамандандырылған комитеттің жұмысын жалғастыру қажеттігі жоқ екенін назарға ала отырып, Қор Мамандандырылған комитетті тарату бөлігінде «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.