Жылдық есеп / 2024

Басқарма жанындағы комитеттер

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ-СТРАТЕГИЯЛЫҚ КОМИТЕТ

Инвестициялық-стратегиялық комитеттің негізгі мақсаты Қор активтерінің портфелін басқару шеңберінде басқарушылық шешімдер қабылдау процесінің тиімділігін арттыру болып табылады. Комитет негізгі мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды үйлестіру және тұжырымдау арқылы Қордың стратегиялық ПӘК қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл мәселелер бойынша шешім қабылдауға тәуекелге бағытталған тәсіл үшін жағдай жасауды қамтиды:

2024 жылы Қордың Инвестициялық-стратегиялық комитетінің 79 отырысы өткізілді.

КАДР КОМИТЕТІ

Кадр комитетінің міндеті - Қордың кадр саясатының орындалуын үйлестіру, адам ресурстарын басқару бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ Қор тобына кіретін компаниялар үшін HR саласында әдіснамалық және талдамалық қолдау көрсету.

Кадр комитетінің құрамы Қор Басқармасының шешімімен айқындалады және Кадр комитетінің төрағасын қоса алғанда, кемінде 5 (бес) тұрақты мүшеден тұрады. Кадр комитетінің жұмысына Жұмыс органының және Комитет хатшысының өкілдері (дауыс беру құқығынсыз) қатысады.

2024 жылы Қордың Кадр комитетінің 11 отырысы өткізілді, оның ішінде 1 бетпе-бет және 10 сырттай отырыс. Барлығы 16 мәселе қаралды, олар бойынша 16 шешім қабылданды.

Атап айтқанда, осы отырыстарда келесі мәселелер қаралды:

ЖАҢҒЫРТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС

Жаңғырту жөніндегі кеңес Қор тобының құрамында трансформациялау бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ озық басқару практикаларын, технологиялары мен стандарттарын енгізу жөніндегі қызметті басқару және үйлестіру функцияларын орындайды. Бұл орган Қор басқармасы жанындағы алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және оның шешімдері трансформация бағдарламасын табысты іске асыру үшін маңызды болып табылады.

Жаңғырту жөніндегі кеңестің негізгі міндеттер:

Трансформация бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қордың тиісті органдарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қарауына мәселелерді шығаруға бастамашылық жасау.

2024 жылы отырыстар өткізілген жоқ.

ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕС

«Самұрық-Қазына» АҚ ғылыми-техникалық кеңесі 2019 жылы құрылды. Ұлттық әл- ауқатты қамтамасыз ету үшін ҒЗТКЖ және инновациялар бойынша жобаларды таңдау, есепке алу, мониторингілеу және бақылау, алқалы және транспарентті шешім қабылдау процесінде кеңестің негізгі рөлі болып табылады.

2022 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ ҒЗТКЖ және инновациялар жөніндегі корпоративтік стандарты жаңа редакцияда бекітілді, ол ҒЗТКЖ және Қор тобының инновациялық портфелін басқарудағы бірыңғай тәсілді регламенттейді.

2024 жылы Ғылыми-техникалық кеңестің 11 отырысы өткізілді, оның қорытындысы бойынша 57 перспективалық жоба қаржыландыруға мақұлданды. Жалпы, ғылымизерттеу әзірлемелеріне 84-тен астам өтінім қаралды.

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ, ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ (HSE)

2024 жылы Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті Қор компанияларындағы еңбек жағдайлары мен өндірістің апатсыздығын жақсарту бойынша үйлестіруді жалғастырды.

2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл комитет диалог, өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы стратегиялық бастамалар мен идеяларды ұсыну үшін платформа функцияларын тиімді орындайды.

2024 жылдың қыркүйегінде Комитеттің кезекті 39-шы отырысы Қордың корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі Басқарушы директорының төрағалығымен өткізілді, портфельдік компаниялардың бірінші басшыларына орындау үшін нақты тапсырмалар берілді.

Отырыс соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша өндірістік қауіпсіздік саласында жүргізілген кросс аудиттердің нәтижелерін талқылауға арналды.

ТҰРАҚТЫ ДАМУ КОМИТЕТІ

Тұрақты даму комитеті ЖК Директорлар кеңестеріндегі Қордың Басқармасы мен Қор өкілдеріне ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ осы компаниялардағы тұрақты даму жөніндегі қызметті үйлестіру мақсатында құрылды. Комитет міндетінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

2024 жылы отырыстар өткізілген жоқ.

АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қор тобы шеңберінде ақпараттық қауіпсіздіктің бірыңғай жүйесін құруға және дамытуға қатысты Қор Басқармасына ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті ережесінің құрылымы қайта қаралды, оның шеңберінде Комитет қатысушыларының қатарына ақпараттық қауіпсіздікпен тікелей айналысатын Қор тобының қызметкерлері енгізілді.

Есепті кезеңде Қор тобындағы Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің отырысы аясында АТ- жабдықтарын түгендеу, ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін белсенді пайдалану, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің оқшауланған статусы бойынша ӨК және ЕТҰ ұйымдық құрылымын қайта қарау, Қорды ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары туралы уақтылы хабардар ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі қызметкерлердің лауазымдарына тағайындалатын үміткерлерді Қормен келісу мәселелері қаралды.

2024 жылы Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің 1 отырысы өтті.