Жылдық есеп / 2024

Даму стратегиясы

Біздің көзқарасымыз
Жауапты инвестициялар арқылы адамдардың әл-ауқаты мен қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын ұстанып инновациялық дамуда серпіліс жасайтын ұлттық экономиканың көшбасшысы.
Біздің миссиямыз
Қазақстан Республикасы халқының мүддесі үшін активтердің әртараптандырылған портфелін тиімді басқару және бизнесті қолдау арқылы экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді құнды құру.
Қор қызметінің мақсаты Қор тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) арттыру, сондай-ақ Қор тобына кіретін активтерді тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы №230 қаулысымен Қордың 2023–2032 жылдарға арналған өзектендірілген Даму жоспары бекітілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген «Самұрық-Қазына» АҚ- ның 2032 жылға дейінгі жаңартылған Даму жоспары ағымдағы және болашақ сын- қатерлерді ойдағыдай еңсеруге бағытталған ойластырылған стратегия болып табылады. Сонымен қатар, Қордың даму жоспары негізгі Жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес келеді және ел дамуының ұзақ мерзімді бағытын айқындайтын ұлттық құжат болып табылатын «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға ықпал етеді.

Айта кету керек, Даму жоспары өткен жылдардағы ұқсас құжаттарға қатысты сабақтастықты сақтайды, олармен қайшы келмейді, бірақ жекелеген ережелерді толықтырады және нақтылайды.

Ел дамуының қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайын және Қордың рөлін ескере отырып, бүгінгі таңда инвестицияларды Қазақстан экономикасын дамытуға бағыттаған жөн. Осыған байланысты, алдағы 5 жылда Қорды басқару моделі елдің әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуын қолдау міндеттері бар стратегиялық холдинг ретінде анықталды.

2030 жылға қарай Қор қолайлы нарық жағдайында әрекет ете отырып және өзінің стратегиялық активтеріндегі мажоритарлық үлесті сақтай отырып, инвестициялық холдингке айналуды жоспарлап отыр.

Қор өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықаралық деңгейде «перспективті серіктес» ретінде беделін нығайту үшін өз портфелін әртараптандыруға және оны экспортқа бағытталған инновациялық жобалармен толтыруға ұмтылады.