ESG-рейтингтері және климаттық рейтингтер
Қор тобының портфельдік компаниялары GRI (ағылш. Global Reporting Initiative), TCFD (ағылш. Task Force on Climate-related Financial Disclosures) және CDP (ағылш. Carbon Disclosure Project) сияқты озық халықаралық стандарттарға сәйкес жыл сайынғы қаржылық емес есептілікті (тұрақты даму туралы есептерді) дайындауды тәжірибесіне енгізеді. Бизнестегі нақты өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік беретін құрал ретінде бизнесті жүргізудің әлеуметтік және экологиялық аспектілерін бағалау мен басқаруда шешуші рөл атқаратын ESG-рейтингтерін (Environmental, Social, Governance) алу тәжірибесі енгізілді. Қордың даму жоспары ірі портфельдік компаниялардың алдына 2032 жылға қарай ESG-рейтинг көрсеткіштері бойынша 70% перцентильге кіруге қол жеткізу міндетін қойды.
Қордың портфельдік компаниялары 2024 жылы ESG-рейтингтерінде жақсы нәтижелер көрсетті:
Sustainalytics агенттігі33:
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - 32,8 балл;
S&P Global34 «S&P Global CSA Score 2024» агенттігі:
- «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – 60/100;
- «KEGOC» АҚ - 55/100;
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – 50/100;
- «Қазақтелеком» АҚ – 50/100.
Sustainable Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі35 «Самұрық-Энерго» АҚ-ға жалпы 52 баллмен 3-деңгейдегі ESG-рейтингін берді.
«Климаттың өзгеруі» CDP рейтингтері:
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ - B
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - B
- «Самұрық-Энерго» АҚ - D
- «QazaqGaz» ҰК» АҚ - B
«Су қауіпсіздігі» CDP рейтингтері:
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ - C
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - B
- «Самұрық-Энерго» АҚ - C
Бұл бағалар Қорға және оның портфельдік компанияларына тәуекелдерді азайту және әлеуметтік және экологиялық тиімділікті арттыру мақсатында негізделген шешімдер қабылдауға және тұрақты даму саласында күш салуға көмектеседі. Сонымен қатар, халықаралық ESG-рейтингтері ұйымдардағы ESG-аспектілерін басқарудағы прогресті өлшеудің және растаудың тәуелсіз құралы болып табылады.
34 S&P Global ESG Evaluation оценивает способность компании управлять будущими рисками и возможностями, связанными с ESG- факторами. S&P Global ESG Evaluation компанияның ESG-факторларына байланысты болашақ тәуекелдер мен мүмкіндіктерді басқару қабілетін бағалайды. Әдістеме саладағы талдаушылардың тәжірибесіне негізделген және өткен, қазіргі және болашақтағы компанияға ESG айтарлықтай әсерін бағалау үшін компания басшылығымен терең өзара әрекеттесуге негізделген.
35 Sustainable Fitch «1»-ден «5»-ке дейінгі шкала қолданылады, мұнда «1» ең жақсы көрсеткішті және «5» ең нашар көрсеткішті білдіреді.
