Жылдық есеп / 2024

Қордың тұрақты дамуға қосқан үлесі

Әсер ету матрицасы, млрд теңге

6 ЖТС есебінсіз.
7 ҚҚС есебінсіз, есептеу әдісі бойынша.
8 Баға мен тарифтердің өсуін тежеу мақсатында Қордың әлеуметтік маңызы бар салаларды айқас субсидиялауы.
9 Оның ішінде «Қазақстан халықына» Қоғамдық Қорына бөлулер, есептеу әдісі бойынша.
2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚОРДЫҢ ЕЛДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
10 987
млрд теңге

Қазақстан экономикасының тұрақты өсуінің жаңа моделін қалыптастыруда «Самұрық-Қазына» АҚ маңызды рөл атқарады.

Әлеуметтік жауапкершілікке ерекше назар аударылады. 2024 жылы Қордың әлеуметтік әсері 916 млрд теңгені құрады, оған Акционерге өзге де бөлістер және «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорына қаражат бөлу шеңберіндегі әлеуметтік жобаларға арналған шығыстар, Samruk-Kazyna Trust қайырымдылық жобалары, жұмыскерлер мен қатысу аймақтарын әлеуметтік қолдау, өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету кіреді.

2024 ЖЫЛЫ ҚОРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӘСЕРІ
916
млрд теңге
2024 ЖЫЛЫ ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
8 256
млрд теңге
2024 ЖЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЛАҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
543
млрд теңге
2024 ЖЫЛЫ ҚОРДЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ СУБСИДИЯЛАУЫ
1 272
млрд теңге

2024 жылы іске асырылған негізгі жобалардың бірі Астана қаласында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының құрылысын аяқтау болды.

Елдің экономикалық дамуына қосқан үлесі 8 256 млрд теңгені құрады. Мемлекет пайдасына жалпы сомасы 2 086 млрд теңгеге салық, сондай- ақ 737 млрд теңге мөлшерінде дивидендтер төленді. Қор энергетика, газ инфрақұрылымы, көлік және коммуникацияларды қоса алғанда, экономиканың маңызды инфрақұрылымы мен негізгі салаларына, сондай-ақ барлау мен өндіруге 1 928 млрд теңге инвестициялады. Кәсіпкерлікті қолдау аясында отандық өндірушілерден 3 505 млрд теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алынды.

Экологиялық салаға қосқан үлесі 543 млрд теңгені құрады. Бұл технологияларды енгізуді, энергия тиімділігін, зерттеулер мен әзірлемелерді қамтитын экологиялық төлемдер мен экологиялық шығындар. Сондай-ақ, жалпы сома пайдалану объектілерін жою және экологиялық залалды қалпына келтіру резервтерінен, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген залал үшін міндеттемелер резервінен тұрады.

2024 жылы Қор есебінен бағалар мен тарифтерді айқас субсидиялау көлемі 1,3 трлн теңгені құрады. Шығынды бағыттар кіріс бағыттары есебінен айқас субсидиялауды жалғастыруда.

Теміржол тасымалы транзиттен түскен кірістер есебінен 358 млрд теңгеге субсидияланды. Мұнай өнімдерінің ішкі нарығына экспортты қоса алғанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның басқа бағыттары есебінен 277 млрд теңгеге қолдау көрсетілді. Газдың ішкі нарығы транзит пен газ экспортынан түскен кірістер есебінен 178 млрд теңгеге өтелді.

2024 жылы тарифтік саясатты жақсарту бойынша шаралар қабылданды. Теміржол тасымалы қызметтеріне тарифтер 24%-ға ұлғайтылды. Газбен жабдықтау саласында газға көтерме бағаның 14,6%-ға өсуі жүзеге асырылды. ЖЖМ нарығын мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту туралы шешім қабылданды.