Адами капиталды дамыту

SBA 2004 жылы «Бірыңғай қызметкерді дамыту орталығы» базасында құрылған «Самұрық- Қазына» Корпоративтік университеті» жекеменшік мекемесінен 2022 жылы атауын өзгертті. Бүгінгі таңда SBA озық тәжірибені жинақтау және жаңа білімді қалыптастыру үшін табысты орталық болып табылады.
SBA оқыту, бағалау және қызметкерді дамыту қызметтерін ұсынады. Қазіргі уақытта SBA «СамұрықҚазына» АҚ тобының мамандарын қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен, адам ресурстарын басқару, өзгерістерді басқару, «Самұрық-Қазына» АҚ дамуының стратегиялық мақсаттарына сәйкес корпоративтік мәдениетті қалыптастыру саласындағы процестерді қолдаумен айналысады.
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ
2024 жылы келесі модульдік оқыту бағдарламалары іске асырылды: «HR School», «Школа C&B», «Жеті Қадам», «Комплаенс эксперт», «IR School», «Главный геолог», «Производственный менеджер», «Лидер производственной безопасности для 1 категории».
В 2024 году SBA получило международную Еңбек қауіпсіздігі мәдениетін оқыту 2025 жылға дейін жалғасады.
2024 жылы SBA әзірленген «Өнеркәсіптік қауіпсіздік көшбасшысы» - Vision Zero: Long Term Stability Leadership With SBA модульдік бағдарламасына IOSH Халықаралық аккредитациясын алды. Бағдарлама көшбасшылықтың негізгі аспектілерін, соның ішінде эмоционалды интеллект, ESG-тәжірибелері, құқықтық мәселелер және тиімді төтенше коммуникациялар арқылы компанияның миссиясын әзірлеуді қамтиды. Алынған аккредиттеу көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және нығайтуға, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және өндірістік қауіпсіздікті басқарудың халықаралық стандарттарын енгізуге ықпал етеді.
Халықаралық және жергілікті сарапшыларды тарта отырып, Еңбек қауіпсіздігі мәдениетін өзгерту және жұмыс орындарында өлімге нөлдік төзімділік жасау бойынша 20-дан астам стратегиялық сессиялар өткізілді. Сондай-ақ, 9 форум ұйымдастырылды: ішкі жаттықтырушылар форумы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласындағы HR білімін арттыру форумы, комплаенс форумы, экономикалық форум, өндірістік қауіпсіздік форумдары және т.б.
HR-КОНСАЛТИНГ ҚЫЗМЕТТЕРІ
HR-консалтингтің негізгі бағыттары:
- Жұмысқа қабылдау кезінде және қызметкерлердің лауазымдарға сәйкестігін бағалау;
- Кадр резервін қалыптастыру кезіндегі әлеуетті бағалау;
- Грейдинг.
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН ҚҰЗЫРЕТТІ БАҒАЛАУ
Қызметкерді бағалау - бұл SBA-ның негізгі бағыттарының бірі. Ол мыналар шеңберінде бағалау рәсімдерін өткізуді қамтиды:
- жалдау кезіндегі бағалау;
- кадр резервін бағалау;
- қызметкерді аттестаттау;
- job matching (әр түрлі көздерден алынған деректерді бос орынға үміткердің бірыңғай профиліне сәйкестендіру);
- 360 градус әдісімен бағалау және т.б.
Бұл бағалау құралы компаниялар мен қызметкерлерге басқа мүдделі тараптармен (клиенттермен, жеткізушілермен, басқару органдарымен және т.б.) өзара әрекеттесу сапасын (иерархиялық, кроссфункционалды) бағалауға мүмкіндік береді.
ГРЕЙДИНГ
Грейдинг бойынша жобаларды іске асыру компания үшін және нарықпен салыстырғанда әрбір лауазымның құндылығы негізінде әділ сыйақы жүйесін қолдануға мүмкіндік береді. Қордың портфельдік компанияларында 2016 жылдан бастап «Hay Group» халықаралық әдіснамасы бойынша еңбекақы төлеудің грейдтік жүйесі енгізілуде.
2024 жылы 941 лауазымға бағалау жүргізілді және төмендегі компанияларда еңбекақы төлеудің грейдерлік жүйесін енгізу бойынша жобалар іске асырылды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Bolashaq Investments» LTD, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС.
РЕКРУТИНГ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Рекрутингтің негізгі бағыттары:
- Рекрутинг процесін әкімшілендіру;
- Қызметкерді іздеу мен іріктеудің толық циклі.
2024 жылы Қор және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «KMG Petrochem» ЖШС, «Силлено» ЖШС, «KPI» АҚ, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС және басқа да компаниялар рекрутинг қызметтеріне тапсырыс берушілер болды. Шарттарды іске асыру аясында 183 бос жұмыс орны жабылды.
SBA рекрутинг қызметтерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек ресурстарын дамыту орталығымен меморандумға қол қойылды және еліміздің 9 қаласында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
2024 жылы қазақстандық мамандарды AD Ports Group (БАӘ) компаниялар тобына халықаралық рекрутинг саласында жоба іске асырылды. Нәтижесінде 10 маман жұмысқа орналастырылды.
Мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде «Жәрдемдесу» және «IteachMe» қоғамдық қорларымен, сондай-ақ Астанадағы Оңалту орталығымен және Ten Qogam Мүгедектерді әлеуметтік бейімдеу орталығымен жұмыс жүргізілді.
QSAMRUK1.KZ РЕКРУТИНГ ПЛАТФОРМАСЫ
QSamruk.kz - Қазақстанның жетекші ұлттық компанияларын жалдаудың орталықтандырылған платформасы. QSamruk.kz жобасы 2019 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ тобының компаниясында қолжетімді жұмысқа орналасуды және жалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
2024 жылдың қорытындысы бойынша платформада 551 компания және 247 000-нан астам ізденуші тіркелген.
2024 жылы Enbek.kz порталымен толық интеграция жүргізілді.
Цифрландыру бағыты бойынша 23 жаңа құрал енгізілді, оның ішінде: Job Offer жүктеу мүмкіндігі, түйіндемені талдаудың жаңа үлгілері, есептілікті автоматтандыру, ыңғайлылық пен іріктеу дәлдігін арттыруға арналған құралдар.
Ізденушілер үшін функционалдар іске асырылды: құжаттарды тіркей отырып, мүгедектігі бар адамдарға арналған модуль, түйіндемедегі бөлімдер, хабарламаларды іріктеу, «ТОП Профи» мәртебесі, қолайлы бос жұмыс орындарының толықтай сәйкес келуі үшін мамандандырулар қосылды.
Платформада прокторинг жүйесі, персоналды іріктеу үшін тесттерді импорттауды автоматтандыру мүмкіндігі, тағайындалған тесттердегі өзгерістерден қорғау тетіктері бар.
QSamruk.kz 10-нан астам бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Мүгедектігі бар адамдар үшін онлайн және офлайн форматтағы іс-шаралар мен бос орындар жәрмеңкелері өткізілді. 150-ден астам рекрутер үшін оқыту жүргізілді.
2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР
- QSamruk.kz платформасына 60 000-нан астам жаңа үміткерлерді тарту
- Қызметкерлерді іздеу және іріктеу құралдарында жасанды интеллектті қолдануды кеңейту.
- Модульдік оқыту бағдарламаларын іске қосу: «C&B мектебі», «HR school», «PR school», «Recruitment School», «Кадрлық әкімшілендіру мектебі», «Көшбасшылық және басқарушылық құзыреттер мектебі», «Экология және ESG мектебі» және т.б.
- SBA LMS жүйесін құру (learning management system) - онлайн оқыту, тестілеу және сертификаттар беруді ұсынатын қызметкерлерді оқытуға арналған автоматтандырылған платформа.
- «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының үздік HR-практикаларын тану және танымал ету үшін «HR Brand» номинациясын құру.