Жылдық есеп / 2024

Ақпараттық және коммуникациялық операторлар

«Қазақтелеком» АҚ 1994 жылы құрылған Қазақстанның жетекші телекоммуникациялық компаниясы болып табылады.

Қазақтелеком Халықаралық электрбайланыс одағының Регламентіне және ҚР заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісін және телекоммуникациялардың жеке жүйелерін құру, монтаждау, пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін ҚР байланыс операторы ретінде қызметін жүзеге асырады, жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі операторының, оның ішінде басқа мемлекеттердің байланыс әкімшіліктерімен, компаниялармен, пайдаланушылармен, халықаралық ұйымдармен есеп айырысуды жүргізу құқығымен қалааралық және халықаралық байланыс операторының функцияларын орындайды.

Қазақтелеком Ұлттық ақпараттық супермагистраль-оптикалық-талшықты көлік сақинасын иеленеді, ол деректерді жоғары жылдамдықпен беру үшін Қазақстанның ірі қалаларын желімен байланыстырады. Компанияның инфрақұрылымы 91 000 километрден астам талшықты-оптикалық желілері, 23 деректерді өңдеу орталықтары, 14 000-нан астам базалық станциялары бар («МТ-С» ЖШС 31.12.2024 қоса алғанда), 4G/LTE желісі Қазақстанның барлық ірі қалаларында орналастырылған. 2024 жылы бүкіл ел бойынша 1 823 5G базалық станциясы орнатылды.

2024 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Көрсеткіш 2023 2024
Өндірістік көрсеткіштер:
Тіркелген желілер саны, мың желі 2 510,5 2 277,50
Тіркелген КЖҚ абоненттерінің саны, мың порт 1 889,3 1 857,66
Ақылы теледидар, мың абонент 1 049,2 1 162,45
Мобильді абоненттер, мың абонент 14 471,5 14 848,90
Қаржылық көрсеткіштер24, млрд теңге:
Түсім 687,8 744,5
Операциялық шығындар 517 544,7
Операциялық пайда 171,5 199,8
Таза пайда 104,4 77,2
EBITDA 297,9 309,0
Төленген дивидендтер 33,4 23,1
Төленген салық көлемі 107,9 173,4
Тұрақты даму көрсеткіштері:
Атмосфераға шығарындыдар, тонна 228,57 66,29
Жазатайым оқиғалар 4 5
Өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар 0 0
24 Қаржылық көрсеткіштер Компанияның 2023 және 2024 жылдардағы Шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сәйкес көрсетілген.

2024 жылы Қазақтелеком 5G желісін өрістету және Әзірбайжан - Қазақстан (бұдан әрі - Транскаспий ТОБЖ) бағыты бойынша Каспий теңізінің түбінде талшықты - оптикалық желі салу сияқты стратегиялық маңызы бар жобаларды белсенді іске асыруды жалғастырды.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ

Соңғы жылдары Қазақтелеком жыл сайын ұзақ мерзімді активтерге қомақты қаражат салады. 2024 жылы телекоммуникация желілерін техникалық дамыту және қолдау жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде телекоммуникация желілерін дамытудың мынадай негізгі бағыттары бойынша жұмыстар жасалды:

МОБИЛЬДІ БИЗНЕС

Соңғы 20 жылда ҚР-дағы ең заманауи, технологиялық дамыған және ауқымды ұялы байланыс желілерінің бірін салуға мүмкіндік туды. Компаниялар 2G/3G/4G (LTE/LTE Advanced) ұялы байланыс қызметтерін, қысқа хабарламаларды жіберуді, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді мазмұнға қол жеткізу сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ Интернет желісіне кіруді қоса, деректерді беру қызметтерін ұсынады.

2024 жылы республикадағы ұялы байланыс операторлары бүкіл ел бойынша 1 823 5G базалық станциясын іске қосты.

2022 жылғы желтоқсанда «Кселл» АҚ және «Мобайл телеком-Сервис» ЖШС (бұдан әрі – ұялы операторлар) Консорциумы ҚР-да 5G/IMT бесінші буынының ұялы байланысын енгізу және дамыту үшін жиілік жолақтарын бөлу бойынша аукционда жеңімпаз деп танылды.

2024 ЖЫЛЫ 5G ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛҒАН ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ
45,8%

БИЗНЕС ПОРТФЕЛІ

Қазақтелекомның қызметтері байланыс қызметтерінің бөлшек және көтерме нарықтарында ұсынылған.

КӨТЕРМЕ БАЙЛАНЫС НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕР

Көтерме сауда нарығында Компания қолданыстағы заңнаманың нормаларын және өзара тиімді серіктестік қағидаттарын қатаң ұстанып, операторлық сегментте қызмет көрсетеді. Компания бәсекелестік артықшылық факторларын сақтауға және дамытуға - операторлар желілерін қосу және трафиктің барлық түрлерін өткізу үшін қажетті желілік ресурстардың, операторлар мен олардың абоненттеріне сапалы және сенімді сервисті қамтамасыз ететін үлкен өткізу қабілеті бар жаңа цифрлық жабдықта құрылған телекоммуникациялардың тармақталған желісінің болуына ұмтылады. Операторлық қызметтер мыналарды қамтиды: телекоммуникация желілерін қосу және желіаралық, жергілікті, қалааралық және халықаралық трафикті өткізу, Интернет желісіне қол жеткізу, магистральдық байланыс арналарын жалға беру, кабельдік кәріз бойынша желілерді төсеу үшін қосымша қызметтер, биллинг қызметтері, Қазақтелекомның тактілік желіні синхрондау жүйесіне қосу.

БӨЛШЕК БАЙЛАНЫС НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕР

Қазақтелеком байланыс қызметтерінің бөлшек сауда нарығында соңғы тұтынушылар - жеке (В2С) және заңды тұлғалар (В2В, B2G) үшін телекоммуникациялық қызметтер көрсетеді. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Қазақтелеком ескірген мыс ADSL технологияларынан заманауи талшықты- оптикалық желілерге көшіру есебінен өз инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі ауқымды жобаны жалғастыруда.

ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ

Компания транзиттік әлеуетті дамытуға және Қазақстан арқылы транзиттік телекоммуникациялық ағындарды ұлғайтуға көп көңіл бөледі, өйткені ол Қытаймен, Ресеймен, Еуропамен және Орталық Азия республикаларымен байланысты қамтамасыз ете отырып, барлық шекара маңы учаскелерін қосатын магистральдық талшықты- оптикалық байланыс желілерінің желісіне ие. Қазақтелеком қызметтердің сапасын жақсарту, ұлттық және жаһандық желілік қауіпсіздікті нығайту үшін шетелде өзінің халықаралық қатысуы мен инфрақұрылымын арттыруды жалғастыруда.

2024 жылы Қазақтелеком Еуропа мен Азиядағы Facebook, Amazon, Apple, Microsoft, Google сияқты ірі интернет-компаниялармен тікелей байланыстарды ұйымдастыруды аяқтады және қазір олармен транзиттік жүйелерсіз трафикпен тікелей алмасады.

АТ-ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ

Компанияның АТ-инфрақұрылымын жаңғырту және жақсарту жөніндегі жоба аясында жаңа жоғары өнімді серверлік және желілік жабдық орнатылып, пайдалануға берілді, корпоративтік желі ядросы жаңғыртылды және өңірлердегі желі сегменттерін жаңарту жөніндегі үлкен бағдарлама басталды. 2024 жылы Астанадан 120 шақырым жерде орналасқан Ақкөл қаласындағы бункерлік үлгідегі деректерді өңдеу орталығында жаңа гермозон құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ол TIER III элементтері бар TIER II сенімділік деңгейіне сәйкес келеді және N+1 схемасы бойынша инженерлік жабдықты резервтеу арқылы деректерді қорғаудың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді, бұл жеке элементтер істен шыққан кезде де үздіксіз жұмыс істеуге кепілдік береді. Келесі жылы телеком-оператор Астана қаласында 300 тіреуіштерге арналған TIER III деңгейіндегі деректерді өңдеудің жаңа орталығын салуды жоспарлап отыр, онда қазіргі уақытта сұраныс геометриялық прогрессия түрінде өсуде.

TV+ БҰЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПЛАТФОРМАСЫН ДАМЫТУ

Түпнұсқа контентті құру және ілгерілеу жаңа пайдаланушыларды одан әрі тарту және сақтау үшін TV+ платформасын дамытудың негізгі бағыты болып қала береді. TV+ пайдаланушыларының саны 2023 жылмен салыстырғанда 60%-ға өсті.

Өзінің контенттік стратегиясын дамыту, фильмдер мен телехикаялар каталогын кеңейту, сондай-ақ технологиялық жетілдірулер TV+ платформасына Қазақстанның телевизиялық платформалары арасында көшбасшылық позицияны сақтауға және 2024 жылы қарқынды өсуді жалғастыруға мүмкіндік берді.

Бұлтты технологияларды дамыту және cloud-шешімдері мен өнімдер желісін кеңейту мақсатында Қазақтелеком BTS Digital компаниясының AITU цифрлық экожүйесіне кіретін «Ақылды қалалар» ЖШС-мен ынтымақтастық келісімшартын жасасты.

Бұдан басқа, білім беру мекемелерінде қоғамдық қауіпсіздік, құқықтық тәртіп деңгейін арттыру мақсатында 2024 жылы Алматы облысының 371 білім беру объектілерінде, Қарағанды қаласының 86 мектебінде, сондай-ақ Атырау облысының 202 білім беру мекемелерінде бұлтты бейнебақылау жобалары іске асырылды.

ТРАНСКАСПИЙ ТАЛШЫҚТЫ-ОПТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ЖЕЛІСІНІҢ ЖОБАСЫ

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі бойынша жоба аясында «CASPINET B.V.» бірлескен кәсіпорны (50% - «Қазақтелеком» АҚ, 50% - «Azertelecom Int.» ЖШС) тендерлік құжаттаманы дайындады және Каспий теңізінің түбімен су асты талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау мен салуға EPC- мердігерді таңдау үшін байқау өткізді.

ТҰТЫНУШЫҒА ЖАҚЫНЫРАҚ

2024 жылдың қазан айында оптикалық желілер арқылы қосылған тұтынушылар үшін Wi-Fi байланысының сапасын жақсарту мақсатында (FTTx) SAPA+ жобасы іске қосылды. Бастама аясында «Қазақтелеком» АҚ Компаниясы жабдықты тегін ауыстырды/қосымша жабдықты орнатты, бұл желінің жылдамдығы мен сенімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

Қосу және өтінімдерді өңдеу процесін жеңілдету үшін «Мегалайнер» бағдарламалық жасақтамасы өндіріске енгізілді, бұл қызметкерлерге тұтынушыларды оңай қосуға мүмкіндік береді.

2024 жылы көп арналы: telecom.kz мобильді қосымшасы, ресми сайты, 160 Call-орталығы, техникалық қолдау, WhatsApp және Telegram ресми аккаунттары, компанияның бөлімшелері, сондай-ақ «Мегалайнер» арқылы қызметкерлерден өтінімдер алу жүйесі ұйымдастырылды.

Ішкі процестер оңтайландырылды, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл жақсарды, тұтынушылармен жұмыс автоматтандырылды. Әзірленген техникалық шешімдер процестерді автоматтандыруға және қызметкерлердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

ТҰТЫНУШЫ ТӘЖІРИБЕСІН ЖАҚСАРТУ

2024 жылы 6,3 млн өтініш келіп түсті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 16%-ға аз. Өтініштердің төмендеуі «Онлайн арнаны» (өсім 21%) қоспағанда, барлық арналар бойынша (абоненттік бөлім, «160» КО және «165» КО) байқалады. Қызмет көрсету сапасы бойынша өтініштердің ең көп үлесі - 40%.

Есепті кезеңде сенсорлық электрондық кезек орнатылды. 2024 жылы электрондық кезек бойынша барлығы 416 751 абонентке қызмет көрсетілді. СRM 2.0-де электрондық кезекті интеграциялау жүргізілді және мобильді қосымшада кезекті онлайн-брондау функционалы іске асырылды.

ЖЕЛІЛЕРДІ ДАМЫТУ

2024 жылы ҚР бойынша 644 көппәтерлі тұрғын үйлердегі 49 780 абонентке және қалалардың жеке секторындағы 2 341 абонентке жоғары жылдамдықты интернетке қосылуға мүмкіндік беретін «FTTx технологиясы бойынша КЖҚ желісін дамыту» жобасы бойынша оптикалық желілер пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 2024 жылы желілер құрылысының серіктестік моделі бойынша 48 687 үй шаруашылығын жоғары жылдамдықты интернетке қосуға мүмкіндік беретін оптикалық желілер пайдалануға берілді.

ТҰРАҚТЫ ДАМУ

2024 жылы S&P Global халықаралық агенттігі Қазақтелекомның ESG-рейтингін 32-ден 50 баллға дейін көтерді, бұл салалық орташа көрсеткіштен (42 балл) жоғары және компанияның тұрақты дамуды басқарудағы мықты позициясын растайды. 2024-2032 жылдарға арналған ESG-стратегиясы бекітілді

Қазақтелекомның ESG-стратегиясының негізгі басымдықтары:

2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР

2025 жылы Компания цифрлық мүмкіндіктерді күшейтуге, мобильді және оптикалық желілерді дамытуға, ауылдық жерлерде Интернетке қолжетімділікті кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық телекоммуникациялық жобаларға қатысуға назар аударады.

Компания 5G құрылысының ұзақ мерзімді бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін желіні белсенді орналастыруды жалғастырады.

Оптикалық желілерді жаңғырту және жаңа үй шаруашылықтарын қосу жалғасуда. Атап айтқанда, «Тазарту» жобасы аясында кемінде 70 412 абонентті қосу жоспарда бар. Сондай- ақ, «МЖӘ 2.0 ТОБЖ абоненттерін қайта қосу» жобасы іске қосылады.

2025 жылы Компания GPON, LTE технологияларын және радиорелелік байланыс желілерін пайдалана отырып, "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы бойынша 3 000-нан астам ауылды қосады. Сондай-ақ, 12 өңірде агрегация жабдықтарын орнату жоспарлануда, ал қамтуды кеңейту ҚР-ның қол жеткізу қиын аудандарын қамтиды.

Компания Транскаспий ТОБЖ (талшықты- оптикалық байланыс желісі) жобасын іске асыруды жалғастырады.

Бұдан басқа, «Қазақтелеком» АҚ бұлтты технологияларды, жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қоса алғанда, цифрлық платформаларды дамытуды жалғастырады.

Пошта, логистикалық, қаржылық және цифрлық қызметтер

«Қазпошта» АҚ қазақстандық пошта желісінің операторы ретінде Қазақстанның жалпымемлекеттік инфрақұрылымының базалық элементі және мемлекеттің аса маңызды әлеуметтік активі болып табылады.

Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ-ның зейнетақы, жәрдемақы және мерзімдік басылымдарды жеткізу бойынша әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнына алатын, мемлекеттің толық қатысуы бар жалғыз еншілес ұйымы.

2024 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Көрсеткіш 2023 2024
Өндірістік көрсеткіштер:
Пошталық жөнелтілімдерінің саны, мың бірл. 106 964 103 628
Қаржы-агенттік қызметтердің көлемі, млн теңге 1 186 744 1 154 177
Қаржылық көрсеткіштер25, млн теңге:
Түсім 54 477 62 551
Таза пайда 2 413,8 697,8
Шығындар (-) 83 392 (-) 105 216
Операциялық пайда 2 413,8 482,3
Таза қарыз 7 000 7 000
Төленген салық көлемі 5 299 6 654
Тұрақты даму көрсеткіштері:
Атмосфераға шығарындыдар, мың тонна 0,565 0,402
Жазатайым оқиғалар 3 5
Өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар 0 0
25 Қаржылық көрсеткіштер Компанияның 2023 және 2024 жылдардағы Шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сәйкес көрсетілген.

Қазпошта логистика, қаржылық қызметтер және ҚР-дағы цифрлық қайта құру саласындағы негізгі ойыншы болып қала береді. 2024 жыл Қазпошта үшін динамикалық өсу, трансформация және инновациялық шешімдерді енгізу жылы болды. Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, Қазпошта Компанияның логистика, цифрлық қызметтер, қаржылық шешімдер және электрондық коммерция саласындағы позициясын нығайта отырып, айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Компания алғаш рет Дүниежүзілік пошта одағының нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік 50 пошталық операторлар қатарына енді, бұл көрсетілетін қызметтердің жоғары деңгейін көрсетеді.

ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ ПОШТА ҚЫЗМЕТТЕРІ: ҚОЗҒАЛЫСТЫ ЖЫЛДАМДАТУ

Логистикалық инфрақұрылым мен пошта сервистерін дамыту Компания қызметінің негізгі бағыты болып қала береді.

2024 ЖЫЛЫ
7,8
млн астам сәлемдеме өңделді

Биыл Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында үш жаңа логистикалық орталық пайдалануға берілді.

Автоматтандырылған сұрыптау жүйесін енгізу жөнелтімдерді өңдеу уақытын 30%-ға қысқартуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарының желісі белсенді түрде кеңеюде. 500 жаңа OMNIC сәлемдеме терминалдары орнатылды, бұл жеткізуді тұтынушыларға ыңғайлы етеді.

Пошта қызметтері де тұрақты өсуді көрсетті: 2024 жылы 7,8 млн астам сәлемдеме өңделді, ол өткен жылмен салыстырғанда 117%-ға өсті. Пошта қызметтерінен түскен табыс 122%-ға өсіп, 10 млрд теңгені құрады.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КОММЕРЦИЯ: ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ САУДАДА

Қазпошта электрондық коммерцияны дамытуды және тұтынушылар үшін сервистерді жетілдіруді жалғастыруда. QazPost Market маркетплейсі іске қосылды, ол ҚР барлық өңірлерінің тұрғындары үшін онлайн-сатып алуды жеңілдетеді. QazPost Super App цифрлық экожүйесі енгізілді, ол сәлемдемелерді қадағалау, қызметтерді төлеуді және қаржылық операциялар сервистерін біріктіреді.

E-commerce әлемдік көшбасшыларымен ынтымақтастық Компанияның мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. Қытайдан Pinduoduo арқылы тікелей жеткізілім 118 тапсырыстарды беру пунктін ашуға көмектесті, тек 2024 жылдың наурыз айында 100 000-нан астам тапсырыстар берілді. Alibaba.com, Озон, Wildberries пен Cainiao компанияларымен серіктестік дамуда, бұл халықаралық жеткізуді тездетеді және оны қол жетімді етеді. Сондай- ақ, қазақстандық сатушыларға Ресейге тауар жеткізуге мүмкіндік беретін «Озон РФБС» жобасы іске асырылды.

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР: БАРЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕР

Қазпошта қаржылық қызметтерді қолжетімді әрі ыңғайлы етуге ұмтылады.

2024 жылғы ақпанда Fitch Ratings Қазпоштаға «Тұрақты» болжамымен «BBB –» халықаралық рейтингін берді, ол Компанияның ұлттық оператор ретіндегі маңызды рөлін және оның қаржылық тұрақтылығын атап өтті. Бұл нәтиже серіктестердің сенімін нығайтты, Компанияның Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығын растады, халықаралық ынты- мақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашты және оның инвестициялық тартымдылығын арттырды.

2024 жылы Қазпошта депозиттік портфелі 233 млрд теңгеге дейін ұлғайды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе көп.

Брокерлік бизнесті дамыту бағалы қағаздар портфелін 600 млрд теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік берді, ал брокерлік операциялардан түскен табыс 888 млн теңгені құрады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 99 млрд теңге сомасына түсімдері бар 100 есеп айырысу шоты ашылды. Сондай-ақ, Apple Pay және Google Play жобалары іске асырылды, бұл Қазпошта тұтынушыларына байланыссыз төлемдер жасауға мүмкіндік берді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ШЕКАРАНЫ КЕҢЕЙТЕ ОТЫРЫП

2024 жылы Қазпошта халықаралық ынтымақта- стықты едәуір күшейтті. Сингапурда шетелде Алмасу орны ашылды және Дүниежүзілік пошта одағынан IMPC коды алынды. Omniva, Ozon, Wildberries және YTO Express сияқты әлемдегі ең ірі пошта және логистикалық компания- лармен ынтымақтастық жеткізілім көлемін едәуір арттыруға және тауарлардың транзиттік жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

Pinduoduo, AliExpress және Alibaba.com компанияларының тікелей жеткізілімдерінің арқасында тұтынушыларға халықаралық жеткізу тезірек және ыңғайлы болды. Ozon және Wildberries-пен ынтымақтастық дамып келеді, ал Omniva-мен бірлескен кәсіпорын (Эстония поштасы) Еуропадан пошта жөнелтілімдерін көбейтті.

ТҰРАҚТЫ ДАМУ

Экологиялық жауапкершілік пен қызметкерлерге қамқорлық жасау Компанияның назарында. 2024 жылы 7 нысан газдандырылды, 5 076,5 ш.м. алаңда жарықтандыру жүйелері жаңғыртылды, «Еуро-5» класындағы экологиялық таза қозғалтқыштары бар 53 көлік бірлігі сатып алынды. Сонымен қатар, Компания аумақтарды көгалдандыруға белсенді қатысады, ҚР 19 өңірінде жылына 1000-нан астам ағаш отырғызылды.

2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР

2025 жылы Компания өршіл міндеттерді көздейді: логистика және цифрлық сервистер инфрақұрылымын кеңейту, электрондық коммерция және қаржылық қызметтер саласында жаңа шешімдерді енгізу, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін халықаралық ынты- мақтастықты тереңдету.