Жылдық есеп / 2024

Инвестициялық қызмет

Қор портфеліндегі коммерциялық активтерді ұлғайту және осылайша 2024 жылға қарай инвестициялық портфельді белсенді басқаруға толық көшумен портфельді оңтайландыру мен қайта құрылымдауды жалғастыруға назар аудару - бұл Қордың жақын болашақтағы міндеттері. Қордың инвестициялық холдинг форматына көшуі портфельде екі санаттағы активтердің болуын білдіреді. Біріншісі - Қордың бақылау үлесі сақталатын стратегиялық активтер. Бұл активтерді басқару акционердің құқықтарын іске асыру арқылы және осы компаниялардың Директорлар кеңесінде Қор өкілдерінің көмегімен жүзеге асырылады. Экономикалық қалпына келтіру кезеңінде Қор инвестицияларының шоғырлануы бірлесіп инвестициялау қағидаттарында басым бағыттарды дамытуға жұмсалады. Шетелдік инвестицияларға келетін болсақ, олар екі бағытқа бөлінеді: тікелей және портфельдік. Тікелей инвестициялар бойынша ұзақ мерзімді перспективада дамыған елдерде, Қор портфелін әртараптандыруды қамтамасыз ететін салаларда іске асырылатын жобаларға инвестиция салу жоспарланады. Осы бөлімде «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық саясаты Стратегияны іске асыруға толық сәйкес келеді және оны қолдайды.

Инвестициялық саясат

«Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық саясаты портфельді басқарудағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін әзірленген және Қор қызметінің осы бағыттағы мақсаттары мен қағидаттарын белгілейді.

Саясат ҚР Үкіметінің ұсынымы бойынша бәсекелестік ортаға беруге жататын ұйымдардың тізіміне енгізілген портфельдік компаниялардың және өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталына (акциялар пакеттеріне) қатысу үлестерін иеліктен шығару жағдайларына қолданылмайды. «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық саясатын үш негізгі мақсат айқындайды:

Инвестициялық қызметте Қор келесі қағидаттарды басшылыққа алады:

ИНВЕСТИЦИЯЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Барлық инвестициялар оң таза келтірілген құнмен (NPV>0) және меншікті капитал құнынан (IRR>CoE) асатын ішкі кірістілік мөлшерлемесімен сипатталуы керек.

Стратегиялық серіктестің болуы Қорға жаңа инвестицияларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қор Қазақстанға стратегиялық байланысы бар экономика салаларында (мұнай саласын қоспағанда) халықаралық инвестицияларды тартады. Бұл инвестициялар жобаны іске асырудың барлық кезеңдерін және жобаның өмірлік циклінің кезеңдерін қамтиды.

Инвестициялық стратегияларды жүзеге асыру үшін Қор қаржыландырудың әртүрлі дереккөздерін - меншікті қаражатты, портфельдік компаниялар дивидендтерін, дивестициялардан түсетін түсімдерді, ұлттық және халықаралық капитал нарықтарында тартылған қарыз қаражаттарын, сондай- ақ топішілік қаржыландыру мен басқа да дереккөздерді жұмылдырады.

ЖОБАЛАР ПОРТФЕЛІ

Қордың компаниялар тобының инвестициялық портфелі жиынтық сомасы 50 трлн теңгеден асатын 130-дан астам инвестициялық жобаны қамтиды.

2024 жылы 2025 жылға Қордың Директорлар кеңесі жиынтық сомасы 33,3 трлн теңгеге мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика, көлік- логистика және басқа да секторлардағы 46 ірі инвестициялық жобаның тізбесін айқындады.

Көрсетілген жалпы саннан 15 жоба инвестиция алды сатысында, 9 жоба жобалау сатысында, 22 жоба бойынша ЕРС- келісімшарттар немесе ҚМЖ-ға келісімшарттар жасалды, оның ішінде 15 жоба бойынша ҚМЖ жүргізіледі.

ҚОРДЫҢ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ 2024 ЖЫЛЫ ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ:

Қуаты 500 МВт МАЭС-1-де №1 энергоблогын қалпына келтіру.
ҚХР Сиандағы ҚТЖ жүк терминалын салу.
Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ті газға ауыстыру үшін қажетті газ инфрақұрылымын салу.

2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕН НӘТИЖЕЛЕРДІҢ ІШІНДЕ ТӨМЕНДЕГІЛЕРДІ АТАП ӨТКЕН ЖӨН:

1. КЕЛЕСІ ЖОБАЛАР БОЙЫНША ҚҰРЫЛЫС- МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ:
2. КЕЛЕСІ ЖОБАЛАР БОЙЫНША ЕРС- КЕЛІСІМШАРТТАРЫ НЕМЕСЕ ҚМЖ ШАРТТАРЫ ЖАСАЛДЫ:
3. БАСЫМ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕРДІ ТАРТУ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛДЫ, АТАП АЙТҚАНДА, КЕЛЕСІ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ:

Үкіметаралық келісімдерге қол қойылды:

БАСЫМ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БОЙЫНША 2025 ЖЫЛҒА ЖОСПАРЛАНҒАН МАҢЫЗДЫ ІС ШАРАЛАРДЫҢ ІШІНДЕ МЫНАЛАРДЫ АТАП ӨТКЕН ЖӨН:

Тиімділігі төмен жобалар

2024 жылы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің тапсырмаларына сәйкес 2 тиімділігі төмен жоба іске асыру сатысында болды:

1. КЕНДІРЛІДЕ ҚУАТЫ ТӘУЛІГІНЕ 50 000 М3 ТҰЗСЫЗДАНДЫРУ ЗАУЫТЫН САЛУ.

Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Жаңа зауыт Жаңаөзен тұрғындарын ауыз суға тұрақты қолжетімділікпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, нысан өңір өнеркәсібін дамыту үшін «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырына жүктемені азайтады. 2024 жылы автожолдар, магистральдық су құбыры, сорғы станциялары, электр беру желілері, қосалқы станциялар және ішкі инженерлік желілерді қоса алғанда, негізгі құрылыс жұмыстары толығымен орындалды. 2025 жылы аумақты абаттандыру, технологиялық жабдықтарды монтаждау және зауытты пайдалануға беру жұмыстары аяқталады.

2. КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ТҮБІМЕН ТОБЖ ТӨСЕУ.

Каспий теңізінің түбіндегі ТОБЖ Орталық Азия елдерін бірыңғай Интернет-кеңістікпен байланыстырады. «Қазақтелеком» АҚ 2024 жылы Әзірбайжан — Қазақстан бағыты бойынша Каспий теңізінің түбімен талшықты- оптикалық желі құрылысының халықаралық күрделі жобасымен жұмысты жалғастырды, ЕРС-мердігерін анықтауға конкурстық рәсімдер өткізілді.

Транскаспий жобасы Қазақстан үшін (және тұтастай алғанда бүкіл Орталық Азия өңірі үшін) стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады, өйткені оны іске асыра отырып, Қазақстан халықаралық транзит нарығына қосымша жол ашады, бұл Азия елдерінен Қазақстан аумағы арқылы Әзірбайжанға дейінгі жаһандық трафиктің Грузия, Қара теңіз және Болгария арқылы Еуропаға шығуымен транзитін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоба сонымен қатар жаңа цифрлық телекоммуникация дәлізін құруды жеделдету үшін драйвер ретінде қызмет етеді және жоғары жылдамдықты және қорғалған деректер инфрақұрылымын дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге көмектеседі.

ЕРС-келісімшартын жасау және жобалау жұмыстары 2025 жылға жоспарланған. Жоба 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

3. «ҰЛТТЫҚ ИНДУСТРИЯЛЫҚ МҰНАЙ-ХИМИЯ ТЕХНОПАРКІ» АЭА АУМАҒЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ОБЪЕКТІЛЕРІН САЛУ.

Бұл жоба қазіргі заманғы мұнай-газ-химия кластерін дамыту мақсатында іске асырылуда, оның шеңберінде көмірсутек шикізатын терең өңдеу және мұнай-химия өнімдерін шығару бойынша мұнай-химия өндірістері жүзеге асырылатын болады.

Жоба «ҰИМТ» АЭА аумағында мұнай- химия өндірістерін қажетті өндірістік инфрақұрылыммен (энергия ресурстары - электр, бу, су, техникалық газдар) және тиісті жалпы зауыттық инфрақұрылыммен (депо, жолдар, сорғы станциясы, кәріз және т.б.) қамтамасыз етуді көздейді.

2024 жылы полиэтилен мен бутадиен және оның туындыларын өндіру кешендері үшін инфрақұрылым объектілерін (су дайындау және ағынды суларды тазарту, инженерлік желілер дәлізі, АГТС және т.б.) жобалау жұмыстары жалғасты, буландырғыш тоған салу жұмыстары басталды. Жоба 2027 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Басым жобалар

Жобаның атауы Құны, млрд теңге
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ 12 176,4
1Кендірлі кентінде теңіз суын тұщыландыру зауытын салу127,2
2Полиэтилен өндіру4 261,0
3Полиэтилен жобасы үшін ГАҚ салу1 301,0
4Жаңаөзен қаласында жаңа ГӨЗ салу217,6
5ПКOП ЖШС өндірістік қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін кеңейту3 021,0
6Жаңаөзенде ENI-мен бірлесіп қуаты 247 МВт гибридті электр станциясын салу135,9
7Дизель отынын гидротаਜ਼арту қондырғысын (ПМХЗ) реконструкциялау36,2
8«CASPI BITUM» БК» ЖШС битум өндірісін кеңейту47,5
9Қаламқас – Хазар3 029,0
«QazaqGaz» ҰҚ АҚ 5 388,9
10Қашағанда ГӨЗ салу (1 млрд м3)517,0
11Қашағанда ГӨЗ салу (2,5 млрд м3)1 034,0
12«Бейнеу–Бозой–Шымкент» МГ қуатын арттыру (2-ші желіні салу)3 196,0
13«Ақтөбе» ӨМГ Қызыл Октябрь бөлімшесінің КС-14 жаңа компрессорлық станциясын және «КС-14 – Қостанай» жаңа магистралдық газ құбырын салу517,0
14«Талдықорған–Ұшарал» магистралдық газ құбырын салу124,9
«Самұрық-Энерго» АҚ 10 255,6
15Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту436,0
16Қуаты 450 МВт-қа дейінгі БГҚ базасында Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру341,3
17«Богатырь» қиыршық жыныстарды тасымалдаудың авто-конвейерлік технологиясы22,5
18№3 ст. энергия блогын орната отырып, ЕМАЭС-2-ні кеңейту және қайта құру792,8
19№4 ст. энергия блогын орната отырып, Екібастұз МАЭС-2 кеңейту908,7
20МАЭС-3 таза көмір технологиялары базасында станция салу1 034,0
21Көкшетаудағы ЖЭО құрылысы593,1
22Семей қаласындағы ЖЭО құрылысы789,1
23Өскемендегі ЖЭО құрылысы865,1
24Семейдегі СЭС құрылысы530,4
25ҚР-да гидроаккумуляциялық станция салуН/д
26Қызылорда облысында ПМУ базасындағы электр станциясы300,0
27Алматы облысында қуаты 810 МВт дейін кеңейту (Power China): 1 кезең – 70 МВт ГЭС; 2 кезең – 240 МВт ЖЭС; 3 кезең – 500 МВт ЖЭС516,2
28China Energy Overseas Investment Co. компаниясымен бірлесіп 800 МВт ЖЭК салу (Energy China)475,2
29«Total Eren»-мен бірлескен энергия жинақтау жүйесімен 1 ГВт ЖЭС салу552,0
30«Masdar»-мен бірлесіп энергия жинақтау жүйесімен қуаты 1 ГВт ЖЭС салу690,0
31«China Power International Holding Ltd.»-мен бірлесіп энергия жинақтау жүйесімен қуаты 1 ГВт ЖЭС552,0
32Unigreen Energy компаниясымен жалпы қуаты 1 ГВт дейін КЭС салу363,4
«Түркістан БГҚ» ЖШС 861,3
33Түркістан облысында қуаты 1000 МВт дейінгі БГҚ базасында электр станциясын салу861,3
«KEGOC» АҚ 357,8
34Батыс Қазақстанның энергожүйесін Қазақстанның БЭЖ-мен біріктіру180,2
35Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту137,6
36Астана қаласына сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту (электржелілік объектілер салу)40,0
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 113,5
37Қуаттылығы жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы зауытын салу113,5
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 1 565,8
38Ақтау порты базасында контейнерлік хаб құру20,0
39«Достық–Мойынты» теміржол дәлізін жаңғырту542,8
40Алматы теміржол торабының айналма т/ж желісін салу151,0
41«Дарбаза–Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы286,0
42«Мойынты – Қызылжар» теміржол желісінің құрылысы (320 км)566,0
«Қазақтелеком» АҚ 559,9
43Қазақстан Республикасында 5G желісін салу536,9
44Каспий теңізі түбімен ТКЖ магистралін төсеу23,0
«Karabatan Utility Solutions» ЖШС 619,0
45«ҰИМТ» («Қарабатан учаскесі») арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылым объектілерін салу619,0
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ 1 423,1
46«Жайлы мектептер» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру1 423,1
БАРЛЫҒЫ 33 321,3

Самұрық-Қазына Инвест қызметі

«Самұрық-ҚазынаИнвест » ЖШС – стратегиялық серіктестермен ынтымақтастықта Қазақстан Республикасы аумағында түрлі жобаларға тікелей инвестицияларды іске асыратын қаржылық тұрақты инвестициялық компания.

Самұрық-Қазына Инвест негізгі мақсаты «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық портфелін әртараптандыруды жүзеге асыру болып табылады.

Самұрық-Қазына Инвест жаңа өндірістер құру, сапалы жұмыс орындарын қалыптастыру, импортқа тәуелділікті қысқарту, экспорт көлемін ұлғайту, сондай-ақ шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту арқылы экономикалық дамуды ынталандыруға бағытталған.

2024 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Көрсеткіш 2023 2024
Қаржылық көрсеткіштер, млн теңге:
Өзгерістері кезең ішіндегі пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы құралдарымен жасалатын операциялардан түсетін таза пайда 23 069 26 49226
Алынған дивидендтер 2 115 3 803
Операциялық шығындар (1 721) (1 587)
Операциялық қызметтен түскен кірістер (залал) 23 463 28 707
Қаржылық кірістер (шығыстар), нетто (4 885) 27 228
Салық салуға дейінгі пайда (залал) 18 578 55 935
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыс (2 163) (10 185)
Кезең ішіндегі пайда (залал) 16 415 45 750
26 Жылдар арасындағы мәндер негізінен әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық активтерді қайта бағалау есебінен ерекшеленеді.

2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР

2025 жылы СҚ Инвест өзінің инвестициялық портфелін өңдеуші өнеркәсіп, атап айтқанда құрал жасау, машина жасау саласындағы инновациялық жобаларға инвестициялау арқылы кеңейтуді жоспарлап отыр.

Жобалардың жалпы құны 140 млрд теңгені құрайды, оның ішінде Қытай мен Италиядан келген инвесторлар тарапынан тікелей шетелдік инвестициялар 56,3 млрд теңге, СҚ Инвест инвестицияларының әрбір теңгесі 2,7 теңгеге тікелей шетелдік инвестициялар әкелуі тиіс.

Қазақстанның ағымдағы әлеуметтік- экономикалық динамикасын және Қордың елдің экономикалық дамуындағы маңызды рөлін ескере отырып, ел ішіндегі инвестицияларға, атап айтқанда, халықаралық стратегиялық инвесторлармен стратегиялық жобаларға артықшылық берілетін болады.

Жаһандық деңгейде Қор инвестициялық портфельді әртараптандыруға, оны экономикалық қосылған құны жоғары және экспорттық әлеуеті бар индустриялық жобалармен байытуға бағытталған.

Халықаралық аренада түрлі бастамалар мен жобаларды бірлесіп іске асыру үшін жетекші әлемдік ұйымдармен және егеменді әл-ауқат қорларымен ынтымақтастыққа баса назар аударылатын болады.

2025 жылы СҚ Инвест жасыл энергетиканы дамытуға және Қазақстанда жоғары технологиялық өндірісті оқшаулауға бағытталған негізгі өнеркәсіптік жобалардың бірін іске асыруға кіріседі. Шетелдік серіктестіктермен жел электр станцияларына арналған компоненттер өндіретін жоғары технологиялық зауыт салу бойынша ауқымды жобаны іске асыру басталды. Қуаттылығы 2 ГВт зауыт Жамбыл облысындағы «Jibek Joly» АЭА аумағында 2025 жылдың соңына дейін салынады. Сондай-ақ, ҚР аумағында арнайы техниканы құрастыру өндірісін ұйымдастыру жобасы пысықталуда.

Сонымен қатар, Алматы қаласында қытайлық Goldcard Smart Group компаниясымен серіктестікте телеметрия функциясы бар цифрлық газ есептегіштерін шығару бойынша жоғары технологиялық кәсіпорын құру жобасы дайындалуда.