Жылдық есеп / 2024

Басқарма және оның комитеттері

Басқарма Қордың ағымдағы қызметін басқаруға, Даму стратегиясы мен жоспарын іске асыруға, сондай-ақ Директорлар кеңесі мен Қордың Жалғыз акционері қабылдаған шешімдердің орындалуына жауапты алқалы атқарушы орган болып табылады.

Қор Басқармасының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қордың жарғысымен, Жалғыз акционердің және Қордың Директорлар кеңесінің шешімдерімен, сондай-ақ Басқарма туралы Ережемен және Қордың өзге де ішкі құжаттарымен реттеледі.

Басқарма төрағасы Жалғыз Акционердің шешімімен тағайындалады. Басқарма мүшелері Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен сайланады.

Басқарма мен Басқарма төрағасы өз қызметінде Қордың Жалғыз акционері мен Директорлар кеңесіне есеп береді. Басқарманың құзыретіне, басқалармен қатар, мыналар жатады:

Қор Басқармасының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелердің толық тізбесі Қордың жарғысында www.sk.kz< сайтында ашылған.

ҚОР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

ЖАҚЫПОВ НҰРЛАН ҚАРШЫҒАҰЛЫ
Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы
Сайланған күні:
сәуір 2023 ж.
Білімі:
  • Ресей Федерациясының СІМ Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, халықаралық экономикалық қатынастар факультеті - Экономика бакалавры, Экономика магистрі, Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек қызметі:
  • Қаржы талдаушысы Еуразия Өнеркәсіптік Қауымдастығы (ENRC) (2001-2003);
  • Бизнес менеджер Chambishi Metals PLC (Замбия, Китве қ.) (2003-2004);
  • Жобалық менеджер Research, Investment and Development Ltd (2004-2007);
  • Биржада сатылатын компания акцияларының құны бойынша талдаушы, Credit Suisse негізгі материалдар тобы (2007- 2009);
  • «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі (2009-2011);
  • Инвестициялық банкинг департаментінің директоры «RBS (Kazakhstan)» Еншілес банкі» АҚ Астанадағы өкілдігінің басшысы (2011-2012);
  • Инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры, Астана қаласындағы UBS AG Almaty Representative Office өкілдігінің басшысы (2012-2016);
  • Даму және инвестициялар жөніндегі Басқарушы директор - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК" АҚ Басқарма мүшесі (2016- 2017);
  • «Астана» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы (2017-2019);
  • Rothschild & Co Қазақстандағы өкілі (2019-2020);
  • «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. Басқарма төрағасы (2020-04.2023);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы (04.2023 бастап).
КАЗУТИН НИКОЛАЙ ЮРЬЕВИЧ
Құқықтық сүйемелдеу, Қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі Басқарушы директор
Сайланған күні:
наурыз 2022 ж.
Білімі:
  • Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы.
Еңбек қызметі:
  • «Өнеркәсіптік сақтандыру тобы» ААҚ филиалдарын сақтандыру және бухгалтерлік есеп жөніндегі маманы, Алматы қ. (2001-2003);
  • «Amanat Insurance сақтандыру компаниясы» АҚ қаржы талдаушысы, Алматы қ. (2003-2005);
  • «Казинтерполис» сақтандыру брокері» ЖШС қаржы талдаушысы, Алматы қ. (2005-2006);
  • «ПрайсуотерхаусКуперс такс энд эдвайзори» ЖШС департаментінің аға менеджері Алматы (2006-2016);
  • «Кокшетауские минеральные воды» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі (2016- 2018);
  • «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы, Өскемен қ. (2018-2019);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары (2020-2022);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры (2022 жылдан бастап), Басқарма мүшесі (2022 жылдан бастап).
ОТЫНШИЕВ ЕЛЖАС МҰРАТҰЛЫ
Стратегия және активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директор
Сайланған күні:
сәуір 2023 ж.
Білімі:
  • Мәскеу физика-техникалық институты, жалпы және қолданбалы математика факультеті, мамандығы - қолданбалы математика және физика (бакалавр);
  • Мәскеу физика-техникалық институты, жалпы және қолданбалы математика факультеті, мамандығы - қолданбалы математика және физика (магистр).
Еңбек қызметі:
  • Ernst&Young (Мәскеу) - Аудиторлық және консультациялық қызметтер бөлімі, Технологиялар және қауіпсіздік саласындағы қызметтер. Позициялары — талдаушыдан аға талдаушыға дейін (2007-2008);
  • Ernst&Young (Мәскеу) - Бағалау және бизнес-модельдеу бөлімі. Позициясы - талдаушы (2008-2009);
  • «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ, Инвестициялық жобалар департаменті, Қаржы институттарымен жұмыс істеу департаменті. Позициялары — менеджерден Департамент Директорына дейін (2009-2012);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ, Инвестициялық жобалар департаменті, позициясы - бас менеджер (2012-2014);
  • «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС («Самұрық-Қазына» АҚ-ға іссапарға жіберілді), позициясы - Қордың Инвестициялық қызметін жобалық талдау департаментінің директоры (2014-2016);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ, Позициясы - Жаңа жобаларды дамыту департаменті жобасының Директоры (өсіп келе жатқан портфельдік компанияларды басқару) (2016-2018);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ, Позициясы - Активтерді дамыту департаментінің Тау-кен активтерін дамыту секторының басшысы (2018-2019);
  • «PlanetCare Management» ЖШС, Позициясы - Бас директордың Инвестициялар және даму жөніндегі орынбасары (2019-2021);
  • «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. Позициясы - Басқарма төрағасының Орынбасары (2021-2023);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ, Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор (2023-04.2025);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ, Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор (04.2023 бастап).
РЫСҚҰЛОВ АЙДАР ҚАЙРАТҰЛЫ
Экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директор
Сайланған күні:
тамыз 2023 ж.
Білімі:
  • Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті - «Экономист» біліктілігі берілген «Қаржы және кредит» мамандығы;
  • Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті - «Заңтану бакалавры» академиялық дәрежесін бере отырып, «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы;
  • Назарбаев Университеті, басшыларға арналған MBA
Еңбек қызметі:
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да инженер-экономист (Қарағанды қ. филиалы) (2002-2003);
  • «АТФ Банк» АҚ (Астана қ. филиалы) Клиенттерді тарту секторының маманы, Операциялық бөлімнің Сервис-менеджерлер қызметінің маманы, ШОБ кредит беру бөлімінің ЕҚДБ бағдарламасы бойынша кредит беру секторының маманы, ШОБ кредит беру бөлімінің микрокредит беру секторының 2-деңгейдегі жетекші маманы (2003-2006);
  • «Банк Центр Кредит» АҚ кредиттік кеңсесінің бизнес-клиенттер бөлімінің аға кредиттік офицері (2006);
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Орта бизнеске сату орталығының бөлім бастығы (2006-2008);
  • «Еуразиялық Банк» АҚ Корпоративтік кредиттеу бөлімінің бас маманы (2009);
  • «ҚазАгро «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Инвестициялық жобалар департаменті Жобаларды талдау басқармасының бас менеджері, Инвестициялық жобалар департаменті Жобаларды талдау басқармасының бастығы, Инвестициялық жобалар департаменті директорының орынбасары (2009-2012);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Қаржы активтерін басқару жөніндегі Директор, Корпоративтік қаржы департаментінің директоры (2012-2019);
  • Экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директор - «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшесі (2019-2023);
  • Экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директор - «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі (08.2023 бастап)
САТЖАН САЛТАНАТ ЕРБОЛҚЫЗЫ
Даму және жекешелендіру жөніндегі Басқарушы директор
Сайланған күні:
тамыз 2023 ж.
Білімі:
  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша Австралия ұлттық университеті - экономика бакалавры;
  • MBA, University of Warwick (2024 жылы аяқталады деп күтілуде)
Біліктілігі:
  • ACCA – бухгалтерлік есеп және қаржы саласындағы халықаралық біліктілік;
  • CFA 3-деңгейдегі үміткер;
  • «Finmentor.kz» ЖШС қаржылық сауаттылық мектебінің қаржы тәлімгері.
Еңбек қызметі:
  • Сертификатталған және Дипломды бухгалтерлер қауымдастығының құрметті мүшесі, АССА;
  • Big4 компаниясында және Қазақстан Республикасының Ұлттық әл-ауқат қорында қаржы, аудит және экономикалық талдау саласындағы 10 жылдық жұмыс тәжірибесі;
  • Бизнес-жаттықтырушы ретінде 5 жылдық жұмыс тәжірибесі (Ey Академиясы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, СҚКУ);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының «Экономикалық талдау» секторының басшысы (2018 ж. - 2021 ж.);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Жиынтық-талдау жұмысы және бақылау департаментінің басшысы (2021-08.2023);
  • Даму және жекешелендіру жөніндегі Басқарушы директор - «СамұрықҚазына» АҚ Басқарма мүшесі (08.2023 бастап).

БАСҚАРМА ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕП

2024 ЖЫЛЫ ҚОР БАСҚАРМАСЫ
67
отырыс өткізді

2024 жылы Қор Басқармасы 67 отырыс, оның ішінде 54 бетпе-бет және 13 сырттай отырыс өткізді. Барлығы 323 мәселе қаралды, оның 298-і бетпе-бет болды.

Қор Басқармасы қараған маңызды мәселелер:

БАРЛЫҒЫ
323
мәселе қаралды

2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР

2025 жылы төмендегілерді қарастыру жоспарлануда: