
үндеуі
ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР МЕН МЫРЗАЛАР!
Назарларыңызға «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жылғы жылдық есебін ұсынамыз және есепті кезеңдегі қызметінің негізгі нәтижелерімен бөлісудеміз.
Қаржылық көрсеткіштер
Ковидтен кейінгі кезеңмен салыстырғанда Қордың қаржылық көрсеткіштерінің оң өсімі байқалады. 2021 жылдан бастап табыстың орташа жылдық өсімі 13%, ал EBITDA өсімі 5% болды.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері қолайлы деңгейде, кредиттік рейтингтер тұрақты болжаммен тәуелсіз деңгейде.
Қор ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шоғырланған, сондықтан негізгі капиталға инвестицияның орташа жылдық өсімі 29%-ды құрады.
«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік орталығының негізгі кіріс көзі портфельдік компаниялардан алынған дивидендтер болып табылады. Бұл ретте, 2024 жылы біз мемлекетке портфельдік компаниялардан алған қаражаттан 6 есе көп қаржы төледік.
Осылайша, 2024 жылы Қор мемлекет пайдасына 1,4 трлн теңге, оның ішінде: бюджетке дивидендтер түрінде – 737 млрд теңге; әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға өзге де бөліністер түрінде – 568 млрд теңге; «Қазақстан Халқына» ҚҚ-ға – 50 млрд теңге бағыттады.
Сонымен қатар, салық төлемдері жыл сайын шамамен 2 триллион теңгені құрайды.
Жалпы, 2024 жылы барлық төлемдердің жалпы сомасы республикалық бюджеттің жалпы кірісінің 17 пайызын құрады.
Инвестициялық жобалар
Қор портфелінде мұнай-газ, энергетика, тау- кен секторы, көлік және коммуникация секілді салаларда жалпы сомасы 53 трлн теңгені құрайтын 130-ға жуық жоба бар.
2024 жылы 660 млрд теңгеге бірқатар жобалар іске асырылды.
Екібастұз МАЭС-1 бірінші энергетикалық блогы қалпына келтірілді. Соңғы 30 жылда станция алғаш рет сегіз блоктық режимде (4 ГВт-қа дейін) жұмыс істей бастады.
Сиань қаласындағы көлік-логистикалық терминалдың жұмысы басталды. Терминал Қазақстандық экспорттаушылар үшін жаңа нарықтарға қолжетімділікті ашады, жүктерді жеткізу уақытын қысқартады және Қазақстанның Еуразиядағы сенімді транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтады.
Алматы энергетикалық кешені үшін газ инфрақұрылымының құрылысы аяқталды. Ұзындығы 62,4 км болатын «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырының екінші желісін іске қосу ағымдағы жылыту кезеңінде аймақтағы халықтың өсіп келе жатқан газға деген сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік берді.
Жекешелендіру
Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес 2024 жылы Air Astana IPO-сы өтті. Нәтижесінде 370 млн АҚШ доллары тартылды, оның 120 млн доллары компанияның одан әрі дамуына жұмсалды.
QAZAQ AIR әуе компаниясын вьетнамдық Sovico тобына және оның жергілікті серіктесіне сату жөнінде келісімшартқа қол қойылды. Мәміле азаматтық авиацияның ішкі нарығын дамытуға, соның ішінде бәсекелестікті арттыруға және халықаралық рейстерді кеңейтуге ықпал етеді.
«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ін катарлық PIH компаниясына сату аяқталды. Жекешелендіру мемлекеттің телекоммуникация нарығындағы тиімді үлесін 49%-дан 17%-ға дейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Сатып алулар
Қордың сатып алулары отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған. 2024 жылы қосымша қолдау шаралары қарастырылды.
Осының арқасында отандық тауар өндірушілермен 1,1 трлн теңгеге келісімшарттар жасалып, 2023 жылмен салыстырғанда өсім 76%- ды құрады.
191 млрд теңгеге оффтейк-келісімшарттары жасалды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе көп.
Қордың сатып алу деректер базасы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында БП, ҚМА, СЖІҚА, ЖАП, БҚДА, «Атамекен» және ҚР Үкіметінің базаларымен біріктірілген.
Сонымен қатар, Қордың сатып алу жүйесін алғаш рет ЕҚДБ, АДБ, ЭЫДҰ және ДБ озық стандарттарға сай деп таныды.
Цифрландыру және жасанды интеллект
«Самұрық-Қазына» жасанды интеллект қолданумен жұмыс істейтін 15-тен астам жобаны жүзеге асыруда.
Қор өндіріс орындарында нейрондық оқытуды, компьютерлік көруді және IoT датчиктерін жүзеге асырады.
8 компанияда виртуалды көмекшілер жұмыс істейді. Олар өндірістік және корпоративтік мәселелерді шешу үшін белсенді қолданылады.
Атаулы көмек алушыларға арналған «Әлеуметтік әмиян» қызметі әзірленді. «Әлеуметтік әмиянында» тауарлық газға жеңілдіктер алу функциясы бар.
Ғылыми және қолданбалы жобалар
«Самғау» Ғылыми-Технологиялық Бастамалар орталығы өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми және қолданбалы жобаларды жүзеге асырады.
Портфельде 6,6 млрд теңгеге 25 жоба бар.
2025 жылдың соңына дейін 2,7 млрд теңгені құрайтын 4 жобаны аяқтау жоспарлануда, оларды іске асырудың әсері 5 жыл ішінде 196 млрд теңгені құрайды.
Оның ішінде Қызылорда облысындағы «Ақшабұлақ» кен орнында ілеспе газды өңдеу жобасы бар, ол өңдеу көлемін 33%-ға арттырады.
«Қаражанбасмұнай» кен орнындағы импульстік сейсмикалық барлау жобасы қосымша мұнай қорын растады және ресурстық базаны 33%-ға ұлғайтады.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында үш басым бағыт анықталды.
Біріншісі - инклюзия. Республика бойынша 45 оңалту орталығы бар. Қордың компаниялар тобында 3000-нан астам мүмкіндігі шектеулі адам жұмыс істейді. 14 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды, онда бүгінгі таңда 650 бала білім алуда.
Екінші бағыт - спорт. Біз 10 облыста 13 спорт кешенін аштық.
Медицина саласында Астанада 250 төсек орны бар Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы іске қосылды. Жыл сайын шалғай аудандардың 100 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмек алады.
Осылайша, өткен жылдың өзінде 700 мыңға жуық қазақстандық «Самұрық-Қазына» АҚ-нан көмек алды.
2025 жылы аталған бағыттар бойынша жұмыс жалғасады. Қорға жүктелген барлық міндеттер толығымен орындалады.
басқарма төрағасы