Жылдық есеп / 2024

Өндірістік қауіпсіздік

2024 жылы Қорда алғаш рет Өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін дамытудың жаңа корпоративтік стратегиясы бекітілді.

Стратегия шеңберінде өндірістік қауіпсіздікті дамытудың төрт бағытының әрқайсысы бойынша қызметтің негізгі көрсеткіштері қабылданды: қауіпсіздік мәдениетін арттыру; жабдықты пайдалану кезіндегі қауіпсіздік; төтенше жағдайлардың алдын алу; ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.

Жалпы, өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіруге, «Самұрық-Қазына» АҚ тобы кәсіпорындары қызметкерлерінің қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға, сондай-ақ «2024-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясы» көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған елеулі жұмыс жүргізілді, оның ішінде:

  1. «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» оқу курсы бойынша 120 мыңнан астам өндірістік қызметкер оқытылды.
  2. Ұлыбританияның Қауіпсіздік және Денсаулық сақтау институты (IOSH) "Өндірістік қауіпсіздік көшбасшысы" модульдік бағдарламасын әзірледі және аккредиттеді.
  3. Қор компаниялары тобының ішінде де, сондай-ақ саланың озық компанияларымен, атап айтқанда «ССКӨБ» АҚ, «Кaz Minerals Management», «Шүлбі СЭС АЭС" ЖШС және "Өскемен СЭС АЭС" ЖШС-мен тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
  4. "Техникалық қайта жарақтандыру жоспарларына" сәйкес қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жабдықты ауыстыру мониторингі жүргізіледі. 2024 жылғы жоспарлардың орындалуы 80%-дан асты.
  5. Қор қауіпті өндірістік объектілерде шартты апаттарды жою бойынша бірлескен оқу-жаттығулар өткізудің оң тәжірибесін жалғастырды, сондай-ақ Ақтау теңіз сауда портының аумағында, «Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры» ЖШС және «Азия газ құбыры» ЖШС, «РУ-6» ЖШС аумағында оқу-жаттығуларға қатысты.
  6. Портфельдік компаниялар сарапшыларының қатысуымен Қор тобының 17 кәсіпорнына тоғыспалы аудит жүргізілді, жою бақылауына алынған жазатайым оқиғаларға алғышарттар болып табылатын 1000-нан астам сәйкессіздіктер анықталды.
  7. Қызметкерлердің автокөлікте қауіпсіздік белдіктерін тағу әдетін қалыптастыру мақсатында «ҚМГ» АҚ және «KEGOC» АҚ-ның көмегімен "конвинсерді" (ЖКО кезінде маңдайлық соқтығысуды ұқсатқыш тренажеры) тәжірибелік сынау бойынша науқан жүргізілді.
  8. Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі Жас қызметкерлер орталығы (HS Young Workers Centre) құрылды. 2025 жылға жас мамандарды өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне тартуға бағытталған түрлі жастар іс-шараларын өткізу жоспарланған.
  9. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілді, атап айтқанда мақалалар шығару, бейнероликтер әзірлеу және көрсету, плакаттар орналастыру, ашық есік күндерін, Қор тобы қызметкерлерінің балаларына арналған мастер-класс өткізу. Осылайша, "Қауіпсіздік баланың көзқарасымен" балалар суреттерінің 59 конкурсы және 69 интерактивті мастер-класс өткізілді, өндірістік қауіпсіздік бойынша 55 бейнеролик әзірленді, оның ішінде жарақат алған қызметкерлердің қатысуымен өндірістік қауіпсіздік мәселелерінде оң ерекшеленген қызметкерлердің отбасы мүшелеріне 639 Ақпараттық хат жолданды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша портфельдік компаниялармен бірлесіп іске асырылған іс-шаралардың нәтижелері 2023 жылмен салыстырғанда зардап шеккендердің жалпы санының 21%-ға төмендеуі болды. LTIF жарақат деңгейі 2023 жылғы 0,14-тен 7%-ға төмендеп, 0,13-ке жетті.