Персоналды басқару
Қор компаниялары тобында персоналды басқару Қордың Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ кадр саясатына (бұдан әрі - Кадр саясаты) сәйкес жүзеге асырылады. Кадр саясаты халықаралық тәжірибелерді ескере отырып әзірленді, Қор компаниялары тобы қызметкерлерінің мүдделерін көрсетеді және Қор компаниялары тобының білікті, құзыретті және уәжді персоналға деген қажеттілігін қанағаттандыруға, сондай-ақ Қор компаниялары тобының қызметкерлері үшін қажетті еңбек жағдайлары мен қолайлы орта жасауға бағытталған.
Кадр саясатына сәйкес Қор тобында қызметкерлерді іріктеу жөніндегі міндетті іске асыру шарттарының бірі тарту және іріктеу кезінде инклюзивтілікті қамтамасыз ету болып табылады: ұлттық, жыныстық, жас және басқа да белгілер бойынша кемсітушілікке жол бермеу.
Гендерлік теңдік және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері Қазақстан үшін басым болып табылады және Қор бұл бастамаларды белсенді қолдайды, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен (бұдан әрі – Ұлттық комиссия), сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.
2024 жылы Қор БҰҰДБ-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осы Келісім шеңберінде Қызылорда облысы халқының әлеуметтік осал санаттарынан шыққан 100 жас адамға арналған жоба іске асырылды. Жоба қатысушылары үшін "Гендерлік теңдік" бағдарламасының түлектері, көшбасшы әйелдер күшімен онлайн шеберлік сыныптары мен практикалық семинарлар ұйымдастырылды.
Соныме Сонымен қатар, Қор қоғам алдындағы өзінің әлеуметтік жауапкершілігін түсіне отырып, Қор тобында мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылдың басында Қордың инклюзия саласында жүргізіп жатқан жұмысы шеңберінде 2024 жылға арналған «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша тиісті жол картасы әзірленіп, бекітілді, оны іске асыру нәтижесінде 2024 жылы 581 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды. 2024 жылдың соңында Қордың портфельдік компанияларымен еңбек қатынастарында тұрған мүгедектігі бар адамдардың саны 3 052 адамды құрады.
2024 жылы білімді холдингішілік жүйелеу және сапалы кадрлық әлеуетті қалыптастыру мақсатында корпоративтік форматта оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жалғастырылды, оның ішінде өзін-өзі дамыту, оқыту іс-шаралары, тәлімгерлік, коучинг, іске асырылып жатқан HR-жобалар және Қор компаниялары тобының ішінде кәсіби қауымдастықтарды қалыптастыру арқылы жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, мамандарды, әсіресе жас таланттарды тарту және сақтау мақсатында жұмыс берушінің корпоративтік мәдениеті мен брендін дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2024 жылдың соңында Қордың компаниялар тобында 35 жасқа дейінгі 76 мыңнан астам жас маман бар. Жастармен жұмыс істеудің жүйелі тәсілі жас мамандардың зияткерлік және кәсіби дамуына баса назар аударумен қамтамасыз етіледі.
Жастар саясатын қолдау жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қор «Жеті қадам» бағдарламасын іске асыруды жалғастырды. Осы бағдарлама аясында қатысушылар компаниялардың кадрлық және техникалық комитеттерінде қорғаған жеке жобалармен жұмыс жасады. Қордың Портфельдік компаниялары іске асыруды бастаған 15 жобаны таңдап алды.