Өндіріс және кен өндіру

Уран өндірудегі әлемдік көшбасшылық
Қазақстан өзін уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы ретінде танытып, әлемдік көлемнің шамамен 39%-ын қамтамасыз етті.
Қазатомөнеркәсіп әлемдегі табиғи уранның жетекші өндірушісі ретінде ерекшеленеді және аса маңызды ресурстық базалардың біріне басымдықпен қол жеткізе алады. Компания жерасты ұңғымаларын шаймалау әдісіне жарамды уран кен орындарын пайдаланады, бұл экономикалық тұрғыдан тиімді және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз өндіру әдісі болып табылады. Бұл өндіруші активтерді пайдаланудың ұзақ мерзімімен қатар, Қазатомөнеркәсіпке уран өндірудің ең төмен құнының арқасында әлемдік нарықта көшбасшы позицияларды қолдауға мүмкіндік береді.
2018 жылдың қараша айынан бастап Қазатомөнеркәсіптің акциялары «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қор биржаларында және Лондон қор биржасында белсенді түрде саудаланады.
2024 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Көрсеткіш | 2023 | 2024 |
---|---|---|
Өндірістік көрсеткіштер, мың тонна: | ||
Уран өндірісінің көлемі | 21,1 | 23,2 |
Уранды өткізу көлемі | 18,1 | 16,7 |
Қаржылық көрсеткіштер19, млрд теңге: | ||
Түсім | 1 434,6 | 1 813,4 |
Дивидендтер | 200,9 | 314,6 |
Таза пайда | 580,3 | 1 132,1 |
Операциялық пайда | 680,8 | 806,8 |
Таза қарыз | 125,5 | 144,5 |
Төленген салық көлемі | 279,3 | 432,2 |
Тұрақты даму көрсеткіштері: | ||
Парниктік газдар шығарындылары (1+2 қамту аймағы), мың тонна | 717,3 | 644,2 |
Жазатайым оқиғалар | 4 | 3 |
Өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар | 0 | 0 |
2018-2028 жылдарға белгіленген негізгі стратегиялық мақсаттарға мерзімінен бұрын қол жеткізу нәтижесінде және ядролық саладағы түбегейлі өзгерістерді ескере отырып, өткен жылдың басты оқиғаларының бірі Компанияның Директорлар кеңесінің ресурстық базасын ұлғайтуға, ядролық отын циклінде қатысуын кеңейтуге, сирек және сирек жер металдарының бағытын дамытуға және сатуды әртараптандыру және трейдингтік функциясын күшейтуге бағытталған 2025-2034 жылдарға арналған жаңартылған даму стратегиясын бекітуі болды. Компанияның шоғырландырылған түсімі бір жыл ішінде 1,8 трлн теңгеден асты, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 26%-ға артық, бұл негізінен «Үлбі-ТВС» ЖШС-нің 2024 жыл ішінде жылу бөлетін құрастырмаларды жеткізу көлемінің ұлғаюына сәйкес байытылған уран өнімін сатудан түсетін кірістердің өсуі мен сатудың орташа бағасының артуына байланысты болды.
Операциялық пайда 807 млрд теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 19%-ға ұлғайып, сатудың орташа бағасының өсуін көрсетті. Бір жылдағы таза пайда 1 132 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 95%-ға артық.
2024 жылы Қазатомөнеркәсіп уранды алғашқы өндірудің әлемдік көлемінің шамамен 21%-ын қамтамасыз ете отырып, ірі уран өндірушінің көшбасшылық жағдайын растады. Өндіріс көлемі өндіру жоспарының ұлғаюына байланысты 2023 жылдың ұқсас көрсеткіштерінен асып, 10%-ға ұлғайып, 100%- дық негізде 23 270 тоннаны құрады. Негізгі өсімді «Буденовское» БК» ЖШС, «Ақбастау» БК» АҚ және «Қаратау» ЖШС қамтамасыз етті.
2024 жылы Компания уран өнімдерін тікелей және «Trade House KazakAtom AG» еншілес компаниясы арқылы 9 елде 21 тұтынушыға (2023 жылы - 9 елде 23 тұтынушыға) өнім жеткізіп, сатты.
Сонымен қатар, шоғырландырылған сату көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 8%-ға азайып, 16 670 тоннаға жетті.
Уранның спот бағасының айтарлықтай өсуі орташа сату бағасының бір килограмм уран үшін 84,733 теңгеге (U3O8 фунты үшін 69,48 АҚШ доллары) дейін өсуіне ықпал етті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30%-ға жоғары.
2024 жылғы негізгі жетістіктері екі жаңа клиентті тарту, жаңа елмен келісімшарт жасау арқылы жеткізу географиясын кеңейту, сондай-ақ байытылған уран өнімі түріндегі сату көлемін ұлғайту болып табылады
КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Жылына 800 мың тоннаға күкірт қышқылы зауытын салу жобасын іске асыруда. Жоба Қазақстандағы күкірт қышқылының тапшылығын жоюға және оның импортына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Бір мезгілде қосымша 30 МВт электр энергиясын өндіру және халықаралық экологиялық және энергия үнемдеу стандарттарын сақтай отырып, өндірістің заманауи технологияларын енгізу қамтамасыз етіледі. Жоба салық түсімдерін жыл сайын 4 млрд теңгеден астам ұлғайтуды және 500 жұмыс орнын құруды көздейді.
2024 жылғы қаңтарда жобаның ТЭН-і аяқталды, жобаны іске асыру келісімдеріне, offtake- шартына және стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды.
Жобаны іске асыру мерзімі - 2023-2026 жж.

ЖАЛПАҚ ЖЕРҮСТІ ӨҢДЕУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
2024 жылдың маусым айында Қазатомөнеркәсіп Жалпақ кен орнында уран өндіруге жаңа келісімшарт алды, ол «Орталық» ПД» ЖШС- не берілді. Құрамында уран бар тауарлық десорбаттың күкірт қышқылы ерітіндісін алуды қамтамасыз ету мақсатында өндірістік қуаты жылына 900 тонна болатын Жалпақ кен орнының жерүсті өңдеу кешенін салу жөніндегі жоба іске асырылуда. Жоба уран өндіру көлемін кеңейтуге, өндірістік және өңдеу қуаттарын дамытуға бағытталған. Оны іске асыру аймақтың экономикалық дамуына, оның ішінде пайдалану кезеңінде 260-қа жуық жаңа жұмыс орындарын құруға оң әсер етеді. Бюджетке айтарлықтай салық түсімдері де күтілуде.
Жобаны іске асыру мерзімі - 2022-2027 жж.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЯДРОЛЫҚ ОТЫНДЫ ЖЕТКІЗУ
2024 жылы «Үлбі-ТВС» ЖШС құрамында 170 тоннадан астам төмен байытылған уран бар жылу бөлетін жинақтардың (бұдан әрі - ЖБЖ) бес партиясын жеткізуді сәтті жүзеге асырды. Барлық жеткізілген ЖБЖ қабылдау бақылауынан өтті және оны ҚХР-дағы атом электр станциясы қабылдады.
ЖБЖ зауытының өнімі ҚХР-да CGNPC атом электр станциясы үшін 2040 жылға дейін жеткізілетініне кепілдік беріледі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Үлбі-ТВС» ЖШС ЖБЖ түрінде жылына 200 тонна төмен байытылған уран көлемінде өндірістің жобалық қуатына шықты.
СИРЕК ЖӘНЕ СИРЕК ЖЕР МЕТАЛДАРЫНЫҢ ДАМУЫ
Сыни минералдарға әлемдік сұраныстың артуы жағдайында Қазатомөнеркәсіп сирек және сирек жер металдары бағытында қызметті кеңейтуде. «ҮМЗ» АҚ Ұлытау облысындағы Линейный және Родниковый учаскелерін барлауға лицензия алды. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу сирек металдар қорларын бағалауға және растауға бағытталған.
Уран өндірісінен сирек металдарды ілеспе алу мүмкіндіктері зерттелуде. 2024 жылы техникалық тазалықтағы аммоний перренатын алу бойынша жылжымалы қондырғының тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтары аяқталды, өндірістік учаскені жобалауға дайындық жүргізілуде. Сондай-ақ, 2024 жылы аммоний метаванадат концентратын алу үшін ванадий алу технологиясы әзірленді.

ТҰРАҚТЫ ДАМУ
2024 жылы Компанияда Компанияның Директорлар Кеңесі бекіткен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жаңа редакциядағы 2024-2030 жылдарға арналған Тұрақты даму саласындағы бағдарлама әзірленді.
2024 жылғы желтоқсанда Corporate Sustainability Assessment сауалнамасы негізінде S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазатомөнеркәсіпті 48/100 деңгейінде бағалады, бұл ретте ESG жалпы бағасы 50 балды құрады. Қазатомөнеркәсіптің бағасы өткен жылдан 7 баллға жоғарлады және саланың орташа көрсеткіштерінен екі есе артық болды, бұл компанияның көшбасшылық ұстанымы мен тұрақты даму стратегиясының тиімділігін растайды.
Сондай-ақ, 2024 жылы Қазатомөнеркәсіп «Климаттың өзгеруі» бағыты бойынша («B» деңгейінде) және алғаш рет «Су қауіпсіздігі» бағыты бойынша «C» деңгейінде) CDP («Carbon Disclosure Project») климаттық рейтингі шеңберінде деректерді жариялады.
2024 жылдың қазан айында Қазатомөнеркәсіп Statista статистикалық ұйымымен бірлесіп өткізілген Time Magazine халықаралық журналының зерттеу нұсқасы бойынша «Тұрақты өсу саласындағы әлемнің үздік компаниялары» (World’s Best Companies – Sustainable Growth) ТОП-500 тізіміне енді. Қазатомөнеркәсіп рейтинте 126-шы болып, ресурстар мен инфрақұрылым өндірісі секторындағы компаниялар арасында 6-шы орынды иеленді. Компания осы тізімге енген жалғыз қазақстандық компания болып табылады. Бұл тұрақты даму саласындағы үздік тәжірибелерді енгізудің оң нәтижелерін көрсететін Қазатомөнеркәсіп үшін елеулі жетістік болып табылады.

2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР
Қазатомөнеркәсіптің 2025 жылға арналған жоспарлары нарыққа бағдарланған стратегияға сәйкес келеді. 2025 жылы уран өндіру көлемі 25 000-нан 26 500 тоннаға дейін болады деп күтілуде, ал шоғырландырылған сату көлемі 17 500-ден 18 500 тоннаға дейін болады деп болжануда. Компанияның қаржылық нәтижелеріне логистикалық қиындықтарды, ҚР Салық заңнамасындағы өзгерістерді және әлеуметтік аударымдардағы ықтимал өзгерістерді қоса алғанда, әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін.
Компания 2025 жылы жер қойнауын пайдалану келісімшарттарында белгіленген деңгейлермен салыстырғанда уран өндіруші кәсіпорындар өндірісінің ауытқу пайызы әр түрлі болады, бірақ рұқсат етілген ауытқу шегінде 20%-ға сақталады деп күтеді.
Тау-кен металлургия өнеркәсібі

Компания төмендегі мақсаттар үшін құрылған:
- пайдалы қатты қазбаларды барлау, игеру, өндіру, өңдеу және өткізу саласында жер қойнауын пайдалану бойынша тиімді қызметті қамтамасыз ету;
- тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарының қоғамға берілетін акциялар пакеттерін тиімді басқару;
- республиканың минералдық-шикізат базасының өсімін молайту
Тау-Кен Самұрық геологиялық барлау, өндіру және өндірістік жобаларды басқарады және жүзеге асырады.
2024 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Көрсеткіш | 2023 | 2024 |
---|---|---|
Өндірістік көрсеткіштер, тонна: | ||
Алтын өндірісінің көлемі | 52,2 | 54,6 |
Күміс өндірісінің көлемі | 5,2 | 6,1 |
Алтын өткізу көлемі | 48,7 | 56,5 |
Күміс өткізу көлемі | 9,1 | 6,1 |
Қаржылық көрсеткіштер20, млрд теңге: | ||
Түсім | 816 | 1 263,3 |
Дивидендтер | - | - |
Таза пайда | -47,3 | 70,5 |
Шығындар | 817 | 1 258 |
Операциялық пайда | -1,1 | 5,9 |
Таза қарыз | 83 | 58 |
Төленген салық көлемі | 1,6 | 1,1 |
Табыс салығы, төленген | 0,7 | 0,5 |
Басқа салықтар мен төлемдер | 0,9 | 0,6 |
Тұрақты даму көрсеткіштері: | ||
Атмосфераға шығарындылар, тонна | 127,62 | 73,75 |
Жазатайым оқиғалар | 0 | 0 |
Өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар | 0 | 0 |
2024 жыл Компания үшін инвестициялық жобаларды белсенді дамыту және стратегиялық серіктестерді тарту жылы болды. Жыл қорытындысы бойынша мынадай негізгі оқиғаларды атап өткен жөн:
- Қостанай облысындағы «Ақбұлақ» учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін Cove Capital тартылды.
- ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Тау-кен Самұрық, KIGAM геологиялық институты және кореялық SK Ecoplant компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
- Алтын өндіру бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді - 54,6 тонна.
- «Қызылқайың» жобасына қатысу үлесі жүзеге асырылды.
- «Ulmus Besshoky» ЖШС серіктесімен мәміле жасалды.
- Инвестиция алдындағы дайындық аясында Шалқия және Алайғыр жобалары бойынша қарыздар өтелді («Алайғыр» БК» ЖШС және «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ ҚР Үкіметінің 29.12.2020 жылғы №908 қаулысын жекешелендіру периметріне енгізілді).
- Ордабас алаңында мыс пен ілеспе компоненттерді барлауға лицензия алынды, бұл ресурстық базаны дамытудағы маңызды қадам болды.
2024 жылы Тау-Кен Самұрық жетекші шетелдік компаниялармен бірлескен геологиялық барлау жұмыстары аясында халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастырды.
Discovery Ventures Kazakhstan Ltd. компаниясымен бірлесіп полиметалл кен орындарын іздеу жобасы жүзеге асырылуда. Үш лицензиялық учаскені зерттеуді жалғастыру туралы шешімдер қабылданды.
Түркияның Esab компаниясымен ынтымақтастық аясында мыс кен орындарын іздеу жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы Ақтөбе облысындағы учаскеге лицензия алынды, ғылыми өңдеу зерттеулері жүргізілді, перспективалы учаскелерде топырақ сынамалары алынды, жердегі геофизикалық IP/ Res зерттеулері жүргізілді, сондай-ақ бұрғылау жұмыстары басталды. Бұрғылау нәтижесінде жынысөзек үлгілері зертханаға берілді.
АФФИНАЖ ЗАУЫТЫ
Алтын өндірісінің көлемі құрамында алтыны бар шикізат жеткізілімінің өсуіне байланысты 2023 жылмен салыстырғанда 2,4 тоннаға өсіп, 2024 жылы 54,6 тоннаны құрады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша тазартылған күмісті өндіру және сату көлемі 6,1 тоннаны құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 0,9 тоннаға артық.
Стратегияны орындаудағы маңызды қадамдардың бірі өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу цехын пайдалануға беру болды. Одан 37,8 кг алтын және 48,3 кг күміс алынды.
Өнімнің жоғары сапасы мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін растау үшін Орталық зауыт зертханасы Лондонның бағалы металдар нарығы қауымдастығының (LBMA) проактивті мониторингінен сәтті өтті.
СИРЕК МЕТАЛДАР МЕН СИРЕК ЖЕР ЭЛЕМЕНТТЕРІ СЕКТОРЫНЫҢ ДАМУЫ
СМ және СЖЭ секторын дамытуға бағытталған Компанияның негізгі жобалары:
- Ақбұлақ учаскесіндегі сирек жер элементтері - жоба магниттер (неодим, диспрозий, тербиум) өндіру үшін СЖЭ өндіруге бағытталған. 2025 жылы бұрғылау және технологиялық зерттеулер жоспарланған. Жоба Cove Capital компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
- Құрамында Литий бар Арал теңізінің тұзды ерітінділері - KIGAM компаниясымен (Оңтүстік Корея) бірлесіп іздеу жұмыстарын жүргізуде. 2024 жылы зертханалық зерттеулер жүргізілетін 300 сынама алынды.
- «Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты» вольфрам жобасы - Қытайдан тыс ең ірі вольфрам кен орындары (1,4 миллион тонна WO₃). Тәуелсіз кеңесшілер мен стратегиялық серіктестерді тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР
2025 жылы полиметалл кен орындарын іздеу жобасы бойынша одан әрі ғылыми өңдеу және геофизикалық жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, 2025 жылы мыс кен орындарын іздеу бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жалғастыру жоспарда бар.
2025 жылы Компания жаңа инвестициялар тартуды және перспективалы жобаларды дамытуды, өндірістік тиімділікті жақсартуды, серіктестік қатынастарды дамытуды және халықаралық нарықтарда қатысуын кеңейтуді жалғастырады.
